Дәріс №1 Тақырып: Персонал менеджменті және оның ұйым қызметін басқарудағы рөлі Қарастырылатын сұрақтар тізбегі



бет27/58
Дата04.04.2023
өлшемі0,92 Mb.
#79351
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58
Дәріс №9
Тақырып: Персоналдың іскерлік мансабын басқару
Қарастырылатын сұрақтар тізбегі:
1. Қызметкер мансабының түсінігі
2. Мансаптылық түрлері, сипаттамасы

Дәрістің мақсаты: Мансап анықтамасын беру. Менеджерлерді шартты түрде үш санатқа бөлу. Мансаптылық түрлері мен сипаттамасын жіктеу. Жұмыс барысында мансапты басқаруды талдау.


1.Қызметкер мансабының түсінігі. Мансап - бұл адамның өз еңбегі жайлы субьективті түрде ұғыну бейнесі, өзін-өзі көрсетудің үміт жолдары және өз іс-әрекетіне қанағаттанғандық білдіру әсерлері. Бұл қызметтік сатыда үдемелі жоғарлауы, дағдылардың, қабілеттіліктердің, біліктілік мүмкіндіктердің және адамның іс-әрекетіне байланысты сый-сияпаттар көлемінің өзгеруі. Мансап - бұл адамның бүкіл өмір бойы жұмыс істеу кезіндегі еңбек тәжірибесі мен іс-әрекетіне байланысты өзі ұғынған көзқарасы және мінез-құлқы.
«Мансапты жасау» - қоғамда жаңа беделді деңгей мен үлкен мүмкіндіктерге жету, жоғары мәртебеге, абыройға, билікке ие болу. Бұл жердегі абырой-қоғам ішінде кең тараған көзқарас.
Әрбір адам өз өмірінде лайықты мансапты таңдау мәселесіне көп көңіл бөледі. Сонымен қатар әр адам өмірінде белгілі бір табыстарға жеткісі келеді:
- қандай да бір шыңдарды алу
- ең жақсы нәтижелерге жету
- қандай да бір салада жетістіктер мен кәсіпқойлыққа ұмтылу
- орындалған жұмысынан қанағаттанарлық сезім алуға ұмтылу.
Еңбек нарығы жағдайында мансап жасай отырып, біздің әрқайсымыз өзіндік жұмыс күшімізді құраушы да, сатушы да боламыз. Нарықтың жағдаяты мен оның заңдылықтарын біле отырып табысқа жетуге болады.
Әрбір адам өз өмірінде лайықты мансапты таңдау мәселесіне көп көңіл бөледі.Сонымен қатар әр адам өмірде белгілі бір табыстарға жеткісі келеді:

  • Қандай да бір шыңдарды алу

  • Ең жақсы нәтижелерге жету

  • Қандай да бір салада жетістіктер мен кәсіпқойлыққа ұмтылу

  • Орындалған жұмысынан қанағаттанған сезім алуға ұмтылу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет