Вирустар - өз алдына көбеюге қабілетсіз, тек тірі клеткаларда тіршілік ететін клетка ішілік
облигатты паразиттер. Вирустар екі альтернативтік күйде кездеседі:
клетка ішілік –вирус және клетка сыртылық –вирион.
Вирустардың алуан түрлігі
Қазіргі кезде бактериялардың вирустары (бактериофагтар), саңырауқұлақтардың, өсімдіктер мен жануарлардың және адам организмінің вирустары белгілі. Вирустар алуан түрлі және барлық жерде кездеседі.
Адам мен жануар врустары басқа вирустармен салыстырғанда ең көп зерттелген. Олардың көпшілігі емдеудің ауырлығымен және өліммен сипатталады.
Адам вирустары: шешек, тұмау, полиомиелит және т.б. Жануар в рустары: құтыру, аусыл, туберкулез және т.б.
Вирустардың микроорганизмдерден айырмашылықтары:
Тіршілік ету формасы – облигатты клетка ішілік паразиттер.
Тіршілікте қайталанбайтың вирустардың қасиеттері:
Құрамында нуклеин қышқылының бір түрінің ғана болуы.
Вирустарда автономды зат алмасу процесінің болмауы.
Вирустардың шашыранды жолмен көбеюі.
Қазіргі кезде вирус
тұқымдастарының саны 55-тен артық. Вирустардың көпшілігі әлі бір жүйеге келіп
реттелмеген. Адамдар мен жануарлардың 19 тұқымдасы белгілі. Оларды жетеуі ДНҚ-
лы, ал ок екісі РНҚ-лы вирустар.