Дәріс. Конфликтологияның басқа пәндер арасында алатын орны. Конфликт ұғымы Мақсаты



бет27/39
Дата30.03.2023
өлшемі356,37 Kb.
#77459
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
Байланысты:
дәрістер кешені 2

Практикалық сұрақтар.

1.Мінез –құлық акцентуацияларына толық сипаттама.


2. Конфликтінің пайда болуының объективті себептері.
3. Конфликтінің пайда болуының субъективті себептері.
4. Конфликтіге мінез-құлық ерекшеліктері қалай ықпал етеді.
5. Темпераментке толық сипаттама.

7. Дәріс. Конфликтілі тұлғалармен қарым-қатынас принциптері


Мақсаты: ЖОО студенттерінде қарым-қатынас және оның принциптері туралы теориялық біліміді қалыптастыру.
Жоспары:
1. Адамдар арасындағы қарым-қатынас
2. Конфликтідегі қарым-қатынас технологиялары
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі- қарым-қатынас.Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан.Тура, жанама, тікелей, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.Тікелей емес қарым-қатынас –жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық және көпшілдік қарым-қатынас болып бөлінеді.Жеке адамаралық қарым-қатынас-топтар, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы- қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасқан түрі.Көпшіліктік қарым-қатынас- көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшілік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық- қарым-қатынастарды да жатқызады.Қарым-қатынаста адамдар өзін кһөрсетеді, өзі үшін және басқаолар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі.Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады.Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы.
Қарым-қатынастың маңызды 5 функциясын бөліп қарастыруға болады.Қарым-қатынас адамдардың ұжымдық іс-әрекетінде байланыстырғыш ролді атқарады.Бұл функциясын шартты түрде «прагнатикалық» функция деп атауға болады.Маңызы бойынша 2-функциясын «қалыптастырғыш» функция деп атауға болады.Бұл функция адамның психологиялық бейнесін қалыптастырып өзгертудің маңызды шартты.Бала дамуының белгілі кезеңдерінде мінез-құлқы, іс-әрекеті және баланың қоршаған әлем мен өзіне деген қатынасы үлкендер арқылы іске асырылады.Д.Элькониннің айтуынша: «Бала әрқашанда 2 адам-оның өзі және ересек адам».Даму барысында бала мен ересектің сыртқы тікелей емес қарым-қатынасы баланың ішкі психологиялық процесінде және де баланың дербестік ерікті іс-әрекетіне айналады.Қарым-қатынастың үшінші функциясы ретінде «Бекітетін қолдаушы» деген функциясын атауға болады.Басқаша айтқанда басқа адаммен қарым-қатынаста адам өзін-өзі танып-біліп, өзіне-өзі сенімге ие болады. Адам өзін-өзі бағалау үшін басқаның мақұлдауын қажет етеді.У.Джеймстің айтуынша: «Адам үшін қоғамда өз бетімен назардан тыс қалу және басқалардың оны мүлдем байқамауы ең зор жаза».Атақты ағылшын психологы Р.Д.Ленг- бекітілмеу, көптеген психологиялық ауру, әсірессе шизофренияның себебі деген қортындыға келген.Оның байқаулары бойынша, басқа да зерттеулер көрсеткендей эндогенді психозбен көбінесе ата-аналары тарапынан шеттелінген балалар ауры.Қарым-қатынастың төртінші функциясы «Жеке адамаралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдану» болып табылады.Басқа адамдарға деген эмоциялық көзқарастар –«сүйкімді- сүйкімсіз», «ұнайды-ұнамайды» деген терминдермен белгіленеді.Әрине эмоциялық қарым-қатынас адам өміріндегі жалғыз қатынастың түрі емес, бірақ олар адамның барлық қарым-қатынас жүйесінде көрінеді. Көбінесе іскерлік немесе типті ролдік қатынасына да өз әсерін тигізеді.Келесі, бесінші фуекциясы «жеке адам ішілік функциясы».Бұл жағдайда адамның өз- өзімен қарым-қатынас жасауын (ішкі немесе сыртқы сөйлеу арқылы диаолг типінде) адамның ойлауының әдісі түрінде қарастыруға болады.Осыған байланысты Л.С.Выготский былай деген: «адам өзімен өзі болғанда да қарым-қатынас функциясын сақтайды».Психология ғылымы жеке тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш түрін немесе үш деңгейін бөліп қарастырады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер.Сезім- адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс. «Эмоция» ұғымының төркіні- «емовера» деген латын сөзінен, «эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан.Қазақша мәні- тітіркендіру, толқу. Эмоция- адамдар мен жануаралар дүниесінде де көрініс беретін кейіп.Аффект- түрлі сезімдер адам бойында әр алуан себептерге байланысты пайда болып олардың сыртқа шығуы да түрліше сатыда көрініс береді.Жеке адамаралық қарым-қатынаста осылардың бәрі де көрініс бергенімен көбінесе сезімдерге баса көңіл аударылады, олардың өзі екі топқа бөлінеді.
1.конъюктивті-адамдарды жақындататын, біріктіретін, бірлескен іс-әрекетке итермелейтін сезімдер.
2.дизъюнктивті- адамдарды бір-бірінен алыстатанын, бірлескен іс-әрекеттен қашқақтайтын сезімдер.Жеке адамаралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж.Морено (1958) ұсынған социометрия әдісі кең қолданылады.Қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, шартты түрде талдау мақсатымен, көбіне оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.Қарым-қатынастың коммуникативті жағы (тар мағынада) – қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірімен мәлімет алмасуы.
Интерактивті жағы- қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, яғни білім, идеялар және әрекеттермен алмасу.Бірлескен әрекеттің ұйымдастьырылуы.
Перцептивті жағы-қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы соның негізінде өзара түсініктің пайда болып қалыптасуы.Сонымен қатар, жеке адамаралық қарым-қатынас: имперактивті, манипулятивті және диалог болып бөлінеді.
Императивті қарым-қатынас- авторитарлы, директивті түрде қарым-қатынасқа түсушіге жасалынатын әсер.
Манипуляция- қарым-қатынас партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі.
Диалог- тең құқылы, субъективті қарым-қатынас, оның мақсаты: өзара танып- түсіну, партнерлер арасында өзін түсіну, өзіндік даму.Диалогты қарым-қатынас жасау, қарым-қатынастың белгілі ережелерін сақтағанда ғана мүмкін. Деструктивті қарым-қатынасқа негізделген конфликтіде конфликт «светофоры» деп аталатын нәрсені қолдануға тура келеді: қызыл – қауіптілікті, агрессияны білдіреді; сары – қарым-қатынастағы түзету технологиясын қолданыңыз; жасыл – конфликтіні конструктивті шешу мүмкіндігі.
Светофордың қызыл белгісінің себептері:
1. Қарама-қайшылықтар – мәселеге деген көзқарастардың, позициялардың әр түрлі болуы.
2. Деструктивті фантазиялар – деструктивті ситуацияда адамда қауіптіліктен, сенімсіздіктен, қамқорсыздықтан мазасыздану мен күдік туындайды. Тіпті негізделмеген қауіптіліктің өзі тітіркену мен агррессияны туындатады.
3. Инцидент – ұқыпсыздық түріндегі кішігірім жағымсыз жағдайлар, оқиғалар. Ол тұлға санасында күмандану тудырады да, қарым-қатынасты аннықтаудың көзі, яғни конфликтінің көзі болады.
5. Жалған сөздер эмоциялық күйзеліс пен үздіксіз мазасызданудың көзі болады.
6. Түсініксіз жағдай - қате түсіну серіктестер арасындағы өзара түсініксіздіктің пайда болуына себепші болады да, жалған пікір нәтижесіне айналады.
7. Микроклиматтың диссонансы (эмоциялық күйзеліс) өзара қатынастардың сәйкессіздігінен пайда болып, әрқашан сақ болып жүруге мәжбүрлейді, өзбетімен жүруге мүмкіндік бермейді.
8. Егер конфликт негізгі қызығушылықтарға зиянын тигізбеген жағдайда, одан қашу тиімді болып саналады. Мәселеден қашу үнсіздіктен, индиферентті қатынастан, жауап қайтармаудан, демонстративті зейінсізідіктен көрініс береді.
Светофордың сары белгісінің себептері:
1. Дипломатия – достық өзара қатынасты сақтап қалуға бағытталған серіктеске деген дұрыс қатынас. Осыған байланысты конфликтілер көбінесе өздігінен шешімін табады. Дегенмен де дипломатиялық кезінде көптеген өткір мәселелер қаралмай қалады.
Дипломатия конфйликтіні қосымша әдістермен шешуде, кері эмоциялардың көрініс бермеуінен көрініс береді және мұнда өзара қатынас пайдадан жоғары тұрады.
2. Компромисс- мәселені өзара келісімге келу негізінде шешу. Нәтиже конфликтіге қатысушылардың барлығына бірдей бөлінеді. Сондықтан да ол әрқашан барлығын қанағаттандырады. Уақытша қабылданған шешім болашақтағы стратегияны ойластыруға қызмет етуі де мүмкін. Компромисс тұлғалық позициялар мен нәтижелердің құндылықтарының тең болмауы кезінде конфликтілі ситуациядан шығудың ең дұрыс жолы болып табылмайды. Дегенмен де уақытша ауызбіршілікке келу – ұзақ мерзімге созылған конфликтілерде ең дұрыс тактика ретінде қабылданады. Өйткені ең маңыздысы - өзара қатынаста жан-жақтылықты көрсету.
Светофордың сары белгісінің себептері:
1. Пайда серіктестердің екі жақты пайдасын толық сақтауға мүмкіндік береді. Пайданы алаңыз да оған өзгенің де ие болуына мүмкіндік беріңіз. Немесе жеңіліс тапқан адам – потенциалды жау. Жасырын жау жасамаңыз, ол сізге титімсіз және қауіпті. Егер екі жа та жеңіске жетсе, онда нәтиже ұзақ мерзімді.
Серіктестің пайдасы туралы ойланып, өзіңізге зиянын тигізбейтіндей етіп оның қалаулы нәтижесін алуына көмектесу керек. Мүмкін болатын шешімдерді таңдаңыз немесе өз вариантыңызды ұсыныңыз:
1) тең бөлу (компромисс)
2) пайданың кімге қажетті екендігін талқылау (дипломатия)
3) жребя тастау
Бұл компромисс сериясының стратегиясы, себебі ол бірмезгілде жеңіс пен жеңілістен тұрады. Серіктестердің тілектері мен мотивтерін анықтау және оларды қанағаттандыру орынды. Ол үшін серіктестің стратегиясын есептеп, оның қажеттіліктерін анықтап, өз тілектерімен салыстыру керек. Бұл шешімді конструктивті түрде іздеу үрдісінде іске асады: «Екеуміз де қалағандарымызға қол жеткізу үшін не істеу керектігін ойланайық».
2. Конструктивті нәтижеге қол жеткізу жолдары:
- конфликтінің екі жаққа тиімді болу жолын іздеу: «Мен екі жаққа да пайдалы болғанын қалаймын».
- ординарлы емес шешім табу. Бірлесіп әрекет ету альтернативасын ұсыныңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет