Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет90/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   180
Қақпа венасы,v.portae-бауырдан басқа іш қуысының барлық сыңар ағзаларынан қан жинайды, қақпа венасындағы қан бауыр арқылы өтіп, содан кейін ғана төменгі қуыс венаға өтеді. Қақпа венасына асқазан, 12-елі ішек, ұйқы безіб өтқуық веналары келіп құяды. Қақпа венасы ұйқы безінің артында көкбауыр венасы мен екі-жоғары және төменге шажырқай веналарынан құралады, жолында оң және сол асқазан венасын қабылдайды. Кейін бауыр қақпасынан бауырдың ішіне кіріп, екі тармаққа бөлінеді. Олар бауыр үлесшелерін шырмап, көптеген ұсақ тармақшаларға ыдырайды. Көпдеген каплярлар бөліктердің ішіне өтіп, соңында орталық венаға қосылып, бауыр веналарға жиналады, олар төменгі қуыс венаға құяды. Бауырда қақпа венасы соңғы тармақтарына бөлінеді:

1.Көкбауыр венасы – көкбауыр, асқазан және ұйқы безінен қан жиналады.

2.Жоғарғы және төменгі шажырқай веналар – аттас артерияларға сәйкес келеді. Жоғарғы шажырқай венасы жолында жінішке ішектен , соқыр ішектен жоғарлаған жиек және көлденең ішектен вена тамырларын қабылдап, төменгі шажырқай венасымен қосылады.

3. Төменгі шажырқай вена тік ішектің веналық өрімінен басталады, жолында оған сигма тәрізді тоқ ішектің, төмендеген ішектің және көлденең ішектің сол жартысынан салалар қосылады. Ол ұйқы без басының артында алдын-ала көкбауыр венасымен қосылып немесе өздігінен жоғары шажырқай венасына қосылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет