Ең алдымен оқу орнының үдерісін технологияландыруда таңдап алынған мəселенің жағдайын тереңдеп зерттеу:
бітірушілердің біліктілік сипаттамасы негізінде студенттердің кəсіби əрекетке дайындық деңгейіне терең талдау;
курстық, дипломдық жұмыстарына, мемлекеттік емтихандар қорытындыларына талдау жүргізу;
бітірушілердің даярлық деңгейіне біліктілік, мөлшерлік талап- тарды зерттеу жəне талдау;
оқу орнының нақты мамандық бойынша білім беру бағдарламаларына (оқу жоспарына, оқу бағдарламаларына), олардың біліктілік, мөлшерлік талаптарға сəйкестік тұрғысынан талдау жасау:
квалификациялық мінездеме талаптарының сабақтардың мазмұнында, өндірістік тəжірибе жинақтаудың барлық түрлерінің мазмұнында, қорытынды мемлекеттік аттестациялау сұрақтары мен тапсырмаларында көрініс табуы;
осы талаптардың оқу пəндері мен тəжірибе жинақтаудың түрлері арасында бөлінуі (кəсіби əрекетке даярлықты қамтамасыз етуге ұжымдық жауапкершіліктің бөлінуі);
білімгерлерді кəсіби əрекетке дайындаудың əдістемелік жəне оқу-материалдық қамтамасыз етілуіне талдау.
Ендірілетін технологияның теориясы мен əдістемесін зерттеу:
жаңа педагогикалық технологиялар бойынша əдебиеттерді талдау, бұл ұсынынатын əдебиеттер бойынша ақпараттық тізімдерді жасауды, əдебиеттерді жинақтауды, түрлі көрмелер ұйымдастырып, оқытушылар біліктілігін арттыру жүйесінде (əдістемелік сағаттар, озық тəжірибе мектебі, мəселелік семинардар, т.б.) талдауды қажет етеді;
басқа оқу орыдарының, салалық құрылымдардың оқу үдерісіне қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды ендіру тəжірибесімен танысу (журнал мақалалары, ғылыми еңбектер жинақтары, басқа оқу орындарының жұмысын бақылау, т.б.);
берілген бағыттағы өз тəжірибесін пəндік циклдік комиссиясы
(ПЦК) мəжілістерінде талдау жəне талқылау;
жаңа педагогакалық технологияларды оқу үдерісіне енгізуге шешім қабылдап, педагогикалық ұжым алдында перспективаға мақсат-міндеттер қоя отырып, педагогикалық кеңесте жаңашылдықтың мəнін түсіндіріп, оны жүзеге асыру жолдарын жо- балау;
тəжірибелік-эксперименттік жұмыстың жоспарын құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |