Педагогикалық конфликтідегі диагностика – педагогикалық іс-әрекеттегі субъектілердіңпсихологиялық, жасерекшелік, жеке және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған әрекеттер жүйесі. Оның мақсаты – білім беру жүйесінде конфликтілі ситуациялардың алдын алу, шектеу, басқару және бақылау.
Алынған нәтижелерді, көзқарастарды, бағаларды диагностикалау, талдау оқытушының оқиғаның дамуын, сонымен қатар тұлғаның психикалық және эмоциялық күйіне негативті ықпал етуін болжап, алдын алуына мүмкіндік береді.
Қажетті мәліметтер алу үшін келесідей әдістерді қолданады: әңгіме, анкета, сұрақнама, тест (тікелей, таңдап алу және бірыңғай), бақылау.
Тұлғаның эмоциялық-мотивациялық сферасын диагностикалау–бұл адамның қажеттіліктері мен әрекеттерінің мотивтері принциптері бойынша біріккен әдістемелердің класы.
Тұлғаның эмоциялық-мотивациялық сферасын диагностикалау әдістемелері операциялық статустарына байланысты екі класқа бөлінеді:
1. Стандартталған диагностикалық процедура – тесттер (ең біріншіден сұрақнамалар)
2. Индивидуалданған диагностикалық процедура (проективті техникалар) – диагностикалаушы адамның интуициясы мен кәсіби тәжірибесі маңызды орыналады, яғни экспрессивті бағалау.
Педагогикалық іс-әрекеттегі конфликтіні нәтижелі шешкеннен гөрі, оның аладын алған тиімді.
2.1.Конфликтінің конструктивті салдарына деген қызығушылық принципі.Бұл принцип конфликтінің тәрбиелік маңыздылығын түсінудің қажет екендігін білдіреді. Бұл принципті әрбір қатысушының тұлғалық дамуын , адамгаершілік дамуын, позитивті тәжірибеге тартуды қамтамасыз ету үшін қолданады.
2.Жүйелік және тереңдік принципі. Бұл принципте конфликт сбептерін талдау кезінде анализдің келесідей деңгейлері қолданылады: бастапқы, кулминациялық, қортынды, сонымен қатар конфликтінің пайда болу кезіндегі объективті іскер субъективті тұлғалық факторлардың арақатынасын түсіну.
3.Конфликтінің пайда болуы үшін жауапкершіліктің бір жақты болмауы принципі.Конфликтіге екі жақ қатысады, олардың әрқайсысы конфликтінің дамуына өз үлестерін қосады.
4.Делдалдың нейтралдылығы принципі.Конфликтілі ситуацияның шешілуі үшін қарсылысушы жақтарға байланысты қатынасың нейтралды позитцияда болғаны орынды.
5.Конфликтінің профилактика принципі.Педагогикалық процесте саналыға қарағанда потенциялды конфликтілер жиі кездеседі.Кез-келген конфликтілердің жағымсыз салдарын жою оның сыртқы және ішкі себептерін анықтай білумен байланысты.