Дәріс №1: Тақырыбы: Әдебиеттік оқу әдістемесі курсының оқу пәні және ғылыми пән ретіндегі сипаттамасы


Ашық хат! Ахмет Байұрсынов «Оқуға шақыру»



бет31/54
Дата09.06.2022
өлшемі22,6 Mb.
#36588
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54
Ашық хат!
Ахмет Байұрсынов «Оқуға шақыру»
Ахмет ата, сіздің бізге арнап жазған шығармаларыңыз өте көп. Біз сол шығармаларыңыз арқылы оқуға, білімге үйреніп, көңілімізге тоқып жүрміз. Бүгін сабақта сіздің «Оқуға шақыру» атты өлеңіңізбен таныстық. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу арқылы басты мақсатын білдім, өлеңнің мазмұнын меңгердім. Сіз осы шығармаңыз арқылы балаларды білім алуға, саналы тәрбие мен оқуды ұштастырып, ел мақтанышы болуға шақырасыз. Біздің мектепке барғанымызды күн көріп, жердің бәріне өзінің шуақтарын жылтыратып шашады. Біз үшін қуанғаны болар ... . Адам, құс, аң, барша табиғаттың тіршілік иелері таң атысымен тынымсыз еңбек етуде. Біз де кішкентай қоңыз, құмырсқадай еңбекқор болып, бар күш-жүгерімізді оқуға жіберуіміз керек. Бұл өлеңнен түйгендерім өте көп. Осы өлеңіңіз арқылы маған тағы да болашаққа жол сілтедіңіз деп айтсам артық болмайды. Сіздің бізге істеген ерен еңбегіңізді бағалау арқылы, қазірден бастап еңбексүйгіштікке, білімге құштар болуға үйренеміз. Сізге алғысымды айтқым келеді. Рахмет!

Сайлауова Бақыт


Ахмет Байтұрсыновқа хат.
Құрметті, Ахмет ата! Біз бүгін сіздің «Оқуға шақыру» атты өлеңізбен таныстық. Бұл өлеңдегі сөздеріңіз маған жақсы әсер қалдырды. Сіздің айтқыңыз келген әрбір сөзді түсінгім келді, түсіндім де деп ойлаймын. Балаларды оқуға, еңбекке шақырдыңыз. Әрбір арайлап атқан таңды бір игі іске арнауды үйреттіңіз. Жер бетінде тіршілік ететін кішкене жәндік, құрт-құмырсқаның барлығы еңбектеніп, өз күндерін көреді. Осыдан, барлық тірі жан иелерінің бұл өмірде бекер пайда болмағанын, барлығының өз орны бар екенін түсіндім. Ал адам, тіпті де жалқау болмауы тиіс. Адамды адам қылған еңбек. Сондықтан да оқушылар тек қана оқып қана қоймай, басқа да еңбек түрлерін жасап, табиғатқа, отбасына септігін тигізуі керек деп ойлаймын. Ахмет ата, сіздің бұл өлеңмен көптеген адамдарға ой салғаныңызға сенімдімін. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге таптырмас шығарма екені анық. Сізге көп рахмет, сау болыңыз!!!

24.03.16
І/т: Искакова Дария


Мен Кітаппын.
Мен өте көне затпын, ондаған ғасырлар бұрын ата-бабам дүниеге келген. Алғашында адамдар оларды тасқа қашап жазатын еді, кейін пергаментке, содан соң ғана қағаз бетіне түсірілдім. Ағаштан қағаз жасап үйренді, соның арқасында кітап, яғни мен пайда болдым. Осы өмірде менің пайдам өте көп, себебі мен адамға ой сала аламын, көңіл-күйін құбылтып, өмірге деген көзқарасын өзгерте аламын. Қызықты оқиғалар мен ғылыми ақпаратты да менің бойымнан таба аласыздар. Ал егер де, дарыныңыз болса, өз шығармаларыңызды менің беттеріме түсіріп, халықпен бөлісе аласыздар. Ешқашан өшпейтін де, сөнбейтін де шырақ менмін, ғаламның барлық құпия сырлары маған тиесілі. Бірақ соңғы уақытта, жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты, адамзат мені ұмытып бара жатқандай көрінеді. Барлығы өздерінің телефондарына, компьютерлеріне үңіліп, мені байқамайды. Кітапхана деген үйімде шаң басып қалатын кездерім де аз емес. Алайда, кітап оқитын адамдар да бар ғой, сондықтан да менің әлі күдерім үзілмек емес. Көп ұзамай қайтадан сұранысқа ие болып, басқаларды қуанышқа бөлеймін деген сенімдемін. Өйткені, « Кітап – сарқылмас қазына» - деп бекер айтылмаса керек.

07.04.2016


Искакова Дария




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет