Дәріс №7 timss -2015-2019: Қазақстан жетістіктері


Ілгері және жоғары деңгейлердің тапсырмаларын орындаған қазақстандық бастауыш сынып оқушыларының үлесі артты



бет4/8
Дата06.01.2022
өлшемі22,46 Mb.
#15290
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ХСЗ-Дәріс -7-TIMSS -2015-2019 Қазақстан жетістіктері-7М01501-Математика-2-курс

Ілгері және жоғары деңгейлердің тапсырмаларын орындаған қазақстандық бастауыш сынып оқушыларының үлесі артты.

«Сандар» бөлімінің тапсырмаларын орындауда 23 елдің, соның ішінде Қазақстанның да төртінші сынып оқушылары жетістікке жетті.

Қазақстандық оқушылар «Геометриялық фигуралар мен өлшемдер» және «Деректерді талдау» бөлімдерінің тапсырмаларын едәуір төмен орындады.

Қазақстан оқушыларының оқу-танымдық қызметтің барлық үш түрі бойынша көрсеткіштердің өсімі 40 балдан артық болды.

Бұл кезекте, қазақстандық төртінші сынып оқушыларына стандартты емес нысанда (кестелер, графиктер және диаграмма) келтірілген деректерге түсінік беру қиындық туғызады.


4 сынып оқушыларының математика пәнінен нәтижесі

Салыстырмалы талдау ілгері және жоғары деңгейлердің тапсырмаларын сәтті орындаған қазақстандық бастауыш сынып оқушылары үлесі өсімінің оң динамикасын көрсетті (+9 және +18)



TIMSS-2015 қатысушы төртінші сынып оқушыларының математикалық дайындығын тәуелсіз халықаралық бағалау нәтижелері қазақстандық сарапшыларға арналған айтарлықтай ақпараттық материалды біріктіреді.

Жетістіктер

Қиындықтар

Математика пәнінен қорытынды жиынтық көрсеткіші (544) зерттеуге қатысушы 49 ел бойынша орташа балдан жоғары болды.

Бұл еліміздің академиялық бастауыш мектебінің жоғары деңгейін растайды. Сонымен бірге, бұл нәтижеге күрделіліктің орташа деңгейінің тапсырмаларын анағұрлым сәтті шешу арқылы қол жеткізілді (қарапайым жағдайлардағы базалық математикалық білім мен оңай сандық есептерді шешу).



Стандартты емес форматта (кестелер, графиктер және диаграммалар) берілген деректерге түсінік беру дағдылары қазақстандық 4-сынып оқушыларында қиындық туғызатыны анықталды.

Бастауыш мектептегі математика – бұл оқушының сандар мен геометриялық фигуралар, кестелер мен диаграммалар кең әлемімен өздік жұмысының алғашқы тәжірибесі. Бұл деңгейде ойлау дағдыларын қалыптастыратын және балаларды жаңа білімге итермелейтін математикаға деген қызығушылықтың іргесі қаланады. Халықаралық тестті орындаудың сараптамалық талдауы бастауыш мектептің өзінде-ақ геометриялық фигуралардың сапалық қасиеттерін анағұрлым терең зерттеу қажеттілігін дәлелдейді. Бастауыш сынып оқушылары геометриялық білімді тәжірибелік қызықты оқыту ортасында анағұрлым жақсы меңгереді. Бастауыш сынып оқушыларының ерте кезеңде қалыптасқан математикалық интуициясы мен кеңістіктік қиялы анағұрлым жақсы болуы бұдан әрі оқуына септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет