Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет79/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   107
Күрделі моноподиальды, немесе рацемозды (шектеусіз) гүлшоғы. Күрделі моноподиальды гүлшоғының негізгі өсі ұзақ уақыттар бойы шексіз ұзындыққа өседі, гүлдерінің ашылуы өстің төменгі жағынан басталып жоғары қарай жүреді, ал егерде гүлдері бір деңгейде орналасқан болса онда олар шоқтың шетінен ортасына қарай ашылады. Күрделі моноподиальды гүлшоғына мыналар жатады.
Сыпыртқы гүлшоғы. Сыпыртқы гүлшоғының төменгі бүйірлік гүл беретін өркендері жоғарғыларына қарағанда жақсы дамып, күшті тармақталған болып келеді.
Қалқанша гүлшоғы. Қалқанша гүлшоғының төменгі гүлдерінің сағағы жоғарғы гүлдерінің сағағына қарағанда ұзындау болып келеді. Соған байланысты гүлшоғындағы гүлдердің барлығы бірдеңгейде орналасады (мыңжапырақ, түймешетен, тобылғының кейбір түрлері).
Күрделі масақ. Күрделі масақтың негізгі өсі моноподиальды бұтақтанып, бүйірлік тармақтар береді. Осы бүйірлік тармақтарда гүлдер сабақсыз, отырмалы болып орналасады. Оларды масақшалар, ал тұтастай гүлшоғын күрделі масақ деп атайды.
Күрделі шатыр. Гүлшоғының қысқарған негізгі өсінен, ұзындықтары бірдей екінші реттік өстер кетеді, ал олардың басында сағағтары қысқа болып келетін гүлдер орналасады. Көп жағдайда екінші реттік өстердің түп жағында олардың барлығына ортақ орама жапырақшалар (обшая обвертка), ал гүл сағағтарының түп жағында жекелеген орама жапырақшалар түзіледі.
Жоғарыда келтірілгендерден басқа да күрделі гүлшоқтары болады, оларды агрегатты гүлшоқтарына жатқызады. Агрегатты гүлшоқтары деп әртүрлі гүлшоқтарының типтерінің бірігіп бір гүлшоғын түзуін айтады.
Өстері ұзын болып келетін жай гүлшоқтары. Гүлшоғының бұл түріне жататындар.
Шашақ гүл. Гүлшоғының өсінде орналасқан жеке гүлдердің сағақтарының ұзындықтары шамамен бірдей болады.
Масақ гүл. Негізгі өсте орналасқан гүлдердің сағағтары жоқ, отырмалы болып келеді.
Сырға гүл. Негізгі өсі жұмсақ, оған орналасқан гүлдердің сағақтары болмайтын, төмен салбырап тұратын масақ. Гүлдеп болған соң мұндай гүлшоғы әдетте түсіп қалып отырады.
Собық гүл. Негізгі өсі қатты жалпайған, құрылысы жай масақ секілді, сыртын жамылғы деп аталынатын бір немесе бірнеше орама жапырақтары жауып тұратын собық.
Өстері қысқа болып келетін жай гүлшоқтары. Бұларға жататындар.
Шатыр гүл. Гүл шоғының негізгі өсі қысқарған, оның жоғарғы жағынан ұзындықтары бірдей болып келетін гүлсағағтар кетеді. Олардың әрқайсысы гүлмен аяқталады (пияз).
Шоқпарбас гүл. Бұл негізгі өсі қысқарған және аздап етженді болып келетін, ал оның үстінгі бетіне орналасқан көптеген жеке гүлдер не сағақсыз, отырмалы, не болмаса өте қысқарған сағақты болып келеді. Нәтижесінде жай шатыр гүлге ұқсас шоқпарбас гүлшоғы түзіледі.
Себет гүл. Негізгі өсі табақша тәрізді болып жалпайған, оның үстінгі бетінде шетінен ортасына қарай ашылатын, тығыз орналасқан отырмалы гүлдері болады. Себетінің астынғы жағынан жоғарғы ұсақ жапырақтары черепица тәрізді болып жауып тұрады (гүлкекре - василек, ромашка, күнбағыс).
Пысықтау сұрақтары:

  1. Гүлдің атқаратын қызметі не? Гүлдің қандай бөліктері сабақтан, қандай бөліктері жапырақтан пайда болады?

  2. Циклдық, ациклдық және гемициклдық гүлдердің принциптік айырмашылықтары неде?

  3. Жыныс мүшелеріне қарай қандай гүлдер болады? Қандай өсімдіктерді бір үйлік, ал қандай өсімдіктерді екі үйлікке жатқызады?

  4. Қосарланған гүлсерігімен қарапайым гүлсерігінің айырмашылығы неде? Қарапайым гүлсерігінің қандай типтері болады?

  5. Қандай күлте жапырақшаларды актиноморфты, қандай күлте жапырақшаларды зигоморфты, ал қандай күлте жапырақшалары ассимметриялы деп атайды?

  6. Біріккен актиноморфты және зигоморфты күлтежапырақшалардың қандай негізгі типтері бар?

  7. Андроцейлердің қандай типтері бар?

  8. Аталықтардың құрылысы қандай? Стаминодий дегеніміз не?

  9. Гинецейлердің қандай типтері бар?

  10. Жоғарғы, төменгі және жартылай төменгі гүлтүйіндерінің айырмашылықтары неде?

  11. Тұқымбүршігінің құрылысы қандай?

  12. Гүлдің құрылысының қандай элементтерін формула, ал қандай элементтерін диаграмма сипаттайды?

  13. Микроспорогенез қайда және қалай жүреді?

  14. Тозаң мен микроспораның қандай принциптік айырмасы болады?

  15. Мегаспорогенез қайда және қалай жүреді?

  16. Ұрық қалтасы дегеніміз не? Оның құрылысы қандай?

  17. Тозаңданудың қандай жолдары прогрессивтік болып саналады?

  18. Қосарланып ұрықтану қалай жүреді? Қосарланып ұрықтанудың негізінде тұқым бүршігінде қандай өзгерістер жүреді?

  19. Ұрықтың ұрықтану процесінсіз пайда болуының қандай жолдары бар? Тұқымның көпұрықтылығы (полиэмброния) қандай процестің нәтижесінде түзіледі?

  20. Тұқымның құрылысы қандай және ол не үшін қажет?

  21. Тұқымды классификациялағанда қандай белгілер негізге алынады?

  22. Перисперм неден түзіледі, оның эндоспермнен принциптік айырмашылығы неде?

  23. Фасоль мен сұлының ұрықтарының қандай белгілерінде ұқсастықтар және қандай белгілерінде айырмашылықтар бар?

  24. Жай жемістер мен жиынтық жемістердің айырмашылықтары неде? Жай жемістің біріккен жемістен (соплодиеден) принциптік айырмашылығы неде?

  25. Жемістің шығу тегі мен құрылысы қандай және ол не үшін қажет?

  26. Жемістерді классификациялағанда қандай белгілерді негізге алады?

  27. Жай гүлшоғының күрделі гүлшоғынан, күрделі моноподиальды гүлшоғының, күрделі симподиальды гүлшоғынан принциптік айырмашылығы неде?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет