Дәріс №1: Тақырыбы: Әдебиеттік оқу әдістемесі курсының оқу пәні және ғылыми пән ретіндегі сипаттамасы


Мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмысы



бет20/54
Дата09.06.2022
өлшемі22,6 Mb.
#36588
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54
2. Мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмысы.
Оқу сабақтарында сөздік жұмысына арнайы кезең бөлінбейді. Сондықтан сөздік жұмысы сабақ барысында жүргізіледі. Мәтінді дұрыс қабылдау үшін сөздік жұмысын жүргізілмесе, мақсатқа жету мүмкін емес. Мысалы, бірқатар оқушылар вокзал, перрон, метро, экскалатор т.с.с. сөздерді түсіндірмесе, мәтін мазмұнын толық түсінбейді, оларда елес тумайды.
Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі:
1) мәтінді оқуға дайындық кезеңінде;
2) шығарманы оқу барысында;
3) оқып болғаннан кейін.
Мәтінді оқуға дайындық кезінде шығарманың мазмұнын ұғынуға қиындық келтіретін сөздер түсіндіріледі. Сөздік жұмысын оқып келе жатқан материалды үзіп тастап жүргізу оқушының зейінін алаңдатып, мәтінге деген ынтасы мен қызығуын тежейді де, балалардың бірқатары онан әрі оқылған материалды тыңдамайды.
Ал өлең оқу барысында қиын сөздер мүлде түсіндірілмейді. Өйткені өлеңнің ырғағы, дауыс мәнері бұзылып, тыңдаушыға әсері азаяды. Оқушылардың ойын, тілін дамытуда синоним сөздерді пайдалануға үйрету керек.
Сөздік жұмысын жүргізгенде мұғалімнің есінде болатын жағдай — сөздік жұмысын балалардың өз өмірімен, нақты елестерімен байланыстыру.
Сөздік жұмысын түрлендіріп жүргізуге болады: (INSERT стратегиясы)
«+» — жаңа білдім
«-» — білмедім
«?» — мен үшін жаңалық
«V» — білемін.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Мәтін дегеніміз не? Мәтіннің неше түрі бар?
2. Мәтін қандай қызмет атқарады және мәтінмен жұмыстың маңызы қандай?
3. Тұтас мәтін және жадағай (тұтас емес) мәтін дегеніміз не? Мысалдар келтіріп, талдап түсіндіріңіз.


Дәріс 8. Көркем мәтінмен жұмыс әдістемесі.
Жоспар: (әдістемелік):
1. Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар:
3. Шығарманы оқу.

  1. Шығарманың жоспарын жасау.

Мақсаты: Мәтін, оның түрлері туралы түсінік беру, мәтінмен жұмыс жасаудың әдістемесін меңгерту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет