Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
Бастауыш мектептің оқу үдерісіндегі пəнаралық байланыстың маңызын сипаттаңыз.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардағы пəнаралық байланыстың философиялық негізін айқындаңыз.
Бастауыш мектепте оқытылатын пəннің кез келген тақырыбы бойынша пəнаралық байланыс қалай жүзеге асатындығын саралаңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары.
Бастауыш мектеп. – №3, 1999.
Беспалько В. П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. – М., 1995.
Гузеев В.В. Образовательная технология: от приема до фило- софии. – М.: «Сентябрь», 1996.
Краткий справочник по педагогической технологии. Под ред. Щурковой Н. Е. – М.: Новая школа, 1997.
Кукушкин В. С. Общие основы педагогики. – Ростов-на-Дону, 2000.
Левитес Д. Г. Практика обучениясовременныеобразовательные технологии. – М., 1998.
Селевко Г. К. Авторские программы, педагогические технологии, инновационные школы. – Ярославль: Изд-во ИПК ПиРРО, 1997.
Чупрасова В. И. Современные технологии в образовании. –
Владивосток, 2000.
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ПƏНДЕРІНІҢ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ .ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА СИПАТТАМА
Жоспар:
Бастауыш білім беру парадигмасы.
Бастауыш мектепте қазіргі заманғы технологияларды пайдалану мүмкіндіктері.
Бастауыш білім берудегі оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары.
Бастауыш білім беру парадигмасы
Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Тəуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екенін ескерсек, бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осы орайда бастауыш сынып мұғалімдері жас жеткіншектерді оқытуда қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды кеңінен қолдана отырып, білімді терең жəне жан- жақты игерудің жолдарын, əр пəннің ғылыми негіздерін меңгерту мəселелерін, шəкірттің ойлау қабілеті мен шығармашылық əрекетін дамыту сияқты ең ұтымды əдіс-тəсілдерді қолдану қажеттілігі туындайды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үдерісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру жəне техногияларды жетілдіру көзі» деп атап көрсеткендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мəселе: əлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа əдістерін іздестірумен жəне оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
Қазіргі заман педагогтерінің негізгі мақсаты – білім алушылардың білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау. Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мəселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дəрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сəйкес кəсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми- əдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды əрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.
Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз демекші, бүгінгі бала – ертеңгі жаңа əлем. Демек бұрыннан қалыптасқан бағдарлама мен тəртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал қазір ол барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі жəрдем беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет-қасиеттерін дамытатын мектеп шаңырағы қажет.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тəрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-əрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мəселелердің бірі.
Елбасымыз Н. Ə. Назарбаевтың «Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы əлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде əлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз», – деп атап көрсетіп, білім сапасын арттыру үшін жауапты да ауқымды жұмыстар жүргізу керектігін айтқан. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесі дамытудың мемлекеттік тұжырымдамаларында «Кез келген білім бағдарлама- ның табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кəсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу жоспарында биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал етеді, ал кəсіби дəрменсіздігі құлдыратады», – делінген. Елбасының «Ұлттық бəсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен айқындалады», – деген байламы бүгінгі мектептерге зор мақсаттар мен міндеттер жүктейтіні белгілі.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, айбынды, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі əлемге əйгілі əрі өз елінің патриоты болады», – деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш-білімге тəн. Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мəселесі.
XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электронды жəне телекоммуникация, электронды оқулықтар даярлау. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, білік сапасын көтеруге тигізетін əсері мол. Жаңа электронды оқулықтардың дүниеге келуімен берілетін білім мазмұны да өзгерері сөзсіз. Болашақта əр оқушы компьютерлік технология арқылы интернет, электронды желі, электронды пошта арқылы дүниежүзілік білім əлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін, білімді толығымен алуға, қажет ақпараттық мəліметтерді, ғылым саласына байланысты озық тəжірибелерді, осы мəселенің шетелдегі жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады.
Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының түбегейлі мақсаты да əлемдік өркениетке сай сапалы білім беру жəне ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр.
Болашақ ұрпаққа сапалы да саналы білім беру – қоғам талабы. Жас ұрпақты осындай азамат етіп тəрбиелеу үшін оқу үдерісіне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар енгізілуде. Ол өзгерістер мен жаңалықтарды жүзеге асыратын ұстаздар қауымы. Мұның өзі ұстаздарға асқан жауапкершілік пен ізденісті, білім беру көкжиегіндегі жаңалықтарды еркін меңгере отырып, əлемдік білім кеңістігіне енуге батыл қадам жасай алатындай болуды талап етері сөзсіз. Ол үшін білім беру саласында оқытудың білім технологиясын меңгерудің қажеттілігі туындайды. Ол мұғалімнің интеллектуалдық, кəсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық жəне басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына əсерін тигізеді. Оқыту технологиясын таңдап іріктеу оқушының оқу-танымдық іс- əрекетін басқарудың бір буыны десек, оны жүзеге асыратын – бүгінгі мектеп мұғалімі.
Қоғамды алға апаратын күш – білім десек, болашақтың иегері
жас ұрпақты саналы да білімді етіп тəрбиелеу ұстаздардың қолында. Осы тұрғыда Назарбаев Университетінде елбасы Н. Ə. Назарбаев «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты лекциясында: «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен əлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін формацияның педагогы қажет», – деген. Қазіргі мұғалім:
Педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс істей алатын;
Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;
Білімді, шебер, іскер болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заңының 7-тарау 5-бабында педагогикалық қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері айқын көрсетілген. Заңды құрметтей отырып, педагог қызметкерлер өз міндеттері мен жауапкершілігіне сергек қарауы қажет. Оқушы білімінің санасы, тəрбиесінің нəтижесі ұстаздың кəсіби шеберлігі мен интеллектуалдық байлығына тіреледі. Беделді ұстаз – мектептің жүрегі де тірегі. Оған жетудің бір ғана жолы: білім мен білігіңді оқу арқылы толықтырып отыру.
Мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі стратегиясы халқымыздың рухани, ғылыми жəне шығармашылық қабілеті жоғары болған жағдайда ғана Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жетуге болатындығын анықтап берді. Білімнің айрықша басымдылық алуы қазіргі қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан туындайды. Өресі биік, білімдар адамдар мемлекеттің экономикалық даму деңгейін айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |