Дәріс №7 timss -2015-2019: Қазақстан жетістіктері



бет2/8
Дата06.01.2022
өлшемі22,46 Mb.
#15290
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ХСЗ-Дәріс -7-TIMSS -2015-2019 Қазақстан жетістіктері-7М01501-Математика-2-курс

TIMSS тұжырымдамасы 20 жыл бойы жетіліп, зерттеудің шекарасы кеңейді, зерттеуде елдерге жекелеген провинциялар болып қатысу мүмкіндігі берілді. Мысалы, TIMSS-2015 Аргентинадан Буэнос-Айрес, Канададан Онтарио және Квебек, БАЕ-нен Абу-Даби мен Дубай, АҚШ-тан Флорида штаты өз мемлекетінің жалпы орта балына енбей, тек өз оқушыларының нәтижелерін ғана бағалады.

TIMSS тәуелсіз және объективті халықаралық бағалауға қатысуға мүдделі елдер санының артуы зерттеудің беделділігін растайды. TIMSS-2015 алтыншы мерейтойлық кезеңіне бастауыш және негізгі мектептің 550 000 астам оқушысы қатысты. Халықаралық есепте математикалық сауаттылық бағытында 49 елдің, соның ішінде Қазақстанның TIMSS-2015 зерттеуіне қатысу нәтижелері Ұлттық есепте және жаратылыстану бағытында 47 елдің төртінші сынып оқушыларының нәтижелері берілді (Оңтүстік Африка және Иорданияның көрсеткіштері ұсынылмады). Барлық 39 елдің 8-сынып оқушыларының Математика пәнінен және жаратылыстану пәндерінен алған нәтижелері қорытынды кестеде жарияланды.


2015 жылы TIMSS (Trends in International Mathematics and Science Study) 4- ші және 8-ші сынып оқушыларының жаратылыстану және математикалық дайындық деңгейін бағалаудың алғашқы халықаралық зерттеуі өзінің 20-жылдығын атап өтті. Зерттеудің алты кезеңінде дүниежүзінің 50-ден астам білім беру жүйесі жаһандық мониторингіне қатысу мүмкіндігіне ие болды.

TIMSS-тің үш басты өлшемі (Математика және жаратылыстану)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет