Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет48/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   107
Өркеннің морфологиялық құрылысы. Өркеннің бөліктері. Сабақтың жапырақ кететін участогін буын деп атайды, ал сабақтың екі буынның аралығындағы участогін буын аралық дейді. Буынның үстіндегі, жапырақтың қолтығында, қолтық бүршігі пайда болады. Егер буын аралықтары айқын байқалатын болса, онда мұндай өркенді ұзарған өркен деп атайды. Егер буындары бір- біріне жақын орналасса және буын аралықтары байқалмайтын болса, онда мұндай өркенді қысқарған өркен деп атайды (подушка, жертаған).
Метамерия. Әдетте өркенде бірнеше буын және буын аралықтары болады. Өркеннің осындай қайталанып келіп отыратын, бірдей атпен аталынатын органдары бар бөлігін метамерия деп атайды. Өркеннің әрбір метамері жапырағы бар буыннан, қолтықтық бүршіктен және төменгі буын аралығынан тұрады.
Бүршік. Бұл қысқарған өркен. Ол өсу конусымен аяқталатын (сабақтың бастамасы) меристемалық өстен және жапырақ тұмсықшасынан (жапырақтың бастамасы), яғни алғашқы метамерлердің сериясынан тұрады. Төмен орналасқан, дифференцияланған жапырақтар, өсу конусымен жапырақ тұмсықшасын қоршап жауып тұрады. Вегетативтік бүршіктің құрылысы осындай болады. Өсу конусының вегетативтік- репродуктивтік бүршіктері алғашқы гүлдің немесе гүл шоғырының бастамасына айналған. Гүл түзетін (репродуктивтік) бүршіктер тек алғашқы гүлдің немесе гүл шоғырының бастамасынан тұрады. Мұндай бүршіктерде фотосинтез процесі жүретін жапырақтардың нышаны (бастамасы) мүлдем болмайды.
Көп жағдайда сыртқы жапырақтардың түрі өзгеріп, бүршікті кеуіп, құрғап қалудан сақтайтын қабыршақтарға айналады. Мұндай бүршіктерді жабындық (жабық) бүршіктер деп атайды. Олардың жалаңаш (ашық) бүршіктерден айырмашылығы сол, тек қорғаныштық қызмет ғана атқарады. Алайда мынаны естен шығармаған жөн, жалаңаш бүршіктердің өсу конусы мен жапырақтарының алғашқы бастамасы (нышаны) үлкен фотосинтез процесі жүретін жапырақтармен жабылып, қорғалып тұрады.
Орналасу ерекшеліктеріне қарай бүршіктерді төбелік және бүйірлік деп бөледі. Соңғысы шығу тегіне қарай, қолтықтық және қосалқы болып бөлінеді. Қолтықтық бүршіктер жапырақ тұмсықшаларының қолтығының өсу конусында экзогенді (сырттан) қалыптасады. Ұзақ уақыттар бойы өркен бермейтін, қолтықтық бүршіктерді бұйыққан бүршіктер (спящие почки) деп атайды. Қолтықтық бүршіктер не жалғыздан, не бірнешеден топтасып орналасады. Қосалқы бүршіктер сабақтың кез-келген бөлігінен меристемалық клеткалардың белсендігінің (тіршілік әрекетінің) нәтижесінде, эндогенді (іштен) жолмен пайда болады.
Кейде қосалқы бүршіктер жапырақта пайда болып, бірден қосалқы тамырлары (бриефиллюм) немесе баданалары бар (пияз) кішкентай өркендер береді. Мұндай қосалқы бүршіктерді өнім бүрлері (выводковые почки) деп атайды.
Жапырақтың орналасуы. Жапырақтың орналасуының негізгі үш түрлі варианты болады: спиральды немесе кезектесіп орналасу- буында тек бір ғана жапырақ болады, сабақта жапырақтар спиральдың бойымен орналасады; қарама-қарсы орналасу буында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі жапырақ болады; топтасып орналасу буында үш немесе оданда көп жапырақтар орналасады.
Өркеннің ұлғайып өсуі. Өркен ұзындыққа әдетте төбелік меристемалардың белсенділігінің нәтижесінде өседі. Бұдан басқа көптеген өсімдіктердің өркендері қыстырма меристемалардың белсенділігінің нәтижесінде едәуір ұзарып өседі. Егер өркен бір төбелік меристеманың есебінен ұзақ уақыттар бойы шексіз өсетін болса, онда өсудің мұндай түрін моноподиалдық деп атайды. Бірақта көп өсімдіктерде төбелік меристема аз уақыт өмір сүреді, әдетте бір ғана вегетациялық кезең бойынша тіршілік етеді. Бұл жағдайда, келесі маусымда өркеннің өсуі жақын орналасқан бүйірлік бүршіктің есебінен жалғасады. Басқаша айтқанда өркен төбесінен үстемелеп өседі (перевершинивание). Өреннің бұлайша ұзындыққа өсуін симподиалды өсу деп атайды.
Бұтақтануы. Бұтақтанудың мынадай екі типі бар: төбесінен және бүйірінен бұтақтану. Төбесінен бұтақтағанда өсу конусы екі немесе оданда көп бөліктерге (өстерге) бөлінеді. Мұндай бұтақтану төменгі сатыдағы өсімдіктерге (кейбір балдырларға) және аздаған жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге де тән (плуан тәрізділерге, папоротник тәрізділерге). Бүйірінен бұтақтағанда жаңа өстер бұтақтың жоғарғы ұшынан төмендеу орналасады.
Бір немесе бірнеше рет бұтақтанудың негізінде өстердің системасы түзіледі. Бүйірінен бұтақтағанда өстердің системасы моноподиалды (моноподиалды өсіп, ұзарып бұтақтағанда), немесе симподиалды (симподиалды өсіп, ұзарып бұтақтағанда) болуы мүмкін.
Бұтақтанудың тағы бір ерекше формасы, ол түптеніп өсу. Бұл жағдайда өркеннің ең үлкен бұтақшалары, оның тек түп жағынан кетеді (балақтап өседі). Әдетте мұндай бұтақшалар өркеннің жерге жақын орналасқан және жер асты бүршіктерінен пайда болады. Өркеннің бұл участогін түптену зонасы деп атайды. Түптеніп өсу бұталарға, көпжылдық шөптесін өсімдіктерге, кейде тіптен біржылдық өсімдіктерге де тән.
Кейбір өсімдіктердің бүйірлік бүршіктері, өстің бірінші қатарында толық жетілмейді және бүйірлік бұтақшалар бермейді. Мұндай өсімдіктердің сабағы бұтақтанбайды (пальмалардың көбісі, қауын ағашы, агава).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет