Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Жемістер мен тұқымдардың таралуы



бет78/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   107

Жемістер мен тұқымдардың таралуы


Көптеген өсімдіктердің піскен жемістері мен тұқымдары жел (анемохория), су (гидрохория), жануарлар (зоохория), адам арқылы (антрохория) алысқа таралады. Себебі эволюцияның барысында жемістер мен тұқымдар көптеген бейімделушілік қасиеттеріне ие болған. Оларға жемістердің қанатша тәрізді өскіншелері (үйеңкі, қайың), түкті талшықтары (тал, терек, мақта), желайдары (бақбақ), қармақша тәрізді қайтарылған тікенектері (сарысояу), ұсақ тікенекшелері (итшоған), сояу тікендері (теміртікен) және басқалар жатады.
Қабықшалары шырынды болып келетін жемістерді жануарлар, әсіресе құстар жақсы жейді. Бірақ бұл жемістердің дәндерін құстар саңғырықтарымен бірге сыртқа шығарып тастайды. Көптеген өсімдіктердің (сиыржоңышқа, шытырлық) жемістері қақырап ашылған кездерде дәндері шашылады. Бірақ олар аналық өсімдіктің айналасында 15см жерге ғана шашылады. Сондықтанда тұқымның таралуының мұндай жолы әдетте шектеулі болады.
Жемістер мен тұқымдардың көп жерлерге таралуы түрдің тіршілік етуі мен жер бетінде шарықтап өсуін қамтамасыз етеді.
Гүлшоғы (гүлшоғыры)
Гүлшоғыры деп - өркеннің жоғарғы, көп жағдайда шашыраңқы тарамдалған, гүл беретін бөлігін айтады. Гүлшоғының өсінің буындарында жапырақтар орналасады. Олар өркеннің вегетативтік жапырағына ұқсас болуыда, немесе түрі өзгерген, фотосинтездік қабілетін жоғалтқан болуыда мүмкін. Бұларға гүлдің жабындық жапырақтары прицветники) және гүлсағағының жабындық жапырақшалары жатады.
Гүлшоғының жекелеген гүлдерден биологиялық артықшылықтары болады. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
1) гүлшоғында тозаңданудың жүру мүмкіндігі бірден-бір арта түседі;
2) гүлшоғындағы гүлдердің біртіндеп ашылуына байланысты, олардың сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен зақымдануы азаяды.
Гүлшоғының классификациясы. Гүлшоғының екі типі болады: күрделі гүлшоғы, бұл жағдайд гүлдер негізгі өстің тармақтарында орналасады және жай гүлшоғы, бұл жағдайда гүлдердің сағағы болады, немесе сағақсыз тікелей негізгі өстің өзіне орналасады.
Күрделі гүлшоғы өстерінің ұзындыққа өсу ерекшеліктеріне қарай симподиальды (шектеулі) және моноподиальды (шектеусіз) болып екіге бөлінеді.
Күрделі симподиальды, немесе цимозды (шектеулі) гүлшоғы. Күрделі симподиальды гүлшоғының негізгі өсі гүлмен аяқталады, гүлдерінің ашылуы жоғарғы жағынан басталып, бүйірлік бұтақтарына қарай жүреді, ал егерде гүлдері бір деңгейде орналасқан болса, онда олардың ашылуы шоқтың ортасынан шетіне қарай жүреді. Күрделі симподиальды гүлшоғына мыналар жатады.
Монохазий - негізгі өсі гүлмен аяқталады, оның төменгі жағынан екінші реттегі жаңа өс пайда болады, ол да гүлмен аяқталады. Бұдан соңғы пайда болған гүлдер де осы ретпен бүйірлеп өсіп, гүлдеп одан әрі жалғаса береді. Монохазий бұйра (завиток) және ирек (извилина) гүлшоқтары болып екіге бөлінеді.
Гүлшоғы орналасқан негізгі өсі гүлмен аяқталса, оның төмегі жағынан кеткен гүлдердің барлығы оның не кілең оң жағында, болмаса тек сол жағында бірыңғай орналасса, онда мұндай гүлшоғын бұйра гүлшоғы деп атайды (көкбасгүлде - синяк, помидорда, ландышта және т.б.).
Гүлшоғы орналасқан негізгі өсі гүлмен аяқталса, оның төменгі жағынан кеткен гүл бұтақтарының бірі оның оң жағынан, екіншісі сол жағынан кезектесіп кетіп отырса, онда мұндай гүлшоғын ирек гүлшоғы деп атайды (гладиолуста, гравилатта және т.б.).
Дихазий - негізгі өсі гүлмен аяқталады, оның төменгі жағынан екі қарама- қарсы орналасқан жаңа өстер кетеді, олардың әрқайсысы гүлмен аяқталады. Осылайша гүлшоғының бұтақтануы одан әрі жалғаса береді. Бұл жағдайда жаңа өстер аналық өстен біршама биік тұрады. Соның нәтижесінде төменгі реттік гүлдері - гүлшоғының төменгі жағында, ал жоғарғы реттік гүлдері- жоғарғы жағында орналасады (қалампырда- гвоздика, тенге жапырақта- манжетка және т.б.).
Плейхазий -негізгі өсі бір гүлмен аяқталады, оның төменгі жағынан екіден көп қарама-қарсы немесе кезектесіп орналасқан, өз кезегінде гүлдермен аяқталатын жаңа өстер кетеді (сүттігенде, қызыл ырғайда, гортензияда және т.б.).
Тирс. Тирс деп негізгі өсі моноподиальды бұтақтанып гүлме аяқталатын, ал бүйірлік өстері симподиальды бұтақтанып гүлдер беретін аралас гүлшоғын атайды. Көпшілік жағдайда тирсті қосарлы ирек (сабынкөк-норичник), немесе қосарлы бұйра гүлшоғы ретінде (шайқурайда- зверобой) қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет