Дәріс: Білім беруді оқытудың заманауи тәсілдері пәнінің міндеті мен мақсаты. Педагогикалық технология түсінігі


Тірек сигналдарын пайдалана отырып перспективалық- жеделдете оқыту



бет22/53
Дата15.12.2023
өлшемі0,87 Mb.
#138470
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53
Байланысты:
Дәріс Білім беруді оқытудың заманауи тәсілдері пәнінің міндеÑ

Тірек сигналдарын пайдалана отырып перспективалық- жеделдете оқыту

Мақсаты: білім, білік дағдыны қалыптастыру, стандартқа бағыттау. Оқушылардың барлығын табысты оқыту.

Ерекшелігі:
  1. педагогикалық ынтымақтастық;


  2. тұлғалық қарым-қатынас;


  3. оқу материалдарының мазмұнының жүйелілігі;


  4. материалдардың сабақтастығы;


  5. саралау, тапсырманың əр оқушыға жеткізілуі;


  6. білетін оқушы арқылы білмейтін оқушыны оқыту;


  7. түсінбегенді қайта түсіндіру, қателесуден қорықпау. Əдістемелік ерекшелігі:


  • үйге тапсырма жаңа материалдар бойынша тек əркімнің өзіндік жұмыс орындау үшін тиімділігіне қарай беріледі;


  • ережелерді түсінбей жаттауға оқушыларды дағдыландырмау;


  • ата-аналардың өзара əрекет жасауы;


  • оқу жылдарының аралық байланысы;


  • мұғалімге оқушыны үйретуге, ал оқушының үйренуіне мүмкіндік берілуі.




Тəрбиелік мəні:
  • мейірімділік;


  • өзара көмек;


  • ұйымшылдық;


  • табысқа жетуге ұмтылу;


  • толық дербестілік.





Модульдік оқыту технологиясы
Модульдік оқыту – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың əдісі мен тəсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген оның мақсаты – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тəсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.
Бұл технологияның ерекшелігі – тұлғаның танымдық үдерісін дамытуға бағытталған.
Модульдің көптеген анықтамалары бар:
  • модуль – біліктілік мінездемесінің талаптарына жауап беріп, мамандық бойынша оқу пəндерінің жиынтығын ұсынатын мемлекеттік білім беру стандарт бірлігінің үлесі;


  • модуль – пəнаралық əдістемелік ұйымдастыру құрылымы болып, əр түрлі оқу пəндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір мамандықты меңгеруді жəне оқу үдерісіне пəнаралық қатынасты қамтамасыз етеді;


  • модуль – бір ғана оқу пəнінің шеңберіндегі ұйымдастыру əдістемелік құрылымының бірлігі.




Модульдің құрылысы Модуль бес бөліктен тұрады:


  1. бөлігі – тақырыппен таныстыру, негізгі түсініктердің, анықтамаларын беру жəне алған білімдерін бекіту.


  2. бөлігі – теория бойынша сынақ өткізу.


  3. бөлігі – сынақ-практикум өткізу (сынақ, бақылау).


  4. бөлігі – тереңдетіп білім беру жəне оқушылардың қабілеттерін дамыту.


  5. бөлігі – бақылау жұмысы (деңгей бойынша).

Оқу модулі үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе, сөйлесу жəне қорытынды бөлім.


Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы
(Эрдниев технологиясы)

Мақсаты: математикалық білімнің оқушылардың интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытудың басты шартын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін жасау /тақырыпты ірілеп, топтап өтеді/.

Ерекшелігі:
  1. Өзара байланысты амал операциялар, тақырыптар, бір мез- гілде беріледі.


  2. Есеп құрастыру, шығару, практикалық жұмыстарды жүргізу бірлікте қамтамасыз етіледі.


  3. Тура есептерді кері есептермен байланыстыру.


  4. Жүйелі де тиянақты білім беру.


  5. Берілген тапсырманы баланың ойлау қабілетін дамытуға ық- палын қамтамасыз ету.





Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тəн деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балаларың да бұл жұмыста дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сəйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік береді. Атақты қытай ойшылы Конфуций
«танымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы – тəжірибе, ең мəртебелісі – ойлау» деген екен. Демек, сол əдіс-тəсілдерді меңгертіп, ішінен қажеттісін таңдау арқылы əр сабақтың мақсат- міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» сабақтарында мына мəселелерге назар аударылады:
  1. Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.


  2. Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.


  3. Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.


  4. Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.


Бұл жүйенің бір ерекшелігі – кез келген ақпараттың жан-жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы. Екінші бір ерекшелігі


  • білім көбіне жеке емес, топтық не ұжымдық талқылаулар түрінде игерілетіні.


Дамыта оқыту жүйесі сияқты «Сын тұрғысынан ойлауды дамы- ту» бағдарламасының да негізгі қағидалары мен мақсат-міндеттері дамытып-тəрбиелей отырып, шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған.



СТО бағдарламасы балаларға мынандай мүмкіндіктер береді:
  1. Мұғалімге тəуелділіктен арылып, өзінің білім игеру қызметін өздері басқаруға;


  2. Білім қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс- əрекетті белсене жəне өз бетінше орындауға;


  3. Жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға;


  4. Білім мен мəдени құндылықтарды игеру ісін топтасып жəне ұжымдасып мұғалім көмегінсіз, дербес атқаруға;


  5. Құр мəлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып өзара сұхбат жүргізуге;


  6. Ой өрісі ғана емес жəне əлуметтік жағынан өздерін-өздері да- мытып тəрбиелеуге жетелейді.




ТРИЗ технологиясы
ТРИЗ (Өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы)
Бұл технологияның негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қалыптан тыс ойлайға үйрету. Демек, жаңа нəрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады. Шығармашылық ойлау деп ойдың жылдамдығы, икемділігі, тапқырлығы, дəлдігі алынады. Осы технологиямен жұмыс істеу барысында тез ойлап, жылдам шешім қабылдауға шорқақ балалар жыл аяғында шапшаң жауап беруге үйреніп, тапқыр, қызықты шешімдер құруда жетістіктерге жете бастайды.

Дамытушылық мақсаттағы ойындар.


  1. «Ол не?» (сипаттама бере білуге үйрету) оқушы өзінің əкелген затына ауызша сипаттама береді.

Мысалы: Менің затым дөңгелек. Ол секіреді. Резеңкеден жасалған. Үлкені, кішісі болады. Оны балалар өте жақсы көреді.




  1. «Қарама-қарсылықты шешу».

Бір қарағанда жағымсыз болып көрінетін кейбір оқиғалардың


«пайдалы» жағын көруге тырысу. Мысалы: «Төбелес».
Жақсы жақтары: өзімді қорғадым; əлсіз досымды қорғадым; күшті екендігімді дəлелдедім; шындық үшін күрестім.
Жаман жақтары: киімімді жырттым; бетім көгерді; ата-анам ұрысты; жыладым; досыммен араздастым.



  1. Шығармашылық деңгейді көтеруге берілетін тапсырмалар.

Бір-біріне қосылмайтын, жалғаспайтын заттармен объектілерді байланыстыруға берілетін тапсырмалар.


1. Сиқырлы дəрі ішіп, көзге көрінбейтін болып қалған тышқанды мысық ұстау үшін не істеуі керек деп ойлайсың?
Жауаптың үлгісі: – Ол үшін мысық еденге ұн сеуіп қоюы керек, сонда ізі түсіп қалады.
  • Төбеден ұнды себелеп тұруы керек.


  • Үлкен-үлкен дəндермен тамақтандыру керек. Сонда үлкейіп көрінеді, т.б.




4. Ой шабуылы (Дүниетануда).
– Жаңбыр, қар, кемпірқосақ – бұлар шын табиғи құбылыстар.
Енді фантастикалық табиғи құбылыс ойла.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет