Жүрек ырғағының бұзылыстары



бет1/6
Дата20.12.2023
өлшемі3,12 Mb.
#141615
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жүрек ырғағының бұзылысы 603-604

Жүрек ырғағының бұзылыстары.

603-604 топ интерндері

Жүрек ырғағының бұзылыстары

кез-келген жүректің соғу жиілігінің,реттілігінің немесе қозу пайда болуы орнының,сонымен қатар импульстердің өту бұзылыстарымен қоса жүрекше және қарыншалардың қалыпты кезектескен белсенділігінің бұзылыстары.

Этиологиясы


Жүрек аритмиялары жүрек зақымдалғанда ғана емес, органикалық және қызметтік сипаттағы кең спектрлі экстракардиалды патологияларда болады.
Аритмиялар мыналардан кейін:
• жүректің органикалық аурулары (миокардит, кардиомиопатия, ЖИА, артериялық гипертензия, жүрек ақаулары т.б.);
• ионды каналдардың генетикалық ақауы(Q-Т интервалдарының ұзаруы, қысқаруы синдромдары, Бругад, катехоламинергиялық полиморфты тахикардия синдромдары);
• импульс өткізгіштіктің туа пайда болған ақаулары (Ленегра синдромы);
Кардиалды емес патологиялар, яғни жүректің әртүрлі жүйке-рефлекторлы әсерлерден зақымдануы, (өт-тас ауруы, диафрагманың өңештік тесігінің жарығы);
• гуморалды реттелу, су-электролитті және қышқыл-сілтілік баланс, эндокринді бұзылыстар (гипер- және гипотиреоза, біріншілік гиперальдостеронизм т.б.);
• физикалық (электрлік немесе механикалык жаракаттар, гипо- немесе гипертермия т.б), химиялық (алкоголь, симпатомиметиктер, никотин, антиаритмиялық препараттар, макролид т.б) заттардың әсері.

ПАТОГЕНЕЗ


Жүректің электрлік белсенділігі жасуша ішілік және жасушасыртылық концентрацияға тәуелді әрекет потенциалының пайда болуына байланысты (ПД), сонымен қатар негізгі иондар Na, K және Cа байланысты. Тыныштық жағдайында жасуша ішінде теріс зарядты иондар болады, ал жасуша сыртында - оң. Осыған байланысты жасуша мембранасының екі жағында пайда болған кернеу трансмембраналық тыныштық потенциалы деп аталады, оның өлшемі жүректің әр түрлі бөлімінде әрқалай 50-90 мВ. Қозу кезінде жасуша ішінің потенциалы жоғарылайды және қысқа уақытқа он болады (10-20 мВ дейін) сосын кайта калыпқа келеді. Бұл электрофизиологиялық құбылысты трансмембраналық әрекет потенциалы деп атайды.
• 0-фаза. Жылдам деполяризация фазасы - жасуша мембранасының натрий каналдары тез ашылып, Na* иондары жасуша ішіне еніп, трансмембраналы потенциал оң болады.
• 1-3-фаза.Жасуша реполяризацисы сатысы - Жасуша мембранасының екі жағында да бастапқы потенциал айырмашылықтарының қалыпка келуі процесі
- 1-фаза. Ерте жылдам реполяризация, К* сыртка шығуына негізделген.
  • 2-фаза. Плато немесе баяу реполяризация.

  • -3-фаза. Реполяризацияның қорытынды фазасы, оң зарядталған калий иондарының шығуымен сипатталады.
    - 4-фаза. Тыныштық фазасы (екі әрекет потенциалының аралығы).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет