Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет47/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   107
Жапырақтың анатомиялық құрылысы. Жапырақтың негізгі атқаратын қызметіне- фотосинтез, судың булануын (транспирация), газдың алмасуын реттеу жатады. Жапырақ тақтасы эпидермадан, мезофиллден, өткізгіш шоқтарынан (жүйкелерден) тұрады.
Буктың жапырағының үстінгі эпидермисінің клеткаларының кутикуласы астынғы эпидермасының клеткаларының кутикуласына қарағанда біршама қалың болып келеді. Үстінгі эпидермасында устьица аппараттары болмайды. Үстінгі эпидерма мен астынғы эпидерманың арасында ассимиляциялық паренхималардан тұратын мезофилл жатады. Оның жоғарғы эпидермаға жақын орналасқан клеткаларының формасы ұзынша созылған, тығыз орналасқан және клетка аралық қуыстары болмайды. Бұл бағаналы (полисадная) паренхима. Онда негізінен фотосинтез процесі жүреді. Астынғы эпидермаға жақын жерде клетка аралық қуыстары үлкен, біршама деңгелектеу болып келген клеткалар- борпылдақ паренхима орналасады. Оның негізгі атқаратын қызметі- газдың алмасуын және судың булануын (транспирация) реттеу болып табылады. Мезофиллде бір- бірінен белгілі бір қашықтықта өткізгіш шоқтары орналасады. Негізгі жүйке үстінгі эпидермистен астынғы эпидермиске дейінгі жапырақтың қалыңдығының барлығын түгелдей дерлік алып жатады. Ксилема жапырақтың үстінгі бетіне қарай, ал флоэма астынғы бетіне қарай бағытталған. Яғни бұл жабық коллатеральды шоқ. Ол склеренхимамен қапталған. Шоқтың жоғарғы және төменгі жағында эпидермаға жанасып колленхима жатады. Жүйкенің тармақталуының қатары жоғарылаған сайын, шоқтан біртіндеп оның флоэмалық бөлігі жойылады да, қарапайым формаға келеді. Сонымен, буктың жапырағының дорсальды (арқа) және вентральды (астынғы) жақтары әртүрлі қызмет атқарады және соған байланысты құрылыстары да әртүрлі болады. Мұндай жапырақтар дорсинвентральды деп аталады. Олар өсімдіктердің көпшілігіне тән.
Жүгерінің жапырғының үстінгі эпидермисінің клеткаларында екі түрлі қарапайым түктер болады- қысқа біз тәрізді және ұзын жіп тәрізді.
Жапырақтың үстінен көтеріліп көрініп тұратын, ұзын түктердің эпидермисінің түп жағының клеткалары біршама үлкен болады. Эпидерманың сыртын кутикула жауып тұрады. Үстінгі және астынғы эпидермаларының екеуінде де устьица аппараттары болады. Өткізгіш шоқтары жабық, коллатеральды, ксилемасы жапырақтың үстінгі жағына, ал флоэмасы астынғы жағына қарай бағытталған болады. Шоқтары үлкен де және кіші де болады. Әрбір шоқ, дөңгелек, қабықшалары жұқа болып келетін, хлоропластары жоқ клеткаларымен қоршалып тұрады. Осы клеткаларда фотосинтез процесінің өнімдері жиналады. Мезофилл ұсақ шоқтардың айналасын қоршай орналасқан, азды- көпті біртектес клеткалардан тұрады. Жапырақ тақтасының ортаңғы жұқа бөлігінде, мезофилл оның тек төменгі жағында ғана болады, ал қалған кеңістігінің барлығы хлорофиллі болмайтын үлкен клеткалармен толтырылған. Жапырақтың осы бөлігінде, эпидермистің астында, склеринхиманың сүректенген сілемдері орналасады. Олар жапырақ тақтасының астынғы жағынан, шоққа дейін жететін, шығыңқы төмпешіктер түзеді. Жапырақ тақтасының қалған бөліктерінде, склеринхиманың субэпидермалық сілемдері (тяжи), үлкен өткізгіш шоқтарының екі жағынан бірдей жанасып қоршап тұрады. Сонымен, жүгерінің жапырағының екі жағыда бірдей қызмет атқарады және құрылыстарыда бірдей болады. Бұл изолатеральды жапырақ. Құрылысы мұндай болып келу, біршама вертикальды бағытта орналасқан жапырақтарға тән.
Қылқан жапырақты өсімдіктердің қылқан деп аталынатын жапырағының құрылысы ерекше болады. Қарағайдың қылқанының қорғаныс қызметін атқаратын жабыны мынадай екі қабаттан тұрады- эпидермадан және гиподермадан. Эпидерма кутикуланың қалың қабатымен жабылған болады. Көлденең кесіндісінде, оның клеткаларының формасы квадрат типтес, қабықшалары қалың болып келеді. Жапырақтың екі бетінде де, гиподерманың деңгейіндегі ойыстау жерлерде устьица апараттары орналасады, олардың астында үлкен ауа қуыстары болады. Ескі жапырақтарының эпидермисінің клеткаларының қабықшалары сүректенеді. Гиподерма бір қатар, бұрыштарында 2-3 қатар, қабықшалары аздап қалыңданып сүректелген, клеткалардан тұрады. Оларда бойына суды жинау және механикалық қызметте атқарады. Гиподерманың астында мезофилл орналасады. Ол қабықшалары кейбір жерлерде клетка қуысының ішіне өтіп, қатпарлар түзетін (қатпарлы паренхима) клеткалардан тұрады. Бұл цитоплазманың хлоропластары бар, клетка қабықшасына жақын орналасқан қабатының көлемін біршама ұлғайтады. Яғни клетканың фотосинтез процесі жүретін бөлігінің де көлемі ұлғаяды деген сөз. Смола жолдары қатпарлы паренхиманың әр жеріне өтіп жатады. Жапырақтың қатпарлы паренхимадан, эндодерма арқылы бөлініп тұратын, ортаңғы бөлігінде, коллатеральды типті екі өткізгіш шоғы орналасады. Олардың ксилемалық бөлігі қылқанның жалпақ жағына, ал флоэмалық бөлігі дөңес жағына қарай бағытталған болады. Яғни, морфологиялық тұрғыдан қарағанда қылқанның жалпақ жағы оның үстінгі беті, ал дөңес жағы астынғы беті болып есептелінеді. Өткізгіш шоқтарының арасында механикалық ұлпа орналасады. Жапырақтың ортаңғы бөлігінің қалған кеңістігін паренхималық клеткалар толтырып тұрады.
Өркен
Өркен төбелік меристемадан пайда болатын және морфогенездің алғашқы этаптарында арнайы маманданған бөліктерге: сабаққа, жапыраққа, бүршікке бөлінетін мүше (орган).
Оның негізгі атқаратын қызметі фотосинтез. Сонымен бірге өркеннің әртүрлі бөліктері, өсімдіктің вегетативтік жолмен көбеюін, артық қор заттармен суды бойына жинау қызметтерінде атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет