Дәріс Сөз мәдениетінің теориялық негізі


Дәріс 3-4. Сөз және прагматика



бет2/5
Дата19.10.2022
өлшемі22,11 Kb.
#44069
1   2   3   4   5
Дәріс 3-4. Сөз және прагматика.
Сөздің функционалдық типтері және сөз мәдениеті
Мәтіннің стильдік, жанрлық ерекшілігін оқыту әдістері
Сөздің функционалдық типтері және сөз мәдениеті. Сөз сөйлеу қызметінің прагматикасы, сөзбен әсер ету теориясы, сөз мәдениетін прагматикалық аспект арқылы қарастыру.
Сөз бен прагматиканың ерекшеліктері: прагматиканың шындыққа қатысын семантика, ішкі құрылысын синтактика, аудиторияларға қатысын прагматика қарастырады. Сөздің коммуникативті-прагматикалық көп функционалды қызметі, эстетика -стилистикасы, сапалануы түрлі аспектілері арқылы қарастырылады да, прагмалингвистикалық бағдары арқылы танылады. Сөз сөйлеудегі прагматикалық фактор, мәтін түзуші факторлардың барлық түрі логика-психологиялық, когнитивті -ассоцияциялық, ұлттық концептуалды ойларының шындыққа қатысты көзқарасын анықтауды мақсат етеді.
Сөз лингвистикасы мәтіннің прагматикалық бағдарын қамтамасыз ететін коммуникативтік мақсаты айтушыға әсер ету, сөз тактикасы мен стратегиясы, этикасы, бейвербалды іс -әрекет эмоционалдылығы кешенді түрде зерттелеуді қажет етеді. Сөзді сөйлеуші прагматикалық әлеуетін көрсететін басты ұстаным ретінде тілдік- стильдік кешен құрайтын өзек пен стильдік аяны негізгі меже етіп ұстайды.
Сөз сөйлеуші мен қабылдаушы арасындағы адам мен мәдениет, адам мен стиль, прагмастилистикалық категориялардың бірлескен жүйесінен анық байқауға мүмкіндік береді. Сөз қызметінің барлық жанрларында кез келген тілдік бірлік пен тілдік емес факторлар белсене араласып, сөз мәнін түзеді. А.Толстой: «Етістікпен сурет салу аз, қимыл әркетті бейнелеу ішкі және сыртқы психологияны көрсету деп, мәнмәтін түзушілік ерешеліктері мен көріктеу тәсілдерімен көрінетін тұстарының әрқайсысы прагматикалық әлеуетін айқындайды. Автор мен сөзді қабылдаушының прагматикалық әлеуеті өте маңызды коммуникативті прагматикалық актіге құрылады.
Тілдің құрылымдық заңдылықтарын негізге ала отырып, сөз формасының мазмұнына назар аудару, сөйлеуші сөзінің шындыққа қатысын, сөзге қатысушылардың ниет пиғылын, сөйлеуші тыңдаушы көзқарасы арқылы мағыналық, мазмұндық сипатын ашу, коммуникативті-прагматикалық мақсатын тану, танымдық философиялық негізде дәйектеу, сөздің эстетикалық стилистикалық қызметін үйлестіру сөз бен прагматитканың бірлескен аясында анықталады.
Дәріс 5-6. Сөз сөйлеу процесі. Сөйлеу актілері.
Іскери дискурс және сөз мәдениеті. Сөйлеу тілі және сөз мәдениеті.
Сөйлеу ауызша болсын, жазбаша болсын, шығармашылық процесс. Ол аз дәрежеде автоматтандырылған және әртүрлі салада бірдей болмайды. Сөздің шығармашылық аспектісі айтылғанның, жазылғанның ерекше мәнерлілігіне, әсерлілігіне байланысты, ал мұның өзі стилистикалық құбылысқа жатады. Қолданыс кезінде тілдің бай шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Олар тілден тысқары шексіз жағдаяттар мен әсерлерге байланысты әрдайым жаңадан туындап отырады. Тілдік құралдардың барлық стилистикалық мағыналық реңктері, мәнерлілігі , стилистикалық әсері, орындылығы, қажеттелігі тілдің қолданысында ғана айқындалады. Тілдегі стилистикалық мән о бастан функционалдық сипатқа ие.
Стиль тілдік тұлға бірліктердің, жалпы тілдік жүйенің тек хабар беріп қана қоймай, оны әсерлі түрде беретін сапаларымен байланысты қарастырылады. Стиль сөйлеудің сапалылығы, экспрессивтілігі, белгілі бір сөйлеу жағдайы мен түріне, қатынас жасау мақсатына сай келетін бейнелеу құралдарын пайдалану дегенді білдіреді. Әдеби тілдің стилистикалық жүйесі өте күрделі және біркелкі сипатқа ие емес, көп қырлы. Оған жазба тілдің әртүрлі формалары (көркем әдебиет тілінің, ресми тілдің формасы, ғылыми стиль, публицистикалық стиль т.б. ) кіреді. Л.В.Щербаның пікірінше, сөздердің төрт қабаты ерекше орын алады: салтанатты мәнге ие сөздер, бейтарап, тұрпайы (фамильярный) және дөрекі (вульгарный) сөздер.
Стильдік бояудың екі түрі стиль түрлерінде көрініс табады. Олар эмоционалды- экспрессивті және функционалды бояу. Эмоционалды- экспрессивті бояу тілдік тұлғаның табиғи қасиеті, ал функционалды бояу тілдік тұлғаны қарым қатынас саласында көп қолданудан барып пайда болады. Мұнда тілдік дәстүрдің де үлесі бар.
Функционалды стильдер тілдің қолданысымен, қызмет етуімен тікелей байланысты, яғни шынайы сөйлеуде, мәтінде көрінеді. Функционалды стильдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар тілден тысқары және таза тілдік болып екі топқа бөлінеді. Функционалды стильде оны құраушы факторлардың әсерімен тілдік бірліктердің белгілі дәрежедегі өзгерісі, ауысуы жүзеге асады. Соның нәтижесінде бір тілдік бірліктің өзі қай стильде қолданылуына қарай мағынасы жағынан функционалдық сипатқа ие болады.
Дәріс 7. Ғылыми стиль және сөз мәдениеті. Ғылыми мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау әдістемесі.
Ғылыми дискурс және сөз мәдениеті Ғылыми стиль ерекшеліктері. Ғылыми мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау әдістемесі. Функционалды стильдің тілдік сипаттамасы. Стиль құрайтын тілдік құралдар екі топқа бөлінеді: тілдің стилистикалық парадигматикасын құрайтын тілдік құралдар (стилистикалық бояуға ие, сти листикалық синонимдер мен варианттар); функционалды тілдік құралдар., яғни әр стиль түрінде басым қолданылатын тілдік құралдар. Ғылыми стильдің стилистикалық бояуы бірыңғай сипатқа ие. Олар жазба тілге тән сөздер, морфологиялық тұлғалар, синтаксистік құрылымдар болып келеді. ФТҚ мағынасы жалпыланған, дерексізденген сөздер мен грамматикалық тұлғалар көбірек қолданылады.: дерексіз сөздер, етістіктің уақыттан тыс осы шақтық тұлғасы, соған сәйкес баяндауыш тұлғасы т.б.
Ғылыми стильдің де өзіндік дәлдігі бар. Ғылыми стильдің қисындылығы бұлтартпас дәлелге, бірінен бірі туындап отыратын шындыққа құрылатындықтан, ғылыми мәтіннің тілдік құрылымы соған сәйкес келетін лексикалық, синтаксистік бірліктерден таңдалып, сұрыпталып алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет