Дәріс №11. Карта мен атластарды құрастыру көздері


Астрономия-геодезиялық мәліметтер



бет2/10
Дата24.04.2023
өлшемі40,2 Kb.
#86251
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
11.2.Астрономия-геодезиялық мәліметтер
Бұл мәлімет көздеріне астрономиялық бақылау, гравиметриялық өлшемдер, триангуляция және трилатерация, полигономерия, жергілікті нивелирлеу нәтижелері жатады. Бұл мәліметтер жоспарлық жағдайы мен теңіз деңгейінен салыстырмалы биіктігі анықталған картаның координаталық (жоспарлық және биіктік) негізін, яғни пунктер желісін және Жердің фигурасын есептеу, эллипсоиды параметрлерін есептеу үшін қажет.
Әртүрлі класты геодезиялық желілер пунктері жергілікті жерлерде орталықтары арқылы жерлерге бекітіледі. Жерге бекітілген геодезиялық желілер пунктерінің үстіне танымдық белгі орнатылады, олар металл немеме бетон бағаналарға отырғызылған пирамидалар немесе сигналдар.
Соңғы кездері геодезиялық желілерді құру үшін кеңінен позициялаудың глобальдық жүйесі қолданылуда (ПГЖ). Сонымен қатар, оларды позициялаудың спутниктік жүйесі деп те атайды. Позициялаудың спутниктік жүйесі Жерге радиосигналдар беріп тұратын биік орбиталарға жіберілген жасанды спутниктер негізінде құрылған. Спутниктерді тәуліктің кез келген уақытында Жер бетінің кез келген нүктесінен көрінетіндей (естілетіндей) етіп орналастырады. Оларды жұлдыздар сияқты астрономо-геодезиялық өлшемдер жүргізген кезде де бақылауға болады. Позициялаудың глобальдық жүйесі жер бетінде жүргізілетін геодезиялық өлшемдер мен триангуляциялық пунктер арасына жүрістік жолдар орнатпай-ақ автономды түрде жергілікті жердің кез келген нүктелерінің координаталарын анықтауға болады.
Позициялаудың глобальдық жүйесінің ашылуы геодезиялық өлшемдер жүйесінің революциялық өзгеруіне және картографияның ақпараттық жабдықталуының жаңаша принпиальдық мүмкіндіктеріне жол ашты. Жергілікті жерде бақыланатын координаталық байланыс өнімділігі 10-15 рет артып, ең басты жеңістік - барлық өлшемдер триангуляция желілеріне бағынышты болмай автономды түрде жүргізіледі. Геодезиялық пирамидалар желісін қысқартуға мүмкіндік берді, мысалы, Ресейде қызмет көрсететін 370 мың ПГЖ саны 20 мыңға дейін қысқартылды.
Астроно-геодезиялық мәліметтер барлық топографиялық және тақырыптық түсірімдерді байланыстыруға қажет болса, геодезиялық пунктер желісі- карталардың математикалық негізінің басты элеметтерінің бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет