АКТ -ны дамыту контексіндегі
арнайы педагогиканың объектісі, міндеттері.
Дәріс 10.АКТ
-ны дамыту контексіндегі
арнайы педагогиканың объектісі,
міндеттері.
Инклюзивті білім беру жағдайында пәндерді оқытудың интерактивті әдістері
Бүгінгі таңда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға информатика , физика пәнін оқытуда жаңа педаго- гикалық әдістер мен тәсілдер, оқытудың интерактивті әдістері мен құралдарын енгізу қажеттілігі практика жүзінде айқын сезіледі. Соның өзінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесінде интерактивті әдістерді қолдануды жүзеге асыру сирек кездеседі. Жалпы және әлеуметтік педагогиканың тығыз байланысы интерактивті әдістерді қолдану ерекшеліктері мен қолдану қажеттілігін меңгеруді барлық пән мұғалімдерінің алдында тұрған үлкен мақсат деп біледі. Мақалада инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға информатика пәнін оқытуда практика жүзінде интерактивті әдістердің қандай деңгейде қолданыла- тындығын анықтау нәтижесінде алынған сипаттамалар келтірілген. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептерде пән мұғалімдері оқыту процесіне интерактивті оқыту әдіс-тәсілдері мен құралдарын енгізу қажеттігі бүгінде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуда интерактивті әдістер мен құралдар кеңінен қолданылатын болса, білімді қабылдау салыстырмалы түрде жеңіл түрде жүзеге асады. Автор ин- клюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға информатика пәнін оқытуда интерактивті әдістерді қолдануды жүзеге асыру нәтижелерін сипаттаған.
Интерактивтілік ұғымы қазіргі әлеуметтік психологияның ғылыми бағыттарынан алынған. Ин- терактивтілікті
адамдар бақылай алатын, бір-бірінің ойларын түсінетін және оларға жауап беретін процесте өзара әрекеттесуді қарым-қатынас ретінде қарастыруға болады. Австриялық психолог Пол Вацлавиктің айтуынша «Басқа адамның қатысуымен кез келген мінез-құлық коммуникация болып табылады. Байланыс бірлігі болып табылатын мінез-құлық хабарлама немесе қарапайым байланыс деп аталады. Хабар алмасу интеракция деп аталады». Бұл тәсілді білім беру тәжірибесінде қолда- нудың мәні — адам мен машина арасындағы немесе адам мен адам арасындағы нақты уақыттағы жедел кері байланыстың болуын анықтау болып табылады.
Интерактивті технологияны қазіргі педагогика ғылымы өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде оқытудың тиімді формаларының бірі ретінде қарастырады [1]. Оның жақтаушылары келесі артық- шылықтарды атап өтеді: «дайын емес» білім алу, жалпы даму бағыты, студенттерде тәуелсіз, сыни ойлауды қалыптастыру мүмкіндігі; топта жұмыс істей білу, оқу процесінде стандартты емес әдістер мен тәсілдерді қолдану [2].
Инклюзивті немесе арнайы сыныптар (топтар) үшін информатика,физика пәні бойынша оқыту проце- сіне интерактивті тәсілді ендіруді бағалау параметрлері 1-суретте келтірілген.
Интерактивті технологияларды жүзеге асыру деңгейлері:
Жалпы педагогикалық — мектепте, жоғары оқу орындарында, арнайы мекемелерде оқытудың тұтас педагогикалық процесі;
Жеке әдістемелік — педагогтың жеке оқыту әдістемесі, арнайы мекемелерде жеке оқыту, бір тақырыпты оқытуға арналған жеке педагогикалық технология;
Жергілікті — оқу процесінің белгілі бір буынына арналған оқыту, ол жаңа материалды меңге- ру немесе білімді бақылау мен бағалау кезінде қолданылуы мүмкін [3].
Сурет 1. Интерактивті тәсілді ендіруді бағалау параметрлері