«Дене тәрбиесін оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы



бет17/28
Дата20.05.2022
өлшемі173,55 Kb.
#35136
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
Нормостениктер-екеуінің арасында орналасатын тип.

Басқа классификация бойынша адамның дене құрылысы тағы да үш түрге бөлінеді:



  1. Долихоморфты –биік, орта бойдан жоғары, денесі қысқаша келген, көкірек қуысының шеңбері кішілеу, иық белдеуі орташа немесе тарлау келген, аяқтары ұзын, жамбастың еңкейу бұрышы аз.

  2. Брахиморфты-орташа немесе бойы одан да кіші, денесі ұзыншалау, көкірек қуысының шеңбері үлкен, иық елдеуі кеңірек, аяқтары қысқа, жамбастың еңкейу бұрышы үлкен.

  3. Мезоморфты-орташа, жоғарғы екі типтің орта шенінде орналасады.

Нәсіл бойынша бүкіл адамзатты үш үлкен нәсілге бөледі:



  1. Экваториальді немесе астрало-негроидты;

  2. Евразиялық немесе европеоидты

  3. Азиялық-американдық немесе монголоидты.

Тірі табиғат біртекті емес, тұтас жүйе бұған иерархиялық ұйымшылдық тән. Бұнда бірнеше деңгейді аңғаруға болады:



  1. 0,1 мм-ден үлкен-мүшелер: ағза (ұйымшылдық деңгейі) –мүшелі (зерттеу деңгейі) –анатомиялық;

  2. 100 мкм-10 мкм (зерттеу объектілерінің мөлшері) – (зерттеу объектісі) –ұлпалар-(ұйымшылдық деңгейі) –ұлпалық –(зерттеу деңгейі)-гистологиялық;

  3. 10-0,2 мкм (200 нм)-жасушалар-жасушалық –цитологиялық;

  4. 200-1 нм-жасуша компоненттері-субжасушалық-ультраструктуралык;

  5. 1 нм- биополимерлер молекуласы-макромолекулярлы –физика-химиялық

Жасушалардың пішініне қарай эпителийді: жалпақ, бағана тәрізді, призма тәрізді немесе цилиндр тәрізді және текше эпителий деп бөлінеді.



  1. Бір қабатты жалпақ эпителий (мезотелий) –серозды қабықшалары бар құрсақ қуысын, плевраны және перикардты жауып жатыр.

  2. Бір қабатты текше эпителий –бүйректердің арнашықтарын, бездердің көптеген тармақтарын және ұсақ бронхыларды астарлап жатыр.

  3. Бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий –қарынның шырышты қабығын, ішектердің, жатырдың және басқа да мүшелерді астарлап жатыр. Бұндағы эпителий бокал тәрізділері кездеседі, шырыш бөліп шығарады. Жатыр мен жатыр түтікшелерінің эпителий жасушалары кірпікшелермен жабдықталған.

  4. Бір қабатты көп қатарлы кірпікшелі эпителий-ұзындықтары әртүрлі, сондықтанда бұлардың ядролары әр деңгейде және бірнеше қатар болып орналасады. Бұлар мұрын қуысын, көмейді, трахея мен бронхыларды астарлап жатыр.

  5. Көп қабатты жалпақ эпителий-теріні, ауыз қуысын, өңешті, көздің мүйізді денесін, бөліп шығару мүшелерін жауып жатыр. Бұл эпителийдің үш түрі бар: мүйізделген, мүйізделмеген және өтпелі.

  6. Безді эпителий-жасушалардың әртүрлі пішінімен берілген, бөліп шығару қасиеті бар-секрет бөліп шығарады.

  7. Дәнекер ұлпалар-жасушааралық заттар жақсы берілген, бұлар әдейі аморфты және дәнекер ұлпалы талшықтардан тұрады. Бұл топқа дәнекер, шеміршек және сүйек ұлпалары кіреді. Бұлардың шығу тегі (мезенхимадан) дәнекер ұлпасымен бірге қан және лимфа да кіргізіледі.

  8. Нағыз дәнекер ұлпаға-бір топ ұлпалар кіреді, оларға жататындар: іркілдек талшықты дәнекер ұлпа, тығыз талшықты дәнекер ұлпа, ретикулярлы дәнекер ұлпа т.б. Дәнекер ұлпа ағзада әртүрлі қызмет атқарады. Ішіндегі негізгілері-механикалық, трофикалық және қорғаныс қызметін атқаратындар.

  9. Іркілдек талшықты дәнекер ұлпа-қан тамырлар мен көпшілік мүшелердің сүйеніші ретінде кездеседі. Бұл тек тірек емес, сонымен бірге зат алмасу үрдісіне де қатысады. Бұл ұлпаның жасушааралық заты негізгі затын құрайды, коллаген және серпімді талшықтардан тұрады

  10. Тығыз талшықты дәнекер ұлпа-жасушааралық заттың негізгі тығыз орналасқан талшықтары ретінде көптеп кездеседі. Жасушалар бұнда аз болады. Тығыз талшықты дәнекер ұлпа –қалыптасқан және қалыптаспаған болып екіге бөлінеді. Қалыптаспаған ұлпада коллаген және серпімді талшықтар қиылысып әртүрлі бағытта орналасады. Бұл ұлпа теріні құрайды (оның тор қабатын). Қалыптасқан ұлпада коллаген талшықтары параллель орналасып бір буда тәрізді. Бұл ұлпадан сіңірлер, байламалар, фасциялар және басқа мүшелердің қабықша бөлігінен тұрады.

  11. Майлы ұлпа-тері астының майлы қабатын түзеді, іш майда кездеседі, кейбір мүшелердің айналасында орналасуы мүмкін (мыс. бүйрек айналасында).

  12. Шеміршек ұлпа-бұл да дәнекер ұлпаның бір түрі, жасушалардан тұрады және көп мөлшерде тығыз жасушааралық затты құрайды. Шеміршек ұлпалар немесе оны хондроциттер деп те атайды. Пішіні сопақша, домалақ болуы мүмкін, орналасқанда бір-бірлеп немесе топ-топ болып қуыстарда жасушааралық заттан құралады.

  13. Гиалин шеміршегі-бүкіл буындар шеміршегін құрайды, қабырға шеміршегі, ауа жүретін жолдардың қабырғалары осы ұлпамен берілген. Ол көкшіл-ақ түсті, тығыз және жартылай мөлдір болады. Қарт адамдарда гиалин шеміршегі әкке айналуы мүмкін.

  14. Серпімді шеміршек-құлақ қалқанын, көмейдің шеміршектерін, есту түтікшесінің шеміршегін түзеді. Ол сарғыш түсті. Бұлар әкке айналмайды.

  15. Талшықты шеміршек-омыртқааралық дискілерді, қасаға симфизінің шеміршегін құрайды. Бұлар төс-бұғана және самай-төменгі жақ байланыстарында да кездеседі.

  16. Сүйек ұлпасы-дәнекер ұлпаның ерекше бір түрі. Тірек және қорғаныс қызметімен бірге қозғалуда бастырық рөлін атқарады. Сүйек ұлпасы минеральді заттар (кальций мен фосфор) қоры болып есептеледі. Бұл басқа ұлпалар сияқты жасушалар мен жасушааралық заттардан тұрады. Сүйек ұлпасының жасушасын-остеоциттер деп атайды (osteon- сүйек, sytis-жасуша) және пішіні өсінді тәрізді. Дамып келе жатқан сүйектерде остеоциттерден басқа остеобластар мен остеокластар (blastos-ұрық, clao-қирату, талқандау) бар. Сүйек ұлпасының жасушааралық заттары – негізгі минералды тұздардан және талшықтардан тұрады. Талшықтар-коллаген, бірақ оларды оссеин деп атайды.

  17. Қан (sanguis, haema)-жасушааралық сұйық заттан-плазмасы мен қалқып жүрген пішінді элементтерден тұрады.

  18. Лимфа

  19. Бұлшық ет ұлпасы

  20. Нерв ұлпасы



Сүйектер туралы ілім (osteologia)
Cүйек ұлпасы. Сүйек-мүше. Құрылысы. Жасына байланысты ерекшеліктері. Сүйек байланыстары және олардың өзгеруі.

Салыстырмалы анатомияның қорытындыларына қарағанда, қаңқа сүйектері тарихи даму кезінде үш сатыдан (жарғақты, шеміршекті, сүйекті) өткендігі байқалады. Шеміршек пен сүйек жануарлардың судан құрлыққа шығып тіршілік етуіне байланысты дамып жетілген мүшелеріне жатады. Омыртқалы жануарлар мен адамдардың да кейбір сүйектерінен шеміршектерді кездестіреміз.


Сүйек мүше, өйткені ол бірнеше ұлпалардан түзілген. Барлық сүйектердің сыртында сүйек қабығы бар. Бұл жұқа, бірақ дәнекер ұлпадан тұратын тығыз қабат. Буын беттерінде ғана қабығы болмайды, олар шеміршектен түзілген.
Сүйек қабығы, сүйектің өте қажетті бөлімі, оған қан тамырлары мен нервтер арнаулы тесіктері арқылы еніп қоректендіреді және нервтендіреді.
Сүйектің сыртқы бөлігі тығыз немесе жинақы заттан түзілген, оның астында кемік зат орналасқан. Тығыз қатты қабатының қалыңдығы сүйекке түсетін күшке байланысты, тығыз заттар, әсіресе сүйектің орта (диафиз) бөлімінде қалың болады. Кемік зат бірнеше жұқа сүйекті қабыршақты тақташықтардан тұрады. Тақташықтардың орналасу тәртібі сүйекке түсетін күштің сығу, созылу бағыттарына сәйкес келеді. Бұндай құрылыс, сүйекке беріктік пен жеңілдік қасиет береді. Ұзын сүйектердің тек екі ұшы (эпифиздері), ал қысқа, жалпақ сүйектер тұтасымен және аралас сүйектердің кейбір бөліктері кемік заттардан тұрады.
Сүйектің қатты заттары негізінен үш қабаттан тұрады. Олардың сырты бір-біріне қабатталып, айнала оршаған цилиндрлерден түзілген. Ол цилиндрлер сүйекті пластинкалардан (тақташықтардан) құралған.


Тұлға сүйектерінің дамуы және оның жасына қарай қалыптасуы
Қабырға ұрықтың эмбриогенездік дамуында екі айда шеміршекке айнала бастайды. Олардың жоғарғы 9 жұп қабырғаларының алдыңғы ұштары өзара қосылып, төс сүйегін түзе бастайды. Төстің сүйектенуі де ерте басталады. Туылғаннан кейін қабырғалардың омыртқаға жалғасатын артқы ұшындағы иіндері 2 жасқа дейін тереңдей береді. Қабырғаның толық сүйектенуі 15-20 жаста аяқталады. Төс сүйегінің тұтқа мен дене бөлігі 15-16 жаста, ал дененің семсер тәрізді өсіндісімен бірігіп кетуі 25 жастан кейін басталады.
Омыртқа бағанасы да дамуында үш кезеңді толық өтеді. Омыртқалардың денесі мен доғаларында сүйектену нүктелері екі айлық эмбриогенездік дамуда-ақ басталады. Мойын, көкірек, бел омыртқа бөлімдерінде сүйектену 20 жаста, сегізкөзде 25 жаста, құйымшақта 30 жаста аяқталады.
...ер балаларда омыртқа бағанасының өсуі 20 жаста толық тоқтайды, ал қыздарда 18 жаста-ақ өсу тоқталады. Орта есеппен омыртқа жотасының ұзындығы ер адамдарда 70-73 см, әйелдерде 66-69 см. Омыртқа бағанасының түтігі 5 жасқа дейін өте тез кеңейіп 10 жаста тоқталады.

...Омыртқа жотасының екі иіні (дөңесі) алға қараған, оны мойын және бел лордозы дейді. Ал қалған екі иіні (дөңесі) артқа қараған, оны кеуде және сегізкөз кифозы деп атайды.


Мойын мен көкіректің иіндері 7 жаста, ал бел иіндері 12 жаста тұрақты болып қалыптасады.


Қол мен аяқ сүйектерінің онтогенезі

Эмбриогенездік даму кезінде қол мен аяқ сүйектері шамамен үш апта болғанда, қалаққа ұқсап пайда болады. Екі айлық кезінде қол-аяқтың үш бөлімі де, саусақтары да пайда болады. Қол-аяқ сүйектерінің бұғанадан басқа барлық сүйектер үш (жарғақ, шеміршек және сүйекті) кезеңнен өтеді.


Бұғана сүйегі ұрықтың 6-7 апталық кезінен сүйектене бастаған кезде оның эпифиз бөлімі толық сүйекке айналады. Жауырын ұрықтың 2 айлығында шеміршектеніп, ал туғанда, оның денесі мен қыры сүйектенген болады. Бұл сүйектердің толық сүйектенуі 18-25 жаста бітеді.
Тоқпан жілік, шынтақ пен кәріжілік туған кезде олардың диафиздері сүйекті, ал эпифизі шеміршекті болады. Бұл сүйектердің эпифиздері 11-13 жаста сүйектеніп, оның диафизбен бірігуі 20-24 жастарда аяқталады. Тоқпан жіліктің төменгі басының сүйектенуі 15-18 жаста аяқталады.
Жаңа туған нәрестелерде білезік сүйектері болмайды, олар алғашқы бір жастың ішінде шеміршекті болып дамиды. Білезік сүйектерінің сүйектену орталықтары: томпақ және ілмек сүйектерде 3-5 айда, 2-3 жаста-үш қырлы сүйекте, 3-4 жаста-жарты ай тәрізді сүйекте, 4-5 жаста-қайық тірізді сүйекте, 4-6 жаста-көп қырлы сүйектерінде пайда болады. Бұршақ тәрізді сүйектің сүйектену орталығы 5-15 жаста басталады.
Саусақ сүйектерінде алғашқы сүйектену орталықтары олардың диафизінде басталады. Сүйектену тырнақ сүйектерінде-ұрықтың екі айлығында, ал орталық және негізгі бақайшақта туғаннан кейін 3-4 айдан соң басталады.
Жаңадан туған нәрестелерде жамбас сүйектері үш бөлек сүйектен түзілген болады. Алғашқы үш жастың ішінде артқы жағы төмен түсіп, алдыңғы жағы көтеріліп көлденең күйіне келеді. 7-8 жаста шат сүйектері бірігеді. 14-16 жаста жамбастағы үш сүйек толық қосылады. Жамбастың тұтас сүйекке айналуы 20-25 жаста бітеді.
Ортан жіліктің эпифиздері шеміршекті болады. Оның сүйектенуі, мысалы үлкен ұршығы 3-4 жаста, ал кіші ұршығы 9-12 жаста басталып, толық сүйектенуі 17-20 жаста аяқталады. Үлкен жіліншіктің жоғарғы ұшы 3-5 жаста, ал төменгі басы-2 жаста сүйектенеді. Тізе тобығы 3-5 жаста сүйектеніп, 10 жаста толық жетіледі. Аяқтағы жіліктердің диафизі мен эпифиздерінің бірігуі 18-24 жаста аяқталады.
Аяқ басы сүйектерінің сүйектенуі мына тәртіпте жүреді. Өкше және топай сүйектері ұрық дамуының 7-8 айында, текше тәрізді-туар кезде, үшінші сына тәрізді-1 жаста, бірінші сына тәрізді- 1,5-2 жаста, екінші сына тәрізді -3-4 жаста, ал қайық тәрізді сүйек-4-5 жаста сүйекке айналады. Табан және башпай сүйектерінің диафизі мен эпифиздерінің бірігуі ер балаларда 17-21 жаста, ал қыздарда 14-19 жаста бітеді. Буындардың да толық бекуі 22-25 жасқа келгенде жетіледі.


Адамның қаңқасы. Тұлға сүйектері. Омыртқаның құрылысы. Кеуде қуысы. Қабырға. Төс сүйегі. Тұлға сүйектерінің байланысы

Адамның қаңқасы: тұлға сүйектері (омыртқалар, қабырғалар, төс), бас сүйегі (ми сауыты, бет), қолдың қозғалмайтын иық белдеуі (жауырын, бұғана), қолдың еркін қозғалатын бөлігі (қар, білек, қол басы), аяқтың қозғалмайтын жамбас белдеуі (жамбас) және аяқтың еркін қозғалатын бөлігі (ортан жілік, сирақ және аяқ басы) болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет