Жоба дегеніміз – бұл оның келесідей барлық құрамдастарының мазмұнын ашатын педагогикалық процестің болжамды үлгісі, олар:
− мақсаттар; − оқу мазмұны; − педагогтің қызметі; − оқушылардың қызметі; − педагогикалық диагностика; − жетістіктерді бағалау.
Оқу процесі жобалау кезеңдерімен: алдымен оқу курсының деңгейінде, кейін оқу тақырыбы деңгейінде және соңында, сабақ деңгейінде орындалады.
Пән бойынша оқу процесінің жобасын түзудің бастауыш сәті мақсат белгілеу немесе оқу бағдарламасының әрбір кезеңі үшін оқу мақсаттарын анықтау болып табылады. Бұл кезеңде педагог оқудағы шағын мақсаттарын түрлендіріп отырып, бағдарламаның мазмұнымен жұмыс жасайды. Технологиялық көзқарасында мақсаттың операционалды белгіленуі қолданылады, ол кезде оқушылардың игеруіне жататын білімдер мен икемдер (оқушылар сырттай білінген қызметі арқылы) көрсетіледі.
Мақсаттың осылайша көрініс табуы нақты, диагностикалық талапқа сай, одан оған жетудің тексеру амалы түсінікті. Ақыл-ойы кем оқушылардың оқу процесінде бірдей оқу жетістіктерін күту мүмкін болмағандықтан, мақсаттар оқу материалын меңгеру деңгейлеріне сәйкес белгіленеді. Бұл оқу процесінде оқушыларға саралап және деңгейлеп келуді орындауға жол ашады.
Деңгейлеп мақсат белгілеу негізі ретінде Б. Блумның оқу мақсаттарының таксономиясын алуға болады. Ақыл-ойы кем оқушыларға қатысты алдыңғы үш деңгей қолданымды: «тану», «түсіну», «қолдану». Бұл деңгейлер ақыл-ойы кенжелеп қалған балаларды оқытуда қолданылатын әдіснамалық көзқарастармен үндесіп отыр, олар П.Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекеттерін кезеңімен қалыптастыру теориясына негізделген.
Бара-бара оқушыларда әрекеттер мен түсініктердің бейнесі қалыптасады.
Сонымен, оқу мақсаттарының бірінші санатына «тану» шығады. Бұл танудың бастапқы кезеңі. Осы кезеңде оқушы ұғымдарды (зерделеу объектілерін) тану, танып білу және ажырату. Оқу мақсаттарының келесі санаты «түсіну» деңгейі – ол зерделеніп отырған материалдың ішкі байланыстарын ұғыну, терминдерді, ережелерді және белгілерді қолдануды көздейді.
«Қолдану» - бұл оқу материалын меңгерудегі келесі қадам, ол меңгерілген түсініктердің, ережелердің, қағидаттардың ұқсас оқу жағдайындағы дұрыс қолданысын көздейді.
Мұғаліммен орындалған оқу пәнінің бағдарламалық мазмұны мен оған сәйкес мақсатты тұжырымдау (күтілетін нәтижелер түрінде) кестеде құрылымдалып, оқу процесі жобасының бірінші құжаты болып табылады. 5- кестеде математика курсына арналған «6-10 сандардың белгіленуі» тарауы бойынша мақсатты тұжырымдау үзіндісі көрсетілген. Зерде бұзылыстары бар оқушылар үшін математика бойынша бағдарлама шоғырлану қағидаты негізінде құрылғандықтан мақсатты тұжырымдауға өтілген материалдың жаңа материалды меңгеру жүйесіне қалай қосылғанын байқауға болады. Тақырыпты зерделеп болған соң, зияткерлік кемтарлығы бар оқушылардың жетістіктері бірдей болмайды.
1-типологиялық топтағы оқушылар дағдыларды өз бетінше игеруін, білімдерін ұқсас жағдайда қолдануын көрсетеді.
2-типологиялық топтағы оқушылар тақырыптың негізгі мазмұнынын ұғынғанын көрсетеді.
3-типологиялық топтағы оқушылар тақырыптың тек жеке элементтерін түсінгенін көрсетіп, өз білімдерін белсендендіруде мұғалімнің көмегін қажетсінеді.
4-типологиялық топтағы оқушылар, әдеттегідей, өзге, едәуір жеңіл оқу материалын зерделейді, олардың жетістіктері мақсатты деңгейлік тұжырымдау негізінде соның шеңберінде анықталады. Оқушының кез-келген жетістіктері, қаншалықты елеусіз болса да, оң деп қарастырылады. Мектеп оқушысының әр тақырып бойынша жеке нәтижелері оқу жетістіктерінің карталарында тіркеледі, оның оқушы деңгейіне сәйкес келетін бағанында (білім, ұғыну немесе қолдану) мұғалім көрсетілген нәтижені алу күнін қояды.