Дәріс №14 Тақырыбы: Мектеп гигиенасы


Мектеп зертханаларының мөлшері



бет5/7
Дата11.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#137097
1   2   3   4   5   6   7
Мектеп зертханаларының мөлшері 66-70 м2, яғни әрбір оқушыға 1,5-1,75 м2 болады.
  • Мектеп шеберханалары 2 түрлі болады: қыздарға және ұлдарға арналған. Ұлдар шеберханасының ауданы 50-60 м2 (әр оқушыға 3,3 м2) және шеберханадағы станоктар мен оқушылардың көз деңгейінің арасы 45 см болу керек.
  • Балаларға ауыр жүк көтеруге болмайды. 5-8 жаста - 4 кг, 9-10 ж – 6 кг, 10-12 ж – 10 кг, 13-15 ж – 14 кг, 16-17 ж – 24 кг жүк көтеруге болады.
  • Бастауыш сынып оқушылары шеберханада шаршамау үшін әрбір 15 минут сайын 2-3 минуттай, ал жоғары сынып оқушылары 40-45 минуттан соң 10-15 минуттай үзіліс жасау қажет.
  • Ашық ауада еңбек ету үшін жаз айларында таңғы 7-11 сағ, кешкі 17-20 сағат аралығы қолайлы.
  • Ауыл шаруашылық жұмысында 5-6 сынып оқушылары 2 сағат, 7-8 сынып оқушылары 4 сағат, 9-11 сныптағылар 6 сағат еңбек етсе жеткілікті.
    • Спорт залының ауданы мектеп оқушыларының санына сәйкес болу керек. Әрбір оқушыға 4 см2 болады.
    • Спорт залы оқу бөлмелерінен оңаша орналасқан мектеп кешенінің жеке бір қанатының бірінші қабатында орналасады. Оның есігі дәліз арқылы немесе киім шешетін бөлме арқылы өтеді.
    • Спорт залының температурасы 15-170С, киім шешінетін бөлмеде 19-220С болу керек.
    • Мәжіліс залының ауданы 12 м2.
    • Асхананың ауданы әр орынға 0,65-0,70 м2 есебінен бөлінеді. Асханада ас дайындау бөлмесі, ас қоймасы, ыдыс жуатын орын, буфет болады.
    • Киім ілгіш гардероб екі бөлмеден тұрады: шешінетін жер – фойе және киім ілгіш гардероб.
    • Жуынатын бөлме және дәретхана мектеп кешенінің әр қанатында орналасады.
    • Баспалдақтардың ені 30 см, биіктігі 16 см болады және онда жарық көзі болу керек.
    • Мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар
    • Жиһаздар, жабдықтар оқушылардың жасына сәйкес болу керек.
    • Парта қазіргі талап бойынша бала бойының ұзындығына сәйкес 5 топқа бөлінеді:
    • А тобы бойы 130 см-ге дейінгі балаларға арналған;
    • Б тобы – 130-145 см;
    • В тобы – 145-160 см;
    • Г тобы - 160-175 см;
    • Д тобы – 175-190 см арналған.
    • Әр топқа түстер бекітілген: А – сары, Б – қызыл, В – көкшіл, Г – жасыл, Д – ақ түсті.
    • Әр мұғалім сынып бөлмесіне парта таңдағанда балалардың медициналық картасындағы бойының ұзындықтарына сәйкес таңдайды.


    • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет