Тоқ (жуан ) ішек (лат. intestinum crassum) ащы ішектің оған келіп жалғасатын жерінен ( илиоцекалды бұрыш) басталады да, тік ішекпен аяқталады. Тоқ ішектің бірнеше бөліктерін ажыратады: соқыр ішек (соесum), жоғары бағытталған бөлік (colon ascendens), көлденең жатқан бөлік (colon transversum) пен төмен бағытталған бөлік (colon descendens), сигма тәрізді бөлік ( colon sigmoideum). Сигма тәрізді ішектің жалғасы тік ішек ( rectum) артқы тесікпен (anus) бітеді. Тоқ ішек ( ободочная кишка, colon)- жалпы ұзындығы 1-2 м, диаметрі 4-7 см.
Тоқ ішектің бөліктер Тоқ ішектің келесі бөлімдерін ажыратамыз:
соқыр ішек
жоғарлаған бөлім
көлденеңдеген бөлім
төмендеген бөлім
сигматәрізді ішек
Тоқ ішектің қызметі.
Тоқ ішектің қызметі: моторлы, сіңдіру және бөліп шығару. Тоқ ішекте судың 95%, электролиттер және кейбір газтәрізді заттардың сіңірілуі жүреді. Ішек микрофлорасының өмір сүруіне байланысты тоқ ішек В витаминдер тобы мен К витамин алмасуына қатысады
Тоқ ішекке тән ерекшеліктер:
1. Ерекше бойлық бұлшық ет таспалар (teniae coli ) болуы;
2. Өзіне тән қампайманың (haustra coli) болуы;
3. Mайы бар сірлі қабық өсіндінің (appendices epiploicae)болуы;
2 Тоқ ішектеегі астың қортылу процесі Тоқ ішекте ас қорыту жолының алдыңғы бөлімдерінде корытылып үлтерілмеген қоректік заттар ыдырайды. Бұл процесте ащы ішекген өткен ферменттер мен ас қорыту жолының осы бөлімін мекендейтін алуан түрлі микроорганизмдер ферментері зор рөл атқарады (1 г химуста 15 млрд бактериялар болады). Ішектің бұл бөлімінде микроорганизмдер әрекетінен белоктар шіріп, көмірсулар ашиды. Белоктардың шіруінің, амин қышқылдарының ыңырауының нәтижесінде индол, крезол, скатол, фенол сияқты уытты заттар түзіледі. Аталған өнімдер қанға сіңіп, бауырда күкірт қышқылымен, глюкурон қышқылымен қосылады, залалсызданады. Тоқ ішектен су мен минералды заттар қарқынды сіңіріледі де, химус коюланып, нәжіс пайда болады.