Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар


ДӘРІС № 17 ТАҚЫРЫБЫ: Бауыр және ұйқы безінің құрылысы мен қызметтері.Ұйқы безінің эндокриндік бөлімі.Іш астар.Іш астар қуысы.Шажырақай және шарбы



бет24/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   180
ДӘРІС № 17
ТАҚЫРЫБЫ: Бауыр және ұйқы безінің құрылысы мен қызметтері.Ұйқы безінің эндокриндік бөлімі.Іш астар.Іш астар қуысы.Шажырақай және шарбы
Бауыр, hepаr, денедегі ең үлкен без (салмағы 1500 г.), бауырды дененің «биохимиялық лабораториясы» деп атайды. Қызметі әр түрлі:

1.Өт түзеді, ол 12 елі ішекке келеді.

2.Тазарту, бөгеу қызметі-қанмен бауырға келетін белок алмасуының улы өнімдері бауырда нейтралданады, оның үстіне бауыр капиллярлары эндотелиі мен жұлдызды ретикулоциттердің фагоцитоздық қасиеттері бар. Бұл ішекте сіңірілетін заттарды залалсыздандырады.

3.Зат алмасудың барлық түріне қатысады, мысалы көмірсу бауырда гликогенге айналады.

4. Гормоналдық қызметі бар.

5. Эмбриондық кезеңде қан жасайды, себебі ол эритроциттер түзеді.

Бауыр іш қуысының жоғарғы бөлігінің оң жағында, тікелей көкеттің астында орналасқан. Бауырдың екі беті және екі жиегі бар: 1) жоғарғы көкеттің беті дөңес, көкетке жанасып жатады. 2) Төменгі висцералды беті төмен және артқа қараған және онда өзі жанасатын ішкі ағзалардың қысымынын пайда болатын батыңқыларбар. Жоғарғы және төменгі үшкір төменгі жиегі бөліп турады, ал екінші артқы жиегін бауырдың артқы беті деуге болады.

Бауырдың екі үлесі бар: оң үлес үлкендеу, сол үлес кішілеу. Бұл екі үлес көкеттің бетте бір-бірінен бауырдың орақ тәрізді байламымен бөлінген.Бұл байламның бос жиегінде бауырдың жұмыр байламы жатады ( бітіп кеткен кіндік венасы ). Ол кіндіктен бастап созылады.

Бауырдың төменгі висцералды бетінде үш сай бар, олардың екеуі ұзынынан, біреуі көлденең орналасқан. Осы сайлар бауырды оң, сол, шаршы, құйрықты үлестерге бөледі. Оң жақтан ұзынша сайдың алдыңғы бөлігінде өт қапшығы, ал артқы сайында төменгі қуыс вена жатады. Сол жақ ұзынша сайдың алдыңғы бөлігінде бауырдың жұмыр байламы, ал артқы бөлігінде веналық байлам жатады. Бауырдың көлденең сайы алдында шаршы, артында құйрықты үлестермен шектеседі. Көлденең сайды бауыр қақпасы деп атайды . Қақпа арқылы бауырға бауыр артериясы мен қақпа венасы нервтермен бірге кіріп, лимфа тамырлары мен жалпы бауыр түтігі шығады. Бауыр байламдар арқылы көкетке бекіп тұрады.

Құрылысы . Бауырдың сыртқы сілті қабығының астында жұқа фиброзды қабық жатады.Ол бауыр қақпасы аймағында тамырлар мен бірге бауырға еніп, бауыр үлесшілерін қоршайтын жұқа дәнекер тінді қабаттарға созылады. Адам бауыр үлесшелері бір-бірінен нашар бөлінген, ал кейбір жануарларда ол айқын білінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет