Әож 821. 512. 122 31 мектеп жасына дейінгі балалардың СӨздік қорын арттырудың тиімді әдістері



Pdf көрінісі
Дата30.12.2016
өлшемі232,64 Kb.
#816

ӘОЖ 821.512.122 - 31

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН АРТТЫРУДЫҢ 

ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

Галиева А.Н., филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Ахметова Г.Б., аға оқытушы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ., 

nurai_gali@mail.ru

Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын оқу-тәрбие үрдісінде

тиімді әдістерді пайдалана отырып арттыру жолдары қарастырылады.

В   статье   рассматривается   проблема   развития   словарного   запаса   детей

дошкольного возраста посредством использования активных методов обучения в учебно-

воспитательном процессе. 

The article deals with the problem of vocabulary of preschool children through the use of 

active learning methods in the educational process.

Кілт сөздер. Сөздік қор, сөйлеу ортасы, педагогикалық ықпал.

Бала тілін дамыту мәселесі үнемі даму үстінде, жаңа ғылыми зерттеулермен, жаңа

идеялармен   толығуда.   Соңғы   кездегі   ғалымдар   еңбегінде   тіл   дамыту,  тіл   дамытудағы

әдістер,   тездетіп   оқыту,   тілдік   қатысымға   үйрету   жаңа   техника   мен   жаңа   оқыту

технологиясы туралы пікірлер басым орын алуда. 

Жеке   адамның   қалыптасуы   көбіне   педагогикалық   ықпал   етуге   және   оның

қаншалықты   ерте   басталуына   байланысты.   Балабақша   бастауыш,   орта   және   жоғары

мектептердің   іргетасы,  аса   маңызды   буындарының   бірі   ретінде   халық   ағарту  жүйесіне

енгізілген.

Балабақша балалардың жан-жақты дамуын — дене, ақыл-ой, адамгершілік және

эстетикалық тәрбие беру мәселелерін алдына мақсат етіп қояды, оны тілді үйрету үдерісі

кезінде жүзеге асырады. Тілге үйретудің мазмұны, жұмысты ұйымдастыру мен оқытудың

негізгі әдістері «Балалар бақшасынадағы тәрбие бағдарламасында» анықталған. Мектепке

дейінгі   балалардың     тілін   дамыту   жұмысы   балабақшада   өтілетін   барлық   сабақтарда

(шығарма   оқу,  сауат   ашу,  сурет,  математика,   музыка,   дене   шынықтыру,  т.б.)   баланың

жасына қарай жүргізіледі.

«Балалар   бақшасындағы   тәрбие   бағдарламасында»   көрсетілген   «Тіл   дамыту»

сияқты сабақтар балаларға өз сөзін «аңғаруға», оған объективті болып жатқан құбылыс

ретінде қарауға және сөздің сапасын бағалауға бірте-бірте үйретуге көмектесу мақсатын

көздейді.

Тіл   үйренуде   ортаның   үлкен   қызмет   атқаратыны   ғылымда   нақтылы   деректер

арқылы   дәлелденген.   Жас   бала   адасып   тоғайда   аңдар   арасында   қалғанда,   оның   қанша

жасқа келсе де сөйлей білмегенін ғалымдар нақтылы деректер арқылы  дәлелдеген. Ол

туралы көркем шығармалар да, кино шығарылғаны белгілі. Демек, сөйлеу ортасы - сөйлей

білудің негізгі шарты. Оқу, жазу жоқ кезде де адамдар сөйлеген және өте шешен адамдар

көп болғаны белгілі. Қазақ халқы да өзінің өткен замандардағы шешендері мен ақындарын

мақтан етеді. сөз өнерінің биік шыңынан көрінуде олардың өскен ортасы, өскен ортаның

сөйлеу үлгісі, халықтың өнер дәстүрі, оның үлгілік әсері болғаны сөзсіз. Мәселен, Төле

бидің әкесі Әлібек би болған, сондықтан Төле бидің сөйлеуге, шешен болуына отбасының

үлгісі күшті болған деуге болады. Сонда Төле бидің алғашқы сөйлеу тәжірибесі отбасынан

бастау  алған   деуге   болады.   Демек,   Төле   бидің   алгашқы   сөйлеу  ортасы   -   отбасы.   Бұл

ортадан бірсыпыра билер өткен.

Сөздік   қорын   дамытуда   қазір   ортаның   қажеті   бар   ма   деген   сұрақ   туады.   Оған

сөйлеу ортасы қазір де ауадай қажет деп жауап беріледі. Мәселен, қазір бірсыпыра ата-



аналар балаларын түгел білім үйренуге жарты жылға, бір жылға, қай тілді үйрену керек

болса,  сол  елге жіберіп  жатыр.  Бұл тілдік  ортаның  қажеттігінен  туған  әрекет. Осымен

байланыстырып   сөйлеу   ортасының   қажеттігі   туралы   шетел   тілін   оқытудың   маманы

Е.Пассов:   «Атмосфера   общения   является   ведущей   чертой   современного   урока

иностранного   языка.  Создание   этой   атмосферы   не   очередная   мода,   а   требование,

вытекающее из программных целей и закономерностей обучения. Если целью ставится

обучение   общению,   а   успешно   обучать   какой-либо   деятельностью   можно   жить   в

адекватных   условиях,   то   создание   атмосферы   общения   оказывается   насущной

необходимостью» - деген пікір білдіреді [1].

Ана   тілін   үйренуде,   байланыстырып   сөйлеуге   үйренуде,   сөздік   қорын   дамытуда

тілдік орта, сөйлеу үлгісі керек пе деген сұрақ туады. Оған жауап төмендегіше: сөйлесу

ортасынсыз, сөйлесу үлгісінсіз ешбір тілді меңгеру мүмкін емес. Сондықтан  А.Р. Лурия:

«...для   развития   речи   нужна   речевая   среда,   которая   дает   образцы   языка,   речевая

активность, речевая практика самых детей», - дейді [2]. Демек, тілдік орта сөйлеу үлгісін

үйрену   үшін,   сөйлесуде   ол   үлгіні   қолданып   жаттығу   үшін,   байланыстырып   сөйлеуді

қалыптастыру үшін керек.

Тілдік ортасыз, сөйлеудің жақсы үлгісінсіз ана тілінде де ешкім дұрыс сөйлеуді

меңгерген   емес.   Олай   болса,   баланы   байланыстырып   сөйлеуге   үйретуде   қандай   орта,

қандай  үлгі   керек   деген  мәселені  шешіп   алу керек.  Ол  үшін   бала  қандай   ортада   өмір

сүретініне,   оның   тілінің   дамуына   ақыл-ойының   өсуіне,   дұрыс   тәрбиеленуіне   не   әсер

ететінін анықтап алу керек. Баланың туғаннан басталатын алғашқы ортасы - отбасы, ата-

анасы,   ата-әжесі,   бауырлары,   туыстары.   Осы   ортадан   сөйлеуді   үйренеді,   осы   ортада

тәрбиеленеді, өседі, өркендейді, барлық жақсы үлгіні отбасынан бастап меңгереді. 

Балабақшада әр жастағы балалар үшін сөйлеу ортасы арнайы ұйымдастырылады.

Баланың   байланыстырып   сөйлеуінің   дамуы   сөйлеу   ортасын   ұйымдастыру   деңгейіне

байланысты. Педагог-тәрбиеші барлық балалардың ата-анасымен кеңесіп, бірлікте қызмет

етсе, балалардың тілін дамытудың мүмкіндігі артады. Сонда табиғи тілдік орта (отбасы)

мен жасанды тілдік орта (балабақша) бір бағытта жұмыс істейді. Мыналарды ескерген

жөн:

- отбасы мүшелері балаға дұрыс сөйлеу, өздері дұрыс сөйлеулері керек. Өйткені



үлкендер қате сөйлесе бала оны қайталайды. Сондықтан сақ болу керек;

- бала қате айтқанды, оны үйдегі үлкендер түзеп отырады;

- баланың ата-анасы балаға ертегілер оқып, әңгімелер айтады, тақпақтар жаттатып,

тілін сындырып отырады.

Баланың   сөздік   қорын   байыту   -   жоспарлы   түрде   ұзақ   жүргізілетін   жұмыс.   Ол

жұмыс   жаңа   сөздермен   таныстыру   және   бұрын   таныс   сөздерді   бекіту,  яғни   сөйлеуде

қолдануға   жаттықтыру,   дағдыландыру   жолымен   жүргізіледі.   Мектеп   жасына   дейінгі

баланың   сөздік   қорын   дамытудың   тиімді   әдістерін   іздестіру   мақсатында   Талдықорған

қаласының №42 балабақшасының естиярлар тобында эксперимент жұмысы өткізілді. 

Педагог-тәрбиешілер   алдына   мынадай   мақсат   қойылды   баланың   жеке

ерекшеліктерін   ескере   отырып,   сөздік   қор   мөлшері   мен     сөйлеу   деңгейін   арттыруда

нәтижелі әдістерді жүзеге асыру міндеті қойылды. 

Жұмыс   барысында   біз   зерттеудің   әртүрлі   әдістер   -   сөздік   әдістер   (әңгімелесу,

мазмұндау, түсіндіру, көркем мәтінді оқу,жаттау, әңгімелеу, әңгімелету), көрнекілік әдістер

(саяхат, заттар мен суреттерді, айналаны бақылау, теледидар, компьютер материалдары),

дидактикалық ойындар әдісі, тірек-сызбалар әдісі бір-бірімен байланысты қолдандық. Сөз

қорын дамыту жұмысы балалардың белсенді түрде қолдана бастаған сөздерінің санының

артуын көздей жүргізілді. Әр сабақтың тақырыбы мен мақсатына орай жұмыста ыңғайлы

әдіс-тәсілдер таңдап алынып отырды [3, 4]. 

Естиярлар   тобында   сөздік   жұмысын   жүргізе   отырып,   оларды   айналасындағы

заттармен   таныстырып,   атын   атай   білуге,   қасиеті   мен   сапасын,   түр-түсі   және   пішінін


ажырата   білуге,   өмірдегі,   қоршаған   ортадағы   түрлі   құбылыстар   жайындағы   ұғым,

түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.

Заттың белгісін тауып қолдануға үйретуді балаға өте таныс зат пен оның белгісі,

сапасынан бастау пайдалы. Мысалы:

-  Қуыршақтар қандай болады?

 - Әдемі, үлкен, кіші, жаман, жақсы.

 - Ит қандай болады?

 - Қабаған, жуас, кәрі, ақылды, ұлығыш, үлкен, кіші, аңшы т.б.

 - Мысық қандай болады?

 - Сүйкімді, ерке, үлкен, кіші, ойнағыш т.б.

Заттың белгісі арқылы өзін табуға үйретуге де болады:

 - Қабаған, ақылды, ұлығыш, үй күзететін не?

 - Ит.

 - Көп бұтақты, тікенек жапырақты, қысы жазы жасыл, биік не?



 - Шырша.

 - Биік, ақ, жапырақты, бұтақты не?

 - Қайың.

 - Заттық қимылын тапқызу:

 - Адам не істейді?

 - Сөйлейді, жүреді, жатады, тұрады, билейді т. б.

 - Жел не істейді?

 - Шаңды бұрқыратады, ағашты қозғайды, жапырақтарды ұшырады т.б.

Эксперимент   жұмысымызда   баланың   жаңа   сөз   үйрету,   үйренген   сөзді   қолдану

жағына көңіл бөле отырып, сөз санын белгілеп, сабақ тақырыбын баланың нені игергенін,

нені игерту керектігі ескерілді. Осылайша баланы үйренген сөзді саналы қолдана білуге,

жаңа   сөздермен   сөз   қорын   молайту  дәрежесіне   жеткізуді   мақсат  еттік.   Үйренген   сөзді

қолдана   білуге   үйрету,   сабақта   және   сабақтан   тыс   әр   алуан   серуен,   ойын,   еңбек

процесіндегі жаттығу жұмыстарында іске асырылды .

Арнаулы   сабақтарда   жұмбақ   ойындарды   көбірек   пайдалану   өте   тиімді,   олар

баланың   ой-өрісін   кеңейтуге,   өз   бетімен   ойланып,   заттар   мен   құбылыстардың

сипатталуына,   баламасына   қарай   олардың   атын   табуға,   сөздік   қорын   молайтуға   үлкен

септігін тигізеді. Біз балалардың сөздік қорын дамыту, білім деңгейін молайту мақсатында

төмендегідей жұмбақтарды пайдаландық: киімдер туралы «Барады, барады, аузын ашып

қалады» (кебіс), жануарлар туралы «Таптым, таптым тап жорға, табаны жалпақ боз жорға»

(түйе), тағы басқа (2-сурет).

Иір – иір денесі,

Сахараның кемесі.

Ащы шөптер – тамағы, 

Шөлге шыдап бағады.

2-сурет.  Сөздік   қорын   дамыту   мақсатында



пайдаланылған жұмбақ суретінің шешуі

Бұл   жұмбақ   ойындар   сабақтарда   жарыс   түрінде

көрнекі   құралдарды   пайдалана   отырып   өткізілді.   Олар

мектеп жасына дейінгі балалардың тапқырлыққа үйретеді,

ой-қиялдарының   өсуіне   көмектеседі,   қызығуы   мен

белсенділігін   арттырады.   Сондай-ақ   тәрбиеленушілердің

тілін дамытып, өз бетімен шығармашылық ізденісін, әстетикалық талғамын жетілдіреді.

Сурет   әрбір   жұмбақтан   кейін   көрсетілуі   тиіс,   әйтпесе   түрлі-түсті   суреттерге   еліктеген



балалар   тек   суретті   өздерінше   көреді   де,

көруден


болған   образ   сөзбен   үйлеспейді.   Өйткені

балалар


сөзді   «естімейді»,   оның  дыбыстық   бейнесі

оларды


қызықтырмайды

«Бауырсақ»   ертегісі   бойынша

суреттер

(3-сурет)   орны   ауыстырылып   қойылды,

балалар

өздері


сюжет бойынша орналастырды.

3-

сурет.



«Бауырсақ»

ертегісі бойынша

иллюстрацияланған суреттер

   К

өрнекілік – оқытуда заттар

мен   дыбыстардың   өзіне

тән


жаратылыс   бітімін,   сыр-

сипаттарын

 

сезім


мүшелері

 

арқылы



көзбен   көру,   қолмен

ұстап,   құлақпен   естіп

қабылдауға

баулитын дидактикалық

құбылыс.

 

Көрнекілік



тәрбиешілердің

шығармашылық   ізденісі   мен

әдістеме   жаңалықтарға

қарап,   оқу   барысында   шебер

пайдалана   білуді   талап

етеді. 


Көрнекілік ежелден қолданып келе жатқан принцип, әсіресе балабақшада әр түрлі жас

топтарда   жиі   қолданды.   Төмендегі   иллюстрацияланған   суретке   байланысты   жетекші

сұрақтарды қоя отырып балалармен қызықты әңгеме құрадық (4-сурет). 

4-сурет. Сюжетті картинка бойынша жұмыс

Мұндай сюжетті картинкалармен жүргізілетін жұмыстар оң  нәтиже берді. Атап 

айтқанда төмендегі дағдыларды дамытты: 

1. Сұраққа толык жауап беру дағдысы;

2. Сөйлем құрау дағдысы;



3. Әңгіме құрау дағдысы;

 4. Картинаның тақырыбын қойғызып үйрету;

 5. Картинаның бөлшектері бойынша әңгіме құрып үйренді.

Әрбір   топ   бағдарламасында   балаға   мағыналары   түсінікті,   достарымен,   үй-іші,

тәрбиешісімен,   мұғаліммен   сөйлесуде   еркін   қолданылатын   сөздік   қорды   тез   меңгерту

көзделеді. Ондай белсенді қолданылатын сөздік қорды топтау оңай емес. Оны таңдаудың

негізгі   ұстанымдары   –   тіл   дамуының   әр   сатысынасай   ауызша   тілдік   қатынасқа   ол

сөздердің   практикалық   қажеттігі   болуы,   яғни   жас   ерекшелігіне   қарай   сол   кезеңде   ол

сөздердің қолданыста жоқтығына көз жеткізу, тіпті бұл туралы балаларда түсініктің де

болмауы, екіншіден, ол сөздердің көркем сөзде, ауызекі сөйлеуде жиі қолдану ұстанымы,

үшіншіден,   дыбыстық   құрылымы   жағынан   тілдік   элементтердің   балаларға

қабылданарлықтай болу ұстанымдары жұмысымызда ескерілді.

Сөздік қорын дамыту жұмыстарында оқытудың тиімді әдістерін қолдану тек мектеп

жасына   дейінгі   балаларға   ғана   емес,   педагог-тәрбиешілер   үшін   де   қызық.   Дұрыс

таңдалған әдістер өз нәтижесін күткізбейді.   Жүйесіз пайдаланылған әдістер тәжірибеде

жақсы нәтиже бермейді. Сондықтан педагог тәрбиеші жұмыс барысында әдіс-тәсілдерді

таңдауда топтың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырғаны да жөн. 

ӘДЕБИЕТТЕР 

1 Пассов Е.И. Методология методики: теория и опыт применения. ЛГПИ, 2002. -

228с.


2 Лурия А.Р.  Речь и мышление / А.Р Лурия.- М., 1975.- 120 с

3   Савенков   А.И.   Методика   проведения   учебных   исследований   в   детском   саду.

Учебная литература. Самара. 2004 г

4 «Активные   методы   обучения».   Электронный   курс.   Международный   Институт

Развития   «ЭкоПро»,   Образовательный   портал   «Мой   университет»,   http://www.moi-

universitet.ru/



Document Outline

  • Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын оқу-тәрбие үрдісінде тиімді әдістерді пайдалана отырып арттыру жолдары қарастырылады.
  • В статье рассматривается проблема развития словарного запаса детей дошкольного возраста посредством использования активных методов обучения в учебно-воспитательном процессе.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет