Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері


Tenericutes,  клетка  қабықшасы  жоқ,  микоплазмалар



Pdf көрінісі
бет12/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75
Tenericutes,  клетка  қабықшасы  жоқ,  микоплазмалар  клеткалары  ЦПМ 

қоршалған, барлығы Моllicutes класына жатады ;

 

4. 

Mendosicutes

клетка 


қабықшасында 

пептидогликан 

жоқ, 

архебактериялар,экстремальды  жағдайларда  тіршілік  ететіндері  бар. 



Барлығы Archaeobacteria жатады.

 

 

 



  Берджи анықтағышы бойынша бактериялардың негізгі топтары және 

олардың өкілдері

 

№  Бактериялардың негізгі топтары 



Өкілдері 

1 

Спирохеталар 

Spirochaeta zoelzerii, 

S.thermophila, 

S.saldaria, S.alkalica, 

S.africana және т.б 

2 

Аэробты спираль тәрізді немесе иілген 

грам-теріс қозғалғыш 

Campylobacter, 

Helicobacters Spirillum 

  

3 

Қозғалмайтын грам-теріс иілген 

Ancyclobacter, 

Brachiarcus, 

Renobacter, Tetrarcus 

4 

Грам-теріс аэробты таяқшалар мен 

коктар 

Pseudobacteriaceae, 

Azotobacteriaceae, 

Rhizobiaceae, 

Agrobacterium, 

Vibrionaceae, 

Acetobacteriaceae 

5 

Факультативті анаэробты грам-теріс 

таяқшалар 

Enterobacteriaeae, 

Vibrionaceae, 

Pasteurellaceae 


6 

Грам-теріс, анаэробты, тік, иілген 

немесе спираль тәрізді 

Acetivibrio, 

Acetoanaerobium, 

Acetogenium, 

Acetomicrobum, 

Anaerovibrio, 

Leptotrichia 

7 

Күкірт пен сульфаттың 

диссмиляциялық тотықсыздануын 

жүзеге асыратын 

Desulfotomaculum, 

Desulfobulbus, 

Desulfomicrobium, 

Desulfobactrium, 

Desulfomonile және 

т.б 

8 

Анаэробты грам-теріс 

Acidominococcus, 

Megasphaera, 

Syntrophococcus, 

Vellionella 

9 

Риккетсиялар мен хламидиялар 

Бұл топ 

микроорганизмдерін 

зерттеу үшін ерекше 

өсіру жағдайлары 

қажет. Сондықтан 

бұлар көрсетілмеген 

10  Аноксигенді фототрофты 

7 топшадан тұрады: 

қара-қошқыл күкіртті, 

күкіртсіз, 

бактериохлорофилл g 

бар, жасыл күкіртті, 

көп клеткалы жіпшелі 

жасыл, аэробты 

хемотрофтар 

11  Оксигенді фототүзуші 

Chroococcales, 

Pleurocapsales, 

Oscillatoreales, 

Nostocales, 

Stigoneomatales 

12 

Аэробты хемолитотрофты бактериялар 

және оларға жақын организмдер 

3 топшаға бөлінеді: 1. 

Түссіз, күкіртті 

тотықтыратын; 2. 


Темір және марганец 

тотықтыратын; 3. 

Нетрификациялаушы 

13  Бүршіктенетін немесе өсінділері бар 

Ancalomicrobum, 

Planctomicetales, 

Galionella 

14  Жабындылары бар 

Sphaerotilus, Leptothrix 

15 

Фотосинтезге қабілетсіз, жеміс 

денелерін түзбейтін, сырғанайтын 

Beggiatoa (өкілдерінің 

аттары берілмеген) 

16 

Сырғанайтын жеміс денелерін түзетін: 

миксобактериялар 

Proteobacteria 

17  Грам-оң коктар 

Sporosarcina, 

Staphylococcus, 

Micrococcaceae, 

Lactococcus, 

Leuconostoc 

18 

Эндоспора түзетін грам-оң таяқшалар 

мен коктар 

Bacillus, Clostridium 

19 

Грам-оң спора түзбейтін дұрыс пішінді 

таяқшалар 

Lactobacillus 

20 

Грам-оң спора түзбейтін бұрыс пішінді 

таяқшалар 

Corynobacterium, 

Arthrobacter, 

Cellulomonas, 

Propionibacterium, 

Eubacterium 

21  Микобактериялар 

Micobacterium туысы 

22 

Актиномицеттер Нокардия пішінді 

акиномицеттер 

4 топша, 19 туыс 

23  Көп ұялы спорангиялары бар туыстар 

Dermatophilus, Francia, 

Geodermatophilus 

24  Актинопландар 

6 туысы бар 

(берілмеген) 


25  Стрептомицеттер 

Streptomyces 

26  Мадуромицеттер 

Actinomadura 

27 

Thermomonospora және оған жақын 

туыстар 

Thermomonospora 

28  Термоактиномицеттер 

Thermoactinomicess 

29  Басқа туыстар 

Glycomices, 

Kitatosporia, 

Sacchorothrix 

30 

Микоплазмалар(моллекуталар): клетка 

қабықшасы жоқ 

Tenericutes, Mollicutes, 

Mycoplasmatales 

                                              Архебактерилар 

31  Метаногендер 

Methanococcales, 

Methanobacteries, 

Methanomicrobiales 

32 

Сульфаттотықсыздандырушы 

архебактериялар 

Archaeglobales туысы 

33 

Экстремальды галофильді аэробты 

(галобактериялар) 

Halobacteriales, 

Haloarcula, Halococcus, 

Natronobacterium, 

Natronococcus 

34 

Клетка қабықшасы жоқ 

архебактериялар 

Thermoplazma туысы 

35 

Молекулалы күкіртті пайдаланатын 

экстремальды термофильдер мен 

гипертермофильдер 

Pyrobaculum, 

Thermofilum, 

Thermoproteus 

 

Микроорганизмдердің  негізгі  сипаттамасы  келесі  тәртіп  бойынша 



анықталады:  микроорганизмнің  сырт  келбеті  –  пішіні,  жылжымалығы 

(жіпшелерінің  болуы  және  олардың  орналасуы),  капсуласының  болуы  мен 

эндоспораларды түзе алуы, Грам әдісімен боялуы; зат алмасу ерекшеліктері 

мен энергияны пайдалану тәсілі; өздері өсіп-өнетін ортаны өзгерте алуы және 

олардың тіршілігіне қоршаған ортаның әсері. 



Микроорганизмдердің  түрлері  толық  зерттелгеннен  кейін  оларға  XVIII 

ғасырда  К.  Линнейдің  ұсынған  биноминальдық  номенклатурасы  бойынша 

латынның  екі  сөзімен  белгіленетін  ғылыми  атаулар  беріледі.  Бірінші  атау  – 

микроорганизмдердің 



туысын 

(әдетте 


туыс 

микроорганизмнің 

морфологиялық,  физиологиялық  белгілеріне  немесе  оны  ашқан  ғалымның 

аты-жөніне  байланысты  болып  келеді),  ал  екінші  атау  болса  –  олардың  қай 

түрге  жататындығын    көрсетеді.  Мысалы,  Bacillus  albus,  мұндағы  бірінші 

атау  микроорганизмнің  спора  түзетін,  грам  тәсілімен  позитивті  боялатын, 

аэробты таяқша екендігін білдірсе, ал түрлік атауы оның колониясының түсін 

сипаттайды.  

Микроорганизмдерге 

ғылыми 


атаулар 

барлық 


елдерге 

ортақ 


микроорганизмдер  номенклатурасы  туралы  Халықаралық  кодексінің 

ережелері 

бойынша 

беріледі. 

Микроорганизмдерді 

топтастыру 

жұмыстарында  келесі  таксономиялық  категориялар  қолданылады:  түр 

(species), туыс (genus), тұқымдас (familia), рет (ordo), класс (classis), бөлім 

(divisio) және патшалық (regnum).  

Түр – негізгі таксономиялық бірлік, фенотиптік қасиеттері ұқсас келетін, 

генотипі  бірдей  микроорганизмдердің  жиынтығы.  Түр  тармақтарға,  немесе 

варианттарға бөлінеді. 

Микробиологияда  «штамм»  немесе  «клон»  деген  терминдер  жиі 

қолданылады.  Штамм  –  түрге  қарағанда  бір  жақты  түсінік.  Штамм  деп 

түрлі орталардан (топырақ, су қоймалары, организм және т.б.) немесе әртүрлі 

уақытта бір ортадан бөлініп алынған бір түрге жататын микроорганизмдердің 

өсінділерін айтады. Бір түрге жататын штамдардың негізгі қасиеттері бірдей 

немесе  кейбір  белгілері  өзгеше  болып  келуі  мүмкін.  Клон  –  бір  жасушадан 

алынған 


өсінді. 

Бір 


түрдің 

жеке 


жасушаларынан 

тұратын 


микроорганизмдердің жиынтығын таза өсінді деп атайды. 

 

 



Кейінгі  кездері  молекулалық  биологияның  қарқынды  дамуының 

нәтижесінде  геносистематика  әдістері  пайда  болды.  Бұл  әдістер 

микроорганизмдердің  генотиптік  (тұқым  қуалаушылық)  қасиеттерін,  яғни 

түрлі  микробтардан  бөлініп  алынған  дезоксирибонуклеин  қышқылының 

(ДНҚ)  нуклеотидтік  құрамын  анықтауға  және  нуклеин  қышқылдарының 

химиялық  гибридизациясын  зерттеуге  негізделген.  Бірінші  әдіс  көмегімен 

микроорганизм  топтарының  ДНҚ  молекуласындағы  пуриндік  және 

пиримидиндік  негіздері  арасындағы  генетикалық  өзгешелікті  айқындаса, 

екінші  әдісте  түрлі  микроорганизмдерден  бөлініп  алынған  ДНҚ 

молекуласының біртектілігін (гомологиялығын) анықтауға мүмкіндік береді. 

ДНҚ  молекулаларының  арасындағы  сәйкестілік  дәрежесінің  жоғары  (80-

90%)  болуы  микроорганизмдердің  генетикалық  туыстығының  жақын 

екендігін,  ал  генетикалық  байланыстар  гомологиялығының  төмендігі 

микроорганизмдер  арасындағы  алшақтықты  көрсетеді.  Микроорганизмдер 

геносистематикасының  дамуында  ерекше  орын  алып  отырған  секвенация 



әдісі,  басқаша  айтқанда  нуклеин  қышқылдарының,  соның  ішінде 

рибосомалық РНҚ нуклеотидтік тізбегінің орналасу реттілігін анықтау тәсілі. 

 

Бақылау сұрақтар



 

 

1.  Берджи анықтағышына сипаттама беріңіз  



2.  Берджидің өзі шығарған анықтағыштың нұсқалары қай жылдары 

жарық көрді?  

3.  Берджи анықтағышы бойынша прокариоттар қанша топқа бөлінген?  

4.  Бактерияларды жіктелуі қандай ерекшеліктеріне байланысты 

топтастырылған?  

5.  Геносистематиканың әдістерін атаңыз.  

6.  К.Везенің  филогенетикалық систематикаға қосқан үлесі 

7.  Эубактериялар мен архебактериялар аоасындағы ерекшеліктерді 

атаңыз. 

8.  Архебактериялар Берджи анықтағышының 9-шы басылымында қандай 

топтарға бөлінген  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет