Дәріс 10. Акт -ны дамыту контексіндегі



бет2/4
Дата25.11.2023
өлшемі121,42 Kb.
#126713
1   2   3   4
Байланысты:
лекция 10 инк каз

Зерттеу әдістері
Инклюзивті немесе арнайы сыныптар (топтар) үшін информатика пәні бойынша оқыту процесі- не интерактивті тәсілді ендіруді бағалау параметрлері туралы толық сипатталды.
Енді осы аталғандар бойынша сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға Алматы қаласының үш ірі Ал- малы (9 мектеп), Жетісу (12 мектеп), Медеу (7 мектеп) аудандарының сауалнамаға қатысуға келісім берген инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектептерінің информатика пәні мұғалімдері қатыс- ты. Жалпы саны 28.
Бұл аудандардағы инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектептерде ерекше білім беруді қажет ететін балалар қатарына есту және көру қабілеті төмен, тіл дамуында кемістігі бар балалар кі- реді.
Нәтижелер мен оларды талдау
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептерде информатиканы оқыту практикасында қолданылатын интерактивті технологиялар жалпы педагогикалық мақсаттағы, жеке-әдістемелік мақсаттағы немесе жергілікті болуы мүмкін. Сауалнамаға қатысқан 28 мұғалімнің 15-і жалпы педагогикалық мақсаттағы интерактивті технологияларды таңдады. Жалпы педагогика- лық деңгей қатарына нақты бір білім беру мекемесіндегі, жеке топтағы немесе сыныптағы, нақты бір сабақтағы интерактивті технологияларды қолдану жатады. Мысалы, 3-сыныпта ақпараттық- коммуникациялық технологиялар пәні, есту қабілеті төмен білім алушы, мәтін мен тапсырмаларда дыбыспен сүйемелденген интерактивті құралдарды қолдану. 3 мұғалім жеке-әдістемелік деңгейді таңдағанымен, бұл жағдайда интерактивті қолдану мазмұнын (ерекше білім беруді қажет ететін бала тобы, сыныбы, сабақ) толық ашып сипаттамаған. Бұл деңгей көп жағдайда арнайы мамандармен бір- лесіп жұмыс істеу немесе нақты бір мұғалімнің жеке баламен әрекеті секілді сипатталады.
Жергілікті деңгейді сауалнамаға қатысушылардың 10-ы таңдаған. Соның ішінде қатысушылар- дың 1-і аталған деңгейді жаңа материалды меңгерумен байланыстырған (7-сынып, информатика пәні, көру қабілеті нашар ерекше білім беруді қажет ететін бала, мультимедиялық интерактивті құрал).
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуда жеке-әдістемелік деңгейді барлық практи- калық тапсырмаларды орындауда қолданылатын оқыту процесінің ажырамас бөлігі ретінде атап көр- сеткен. Алайда бұл жауаптар жалпылама түрде, нақты сипаттама берілместен белгіленген.
Сауалнама қатысушыларының ішінде 2-і барлық деңгейде интерактивті оқыту әдістерінің кейбір элементтері ғана қолданылады деп көрсеткен.
Оқытудың интерактивті формаларының қолданылуына қатысты түрлі жауаптар бар. Интерак- тивті оқытудың жалпылама формасын қолдануды 10 қатысушы белгілеген. Оқытудың жеке форма- сын қатысушылар арасынан 7-і қолданады. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептерде 1–4 сыныптарда оқытудың жеке формасын қолдану тиімді. Арнайы білім беру мекемелерінде оқытудың жеке формасы толығымен қолданылады. Сауалнамаға қатысушылардың 8-і оқытудың жұптық формасын қолданудың артықшылықтары өте жоғары деп санайды. Интерактивті оқытудың топтық формасын қолданудың ерекшеліктерін қатысушылардың 2-і, ұжымдық формасын 1 ғана қатысушы таңдаған (2-сурет).

Сурет 2. Оқытудың интерактивті формаларының қолданылуы


Оқытудың интерактивті әдістерінің ішінде жағымды ахуал тудыру әдісі алдыңғы қатарда. Бар- лық қатысушылар аталған әдісті қолданатындықтарын көрсеткен. Кейінгі орында кему реті бойынша шығармашылық тұрғыдан ойлауды ұйымдастыру, кері байланысты ұйымдастыру, кіріктірілген әдіс, әрекетпен алмасуды ұйымдастыру әдісі, ойлау әрекетін алмасуды ұйымдастыру әдісі орналасқан (3- сурет).


Оқытудың интерактивті құралдарын қолдануда қатысушылардың барлығы интерактивті тақта мен мультимедия құралдарын қолдануды белгілеген. Мобильді құрылғыларды қолдану жағдайы аз кездеседі. Басқа да құралдар өрісіне қатысушылар ноутбук, кітаптар, оқытудың басқа да құралдарын келтірген.



Сурет 3. Оқытудың интерактивті әдістері


Сипатталған интерактивті оқыту әдістерін жүзеге асыру деңгейі бойынша жауаптар түрі де әр- түрлі. Тек пассивті әдісті таңдағандар — 5, пассивті және активті әдістер — 2, тек қана активті әдіс


— 7, интерактивті әдіс — 7, активті, пассивті және интерактивті әдістер — 4, пассивті және интерак- тивті әдістер — 3.
Сауалнамада интерактивті сабақта білім алушыларды бағалау әдістері туралы сұрақтар болды. Бағалау әдістерінің ішінде педагогтар тарапынан ең көп қолданылатындары — тест (9 қатысушы), бақылау (4 қатысушы), сауалнама (5 қатысушы), кеңейтілген сауалнама мен өзін-өзі бағалау (3 қаты- сушы), сұрақ-жауап әдісі мен Дельта әдісі (2 қатысушы).
Қорытынды
Сауалнама нәтижесіне сәйкес қатысушылар білім беру процесіне жаңа әдіс-тәсілдер мен оқыту құралдарын ендіру қажеттілігін түсінеді. Қатысушылар арасында интерактивті оқыту әдіс-тәсілдері мен құралдарын қолданушылар саны практикалық тұрғыдан мүлдем қолданбайтындар санынан әлде- қайда кем екендігін байқауға болады. Бұл ең алдымен инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жал- пы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етілмеуімен және ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытудың өзіндік қиындығымен тікелей байланысты.
Сондықтан, интерактивті оқыту — ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудің (көп жағдайда ойынға негізделген), ашық белсенді сұқбат құрудың, баламен, балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудың ұйымдастырылған түрі ретінде қолдануға ыңғайлы оқыту түрі. Заманауи оқытудың әдістемелік жүйесінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану құзыреттілігі тұрғысынан алғанда, инклюзивті білім беру жағдайында информатиканы интерактивті оқыту — ерекше білім бе- руді қажет ететін білім алушының құзыреттілігін дамыту үшін алғышарттар жасайтын педагогикалық процестің барлық қатысушыларының қарқынды, мақсатты өзара әрекеттесуі жағдайында оқу іс- әрекетін ұйымдастыру әдісі ретінде қолдануға болады.
Қорытындылай келе, инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептерде информатика пәні мұғалімдері оқыту процесіне интерактивті оқыту әдіс-тәсілдері мен құралдарын ендіруге жоғары қызығушылық танытады. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуда ин- терактивті әдістер мен құралдарды кеңінен қолдану керек. Жоғарыда аталған әдістер де, құралдарда да толыққанды талдау жұмыстарын жүргізіп, таңдау мүмкіндіктерін кеңейту арқылы ары қарай да- мыту жұмыстарын қолға алуды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет