Ресми стиль Ғылыми стиль Публицистикалық стиль Көркем әдебиет стиль



Дата25.11.2023
өлшемі15,67 Kb.
#125886
түріДиплом

Дәріс №9. Мәтіндердің стильдік түрлері

  1. Ресми стиль

  2. Ғылыми стиль

  3. Публицистикалық стиль

  4. Көркем әдебиет стиль

Ресми стиль өзінің қызмет жасайтын саласына байланысты: 1) заңнамалық (заңдар, конституция, жарғы, жарлық, азаматтық және қылмыстық және т.б.); 2)дипломатиялық (коммюнике, ноталар, конвенциялар, меморандумдар, халықаралық келісімдер және т.б.); 3) әкімшілік-кеңселік, кеңселік хат алмасулар, әкімшілік актілер, өкімдер, арыз, өтініштер және т.б.
Ресми ісқағаздар құжаттары белгілі бір стандарт бойынша орындалуына қатысты да бөлінеді: 1) стандарт бойынша міндетті түрде орындалатындар; олай болмаған жағдайда өзінің заңдық күшін жояды (мысалы, жеке куәлік, паспорт, диплом, неке туралы куәлік және т.б.); 2) белгілі бір стереотип бойынша орындалатындар, олардың стандарттық формасы жоқ. (Мысалы, ноталар, келісімдер, шарттар және т.б.); 3) стандарт формасы жоқтар, бірақ белгілі бір ықшамдауды қажет ететіндер (хаттамалар, қаулылар, есептер, іскерлік хаттар).
Арнайы лексика-кәсіби терминология, сөзжасам мен морфология, синтаксисін сипаттау.
Ғылыми стиль – ойды логикалық тұрғыдан жүйелі, нақты, дәл жеткізу. Ғылыми стиль – техникалық, оқу, анықтамалық құралдар, ғылыми зерттеулер қызмет етеді. Салалық мамандарға және көпшілікке арналатын ғылыми мәтіндердің өзіндік ерекшеліктері болады.
Ғылыми стильдің лексикасы үш түрлі қабаттан тұрады: 1) жалпы қолданыстағы (нейтральді) лексика; 2) жалпы ғылыми лексика; 3) арнайы (терминологиялық) лексика.
Ғылыми стильдің синтаксисі құрылымы толық, күрделі құрылымы мағыналық мазмұны аяқталған болып келеді.
Публицистикалық стильдің қолданылу салалары: БАҚ, саяси сөйлеуде, көпшілік алдында сөйлеу т.б.
Публицистикалық стиль және көркем стильдің ерекшеліктеріне сипаттаманы студенттердің өздерімен пікірлесу ұйымдастырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет