Дәріс №1: Тақырыбы: Әдебиеттік оқу әдістемесі курсының оқу пәні және ғылыми пән ретіндегі сипаттамасы


Бастауыш сынып оқушыларының жіберетін қателерінің түрлері және мұғалімнің ескермейтін жайлары



бет17/54
Дата09.06.2022
өлшемі22,6 Mb.
#36588
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54
4. Бастауыш сынып оқушыларының жіберетін қателерінің түрлері және мұғалімнің ескермейтін жайлары.
1. Бір буынды сөзді қайталап оқи беруі.
2. Күрделі сөз тіркестерін оқуда тыныс белгілеріне қарай дауыс ырғағын сақтамау, кідірістерді дұрыс жасамау, т.б.
3. Жылдам оқуға тырысып, кей сөздерді қате оқуы. Мысалы: «азығы екен» - «азық екен, аз екен».
4. «Да, де, та, те, мен, бен, пен» шылауларын сөздерді оқуда қате жібереді.
5. Ұқсас дыбыстарды оқуда олардың оқылуын шатастырады: ы-і, а-ұ, ү-о, ә-о-ү.
6. Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді оқуда сөздердің мағынасына қарай дауыстың құбылуында қате жібереді.
7. Біріккен сөздер мен қысқарған сөздерді оқуда қателіктер жібереді.


Мұғалімнің ескермейтін жайлары:
Оқушының оқу барысында жіберген қателерін дер кезінде түзетпеуі, ескертулер жасамауы, қайта дұрыс оқып шығуын талап етпеуі, мәнерлеп оқу талабына байланысты жаттығу жұмыстарын нақты жүргізіп отырмауы.


Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Оқудың қандай түрлері бар, олар қалай іске асады?
2. Оқуда қандай талаптар орындалады?
3. Дұрыс оқу деген не, қалай іске асырылады?
4. Түсініп оқудың маңызын, іске асыру жолдарын айт.
5. Шапшаң оқу не үшін керек?
6. Оқушылар мәнерлеп оқуға қалай дағдыланады?


Модуль 4
Бастауыш сыныптарда мәтінмен жұмыс жасаудың әдебилік және
психологиялық-педагогикалық негіздері


Дәріс 6-7: Көркем мәтінмен жұмыс әдістемесі.
Жоспар: (әдістемелік):
1. Мәтін және оның түрлері.
2. Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар:
1) Кіріспе. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.
2) Мәтінге байланысты сөздік жұмысы.
Мақсаты: Мәтін, оның түрлері туралы түсінік беру, мәтінмен жұмыс жасаудың әдістемесін меңгерту.


1. Мәтін және оның түрлері.
Мәтін – бірнеше сөйлемдерден құрылған белгілі бір ойды, оқиғаны білдіреді. Мәтінде оқиға – хабарланады, баяндалады, әңгімеленеді, ал құбылыс – сипатталады, суреттеледі. Ол – өзара байланысқан сөйлемдерден,абзацтардан тұрады. Оған ат қоюға, жоспар құруға болады. Оның басталуы, негізі, соңы болады. Тақырып – мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.
Мәтінге әңгіме, өлең, жыр, ертегі сияқты жанрлар жатады. Мәтіннің мынадай түрлері бар: әңгімелесу, пайымдау, сипаттау.

  1. Әңгімелесу мәтіні – тек мұғалімнің өзі ғана емес, түгел сынып оқушылары қатысып, топта талқыланады. Қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді? Сұрағына жауап береді.

  2. Сипаттау мәтіні – бір нәрсенің бейнесін (затты) немесе табиғат көріністерін сипаттау. Қандай? Қалай?сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Күзде жапырақтар сарғайып, айнала сары алтынға малынады.

  3. Пайымдау мәтіні – белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және Не үшін? сұрағына жауап береді.

Мәтін түрлерін сұрақ қою арқылы ажыратуға болады.
Мәтіннің біріншісінде, сөйлеудің ауызша және жазбаша екендігі қарастырылады. Ауызша мәтін уақытпен байланысты болса, жазбаша мәтін кеңістікпен байланысты. Ауызша мәтіндер синтаксистік құрылымы жағынан жазбашаға қарағанда, анағұрлым қарапайымдау, эллипсистігі мол, мағыналық құрылымы бір-біріне ұқсастығы экспрессивтік элементтері мол болып келетін мәтіндер.
Екіншісінде, қарым-қатынас жасау формасына сәйкес, мәтіндер монологтік, диалогтік (кей ретте полилогтік те) болып бөлінеді. Бұл жерде сөйлеудің түрі мен формалары бірігіп келіп, жазбаша мәтінде де, ауызша мәтінде де монолог пен диалог болатыны анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет