В. М. Монаховтың болжауды құру аксиомалары
В. М. Монаховтың педагогикалық технологиясы бойынша болжауды құру барысында мына жеті аксиома орындалу керек:
1-аксиома. Өзіндік жұмыстың (ӨЖ) екі түрі бар: білім беру стандар- ты (программа) деңгейіндегі тапсырма, жоғары деңгейдегі тапсырма. 2-аксиома. Стандартты ӨЖ төрт тапсырмадан тұрады: алғашқы екеуі стандартты деңгейінде, соңғы екеуі жоғары деңгейде.
аксиома. ӨЖ-тың жалпы түрі:
білім беру стандарты талаптары деңгейіндегі тапсырма;
білім беру стандарты талаптары деңгейдегі тапсырма;
«Төрттік» баға деңгейіндегі тапсырма;
«Бестік» баға деңгейіндегі тапсырма.
аксиома. Алғашқы екі тапсырма қиындығы жөнінен бірдей, оқушыларға түсінікті əрі қарапайым болуы керек.
аксиома. Білім беру Заңына (əрбір 3 оқушы стандарт деңгейіне жетуге міндетті, одан əрі ол осы деңгейде тоқтай ма, жоқ па, əлде əрі қарайғы деңгей тапсырмасын орындай ма, ол оқушының өз еркі) сəйкес кез келген оқушы тапсырманы берілген тəртіп бойынша жəне екінші тапсырма орындалмай тұрып үшінші, сол сияқты төртінші тапсырманы орындауға болмайды.
аксиома. «Төрттік» бағаға берілетін №3 тапсырма алғашқыларға қарағанда қиынырақ болу керек. Тапсырманың қиындығы болжана- тын мақсаттың мазмұнына байланысты.
аксиома. «Бестік» бағаға берілетін №4 тапсырма №3 тапсырмаға қарағанда қиындау болуы керек.
Міне, осы аксиомалар талаптары толық сақталғанда болжау жұмысының тапсырмалары алдыға қойған мақсатқа толық жеткізеді. Осы аксиомаларға нақтырақ түсініктемелер берейік.
3-аксиомада болжамдағы тапсырмалар саны көрсетіледі. Онда білім беру стандарты талаптары деңгейіндегі тапсырма саны екеу екені айтылған. Оның себебі «егер оқушы алғашқы екі тапсырманы ешқандай қатесіз орындаса, онда оның білімі «мемлекеттік талаптарына» сай келеді жəне ол сынақтан өтті деген белгі алуына толық мүмкіндігі бар. Егер тапсырманың екеуі де орындалмаса, онда оқушы түзету (коррекция) тобына түседі. Егер екі тапсырманың біреуі дұрыс, ал екіншісі қате болса, онда ол оқушының да сынақтан өтуге мүмкіндігі бар, егер ол технологиялық картадағы «Сабақтан тыс өз бетімен орындайтын тапсырмалар» бөлігіндегі тапсырманың стандарт деңгейіндегі жаттығуларын толық орындаса.
Келесі кезекте «бестік» деңгейін анықтайды, яғни №4 тапсырманың үлгісін құрады. «Бестік» немесе ең жоғары деңгей тапсырмасы оқушылардың ойлау, есте сақтау дағдыларын, жылдамдығын тексеру мақсатында болу керек. №3 тапсырманың («төрттік» баға деңгейінің талаптары) қиындығы стандарт пен жоғары деңгейдің арасындағы аралық деңгей болып шығады. В. М. Монахов эксперименттік зерттеу нəтижелерінің қорытындысы бойынша «төрттік» деңгейдегі бағаның оқу орнының түріне қарай мынадай мөлшерін ұсынады: егер гимназия немесе лицей болса, онда «төрттік» бағаның деңгейі «бестік» бағаның деңгейіне, ал жалпы орта білім беретін орта мектепте «төрттік» бағаның деңгейі стандарттың деңгейіне жақындатып алу тиімді болады.
Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын тапсырмаларын мөлшерлеу бөлігі. Бұл бөліктің практикалық мақсаты – оқушылардың болжау тапсырмаларына дайындығы болады.
Адамгершілік мақсаты – оқушыға бірінші рет «білім туралы» Заңға сəйкес өз бағасын таңдауға мүмкіндік беріледі, яғни қойылатын баға деңгейіндегі тапсырмалар жиынтығын таңдау.
Негізгі мақсат – артық тапсырмадан арылу.
Мұнда да қойылған мақсаттар санына байланысты, əрбір мақсатқа үш деңгей бойынша тапсырмалар жиынтығы беріледі. Технологиялық жобаның авторы – сабақтан тыс өз бетімен орындайтын тапсырмаларды мөлшерлеу бөлігінде оқушыға тексеру жұмысы кезінде өзінің таңдаған деңгейіндегі бағаны алуға кепілдік беретін тапсырма көлемін орындап дайындалуды ұсыну керек. Технология бойынша оқыту үдерісі кезінде де əдеттегі үйге
берілетін тапсырмадан бас тартуға болмайды. Үй тапсырмасының əрқайсысын деңгей бойынша анықтап, оның қай деңгейін орындауды таңдауын оқушылардың өз еріктеріне беру қажет. Технологияның үш элементі: мақсат қою, болжау, үй тапсырмасын мөлшерлеу өзара тығыз байланысты, олардың əрқайсысы екіншісінің мазмұнын толықтырып отырады. Мақсаттың саны мен мазмұны, онда анықталған оқушыларды дамыту міндеттері тақырыпты оқытудың логикалық құрылымын құрайды. Мұнда əрбір мақсатқа жетудің уақытша ұзақтығы беріліп, сабақтың негізгі жəне көмекші құралдары анықталады, оқушыларды дамыту бағдарламасы құрастырылады.
Уақытпен есептелген ұзақтық қойылған мақсатқа жетуге жеткілікті болатын тақырыпқа берілетін сағат санымен анықталады. Əдеттегі күнтізбелік жоспарлаудан айырмашылығы, мұғалім оқу үдерісінің субъективті жағдайларға байланысты болатын сабақтың үйлесімді үдемелілігін кəсіпкерлік шеберлігі, сыныптың білім деңгейі жəне көмекші құралдарды қарастыру өзара байланыста болатын жаңа білім элементтерінің тізбесін жəне негізгі тақырыпты өту барысында қажет болатын қосымша ұғымдардың тізбесін анықтауды қажет етеді. Біздің жұмысымызда көмекші құрал ретінде қайталау тақырыптары алынған. Қайталау тақырыптары жаңа ұғымды енгізу барысында, оның түсінікті болуы үшін жəне жаңа ұғымды ілгеріде өткен ұғымдармен байланыстыру үшін қажет. Сыныптағы оқушылардың жеке ерекшеліктеріне байланысты оқу үдерісінің логикалық құрылымына оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау, сөйлеу мəнерін, ынтасын дамыту енгізіледі.
Технологиялық ең соңғы «Түзету» (коррекция) бөлігін қарастырайық. Бұл бөлік сынақтан өтпеген, яғни білім дəрежесі мемлекеттік стандарт деңгейінен төмен оқушыларға арналған. Бұл бөлікте негізі үш жағдай қамтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |