Созылмалы панкреатит инфекцияларда, интоксикацияда, соның ішінде алкогольдік, асқазан, бауыр, өтқабы дерттерінде, жедел панкреатиттен кейін де дамуы мүмкін. Без тінінде атрофиялық және склероздық өзгерістер басым болады, сонымен катар циноздык жасушалар регенерациясы және регенерациялық аденома жасалады. Бершімектелген өзгерістер түтіктердін тарылуына әкеледі және кисталар жасалады. Склерозға ұшыраған (бөліктерде көбінесе кальций тұрақтайды. Без аймағы кішірейеді және тіндері өте катаяды. Қантты диабет дамуы мүмкін.
Үйқы безі обыры көбіне оның бастапқы бөлігінде табылады, бірақ бүл ереже емес ол денесінде және бездін кұйрығында да болуы мүмкін. Әдетте гистологиялык тұрғыдан ол аденокрцинома болып келеді, түтіктердің эпителиясынан дамиды. Оған сәйкес ипфильтративті өсу, бірақ бездің бас жағында ісік сирек емес қатты түйін түрінде өсіп, сол жерлерге еніп, ұйқы безінің түтіктерін және өттің жалпы түтігін басады. Осыдан панкреатит, холангит дамиды және бауырастылық сарғаю пайда болады. Акыры өлім, арыкгаудан, обыр метастазынан немесе қосымша пневмониядан болады.
Дәріс. Тақырып:Тыныс алу жүйесінің патологиясы: Өкпенің жіті және созылмалы аурулары. Өкпе обыры. Ағзада оттегі және көмірқышқыл газының алмасуы қанайналым жүйесі мен тыныс жүйесінің қатысуымен жүреді.
Тыныс жүйесіне кіреді: 1.тыныс жолдары; өкпе ұлпасы. 2.онда қанайналым жүйесінің көмегімен газдар алмасуы жүреді; 3.кеуде, оған кіретін сүйек — шеміршектік қаңқа және жүйке бұлшықет жүйесі; 4.тынысты реттеу жүйкелік орталығы.
Тыныс жүйесі қамтамасыз етеді: 1.альвеолярлық вентиляция (желдету) — оттегі мен көмірқышқылы газының альвеолаларда алмасуы; 2.өкпеде, оған қоса оның альвеолаларында қанайналым, олар оттегі мен көмірқышқылы газын альвеолалар-капиллярлық мембранадан (қабаттан) немесе аэрогемалық кедергіден диффузиясын қамтамасыз етеді. Тыныс алу жүйесінің қызмет жасауының бұзылыстары тыныстық жетіспеушілікке әкелуі мүмкін. Тыныс жетіспеушілігі — ағза ахуалы, өкпенің газ алмасу қызметінің бұзылуы нәтижесінде гипоксия мен гиперкапния дамуымен сипатталады.