Дәріс; асқазан-ішек жолдарының аурулары ауыз қуысында ac қорыту бұзылыстары


ӨКПЕНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ АБСТРУКТИВТІ ЭМФИЗЕМАСЫ



бет27/28
Дата26.01.2023
өлшемі373,41 Kb.
#63101
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
ӨКПЕНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ АБСТРУКТИВТІ ЭМФИЗЕМАСЫ
Өкпе эмфиземасы — дерт немесе синдром өкпенің альвеолаларыныћ тұрақты кеңуімен және альвеолалар аралық қалқаның бүтіндігінің бөлінуімен сипатталады (11.6-сурет). Созылмалы эмфизема үдей дамыған пневмасклерозбен бірге үлкейіп өседі және альвеолаларда болатын ауаның көлемінің үлкеюімен сипатталады. Біраз уакытқа дейін эмфизема компенсаторлық мән алады, себебі қабыну ошағының айналасында ауасы жоқ ателектазды жерлерде пайда болады, сонымен бірге ол өкпе ұлпасының склерозға ұшыраған боліктерінде де дамиды.
Уақыт өткен сайын эмфиземалық ошақтарда өкпе тіні ісініп элластикалық (созылғыш) қасиетін жояды, альвеолалар аралық қалқа жыртылады немесе склерозға ұшырайды, яғни өкпеде склероздық өзгерген жердің жалпы көлемі үлкейеді. Жалпы пневмосклероз дамиды, ол кіші қанайналым шеңберінде АҚ жоғарылауына әкеледі, жүректің оң жақ бөлігіне жүктің ұдайы жоғары болуын анықтайды, осының нәтижесінде оң жақ бөлік гипертрофияланады; «өкпелік жүрек» дамиды.
Бронхоэктаздық дерт дегеніміз бронхоэктаз, пневмосклероз, кіші қанайналым шеңберінің гипертониясы, «өкпелік жүрек» және созылмалы өкпелік жетіспеушілік, осы төртеуінің бірлесуі болып табылады. Бронхоэктаздарда ішінде іріңдік экссудат бар, сондықтан бұл дерт жиі өршіп күшейеді, сондай-ақ склерозға айналған өкпе тінінің көлемі үлкейе түседі. Бара-бара склероздық озгерістер өкпенің деформациясына әкеледі, онда пневмоцирроз деп аталады.
БРОНХОЭКТАЗДЫҚ ДЕРТТІҢ АСҚЫНУЛАРЫ:- бронхының және бронхоэктаздың эпителияларының метаплазиясы, ол жиі бронхы обырына бастама береді; бронхоэктаз қабырғаларының тамырларынан өкпелік қанкету болады; өкпе абсцессасы, плевра эипиемасы, созылмалы өкпе-жүректік жетіспеушілік; екіншілік амилойдоз. Осылардың әрқайсысының асқынуы аурудың өлімінің себебі бола алады.
РЕСТРИКТИВТІК ӨКПЕ ДЕРТТЕРІ;- Бұл топтағы дерттер өкпе ұлпасының және өкпенің өмірлік көлемінің кішіреюімен сипатталады. Олардың негізіне екі өкпеде де респираторлық бөліктерінде бір уақытта қабыну және интерстициясында фиброз дамуы жатады. Бұл аэрогематикалы кедергіні (блокада) бөгейді және тыныс жетіспеу симптомының үдей дамуын шақырады, ақыр соңында аурулардың өліміне келеді. Өкпенің көптеген интерстициялық дерттері фиброздаушы альвеолит түрінде өтеді, жедел немесе созылмалы ағымда жүреді, альвеолаларда, альвеолалық жолдарда және бронхиолдарда, олардың интерстициясында іріңсіз қабыну болады, осы аталған қүрылымдардың фиброзымен бітеді.
ӨКПЕ ОБЫРЫ;-Өкпе обырымен ауыршаңдық бүкіл жер жүзінде көбеюде. Өкпе обырында пайда болуына оладың шаңдануы, сонымен қатар темекі шегу өте үлкен рөл атқарады. Обырдың алдын алу жайы туралы ұғымда обыр алды ауруларына бронхы эпителияларының метаплазиясы және дисплазиясы, созылмалы бронхиттер мен бронхоэктаздар жатады.
Өкпе обырының түрлері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет