Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет67/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   180
2. Жүректің алдыңғы веналары кішкентай веналар, оң қарыншаның алдыңғы бетінде орналасқан және тікелей оң жүрекше қуысына құяды.

3. Жүректің ең ұсақ веналары – жүрек бетіне шықпайды, капиллярлардан жиналып, тікелей жүрекше қуыстарына және аз мөлшерде қарынша қуыстарына құяды.

Жүректің нервтендірілуі. Жүрек бұлшықетін нервтендіретін нервтердің құрылысы мен қызметі ерекше және күрделі, олар көптеген өрімдер түзеді. Бүкіл нерв жүйесі: 1) келетін сабаулардан, 2) экстракардиалды өрімдерден, 3) жүректің өзіндегі өрімдерден, 4) өрімдермен байланысқан түйіндік өрістерден тұрады.

Қызметі жағынан жүрек нервтері 4 түрге бөлінеді : баяутатушы және тездетуші, әлсіретуші және күшейтуші. Морфологиялық жағынан бұл нервтер кезбе нерв пен симпатикалық сабаудың құрамында келеді. Симпатикалық нервтер 3 жоғарғы мойын және 5 жоғарғы кеуде түйіндерінен шығады.

Кезбе нервтің жүректік тармақтары оның мойын, кеуде бөлімінен және қайтарма көмей нервінен басталады. Жүрекке келетін нервтер беткей және терең топтарға бөлінеді. Беткей топ өзінің жоғарғы бөлімінде ұйқы және бұғанаасты артерияларына, төменгі бөлімінде – қолқа мен өкпе сабауына жанасып жатады. Ал терең қабат кеңірдектің төменгі 3/1-нің алдыңғы бетінде орналасады. Мұндай тармақтар кеңірдек аймағында орналасқан лимфа
түйіндермен жанасады, түйіндер үлкейсе, мысалы өкпе туберкулезі кезінде, бұл тармақтарды лимфа түйіндері қысып, одан жүрек ырғағы өзгеруі мүмкін. Бұл нервтерден нерв өрімдері қалыптасады : 1) беткей – қолқа доғасы мен өкпе сабауының айырығы арасындағы өрім, 2) терең – қолқа доғасы мен кеңірдектің айырығы арасындағы өрім. Бұлар аттас тамырларды қоршап тұрған оң және сол жақ жүрек өріміне, сондай- ақ эпикард пен миокард арасында орналасқан өрімге жалғасады. Өрімдерде ганглий жасушаларының көптеген топтарының нерв түйіндері болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет