Дәріс 9 Желатинді капсулалардағы дәрілік заттар технологиясы



бет9/16
Дата16.09.2023
өлшемі1,04 Mb.
#108099
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

Желатин массасын ісінусіз дайындау үшін cу қаптамасымен, автоматты температура реттегішімен және қалақты араластырғышпен жабдықталған жабық реакторға тазартылған судың есептелген көлемі құйылады және 70-75°с дейін қыздырылады. Қыздырылған смуда бірінен кейін бірі консерванттарды, пластификаторларды және басқа қосымша заттарды салып, ерітеді, араластыра отырып, желатинді салады. Желатин толық ерігенге дейін араластырады. Әрі қарай, желатиннің ісінуімен масса алу кезіндегідей жүргізеді, желатиннің еруінің уақыт параметрлерін, араластырғыштың жұмысын және желатин массасын тұрақтандыруды бақылайды.Капсулалау процесі 40-45 ° С тұрақты температурада желатинді массаны термостаттау жағдайында өтеді.

  • Желатин массасын ісінусіз дайындау үшін cу қаптамасымен, автоматты температура реттегішімен және қалақты араластырғышпен жабдықталған жабық реакторға тазартылған судың есептелген көлемі құйылады және 70-75°с дейін қыздырылады. Қыздырылған смуда бірінен кейін бірі консерванттарды, пластификаторларды және басқа қосымша заттарды салып, ерітеді, араластыра отырып, желатинді салады. Желатин толық ерігенге дейін араластырады. Әрі қарай, желатиннің ісінуімен масса алу кезіндегідей жүргізеді, желатиннің еруінің уақыт параметрлерін, араластырғыштың жұмысын және желатин массасын тұрақтандыруды бақылайды.Капсулалау процесі 40-45 ° С тұрақты температурада желатинді массаны термостаттау жағдайында өтеді.

Жұмсақ желатинді капсулалар

  • Жұмсақ желатинді капсулалар сфералық, сопақ, ұзын немесе цилиндр пішінді, жарты шар тәрізді, тігісі бар және онсыз болуы мүмкін (сурет. 6.2). Капсулалар әртүрлі мөлшерде болуы мүмкін, сыйымдылығы 0,1-ден 1,5 мл-ге дейін. Тігісті жұмсақ капсулаларда 7,5 мл-ге дейін сұйықтық енгізуге болады (ваннаға арналған хош иістендіргіштер). Оларда тұтқыр сұйықтықтарды, майлы ерітінділерді, паста тәрізді дәрілік заттарды, желатинмен өзара әрекеттеспейтін сұйық суспензияларды инкапсуляциялайды. Капсулалардың ішіндегісі медициналық қолдануға рұқсат етілген түрлі қосымша заттарды енгізу мүмкіндігі бар бір немесе бірнеше дәрілік заттардан тұруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет