Дәріс тақырыбы: Эксперименталды және математикалық әдістердің пайда болуы
Дәріс жоспары:
1. Эксперименталды және математикалық әдістердің пайда болуы.
2. Жаңа әдіснама және ғылымның жаңа ұйымы
Эксперименталды және математикалық әдістердің пайда болуы.Ғылымның жаңадан ұйымдастырылуы және әдістемесі
17 ғ-дың басында физика тез дами бастады. Университеттегі оқылатын физика сабақтары жаңа құбылыстарды, географиялық және техникалық жаңалықтарды түсіндіре алмады.
Френсис Бэкон (1561-1626) – ағылшын философы 1620ж. «Новый органон» атты еңбек шығарды. Мұнда ол университтегі ғылымдардың ескіргенін, ал механикада (техникада) жаңалық көп екенін айтты. Ғылымды жаңадан ұйымдастыру керек деді ол. Бэкон ғалымдарды 2 класқа бөледі: эмпириктер және догматиктер. Эмпириктерге фактілер керек, ал догматиктерге идея керек. Ал, ғылымға сыртқы дүниеден материал алып, оны рационалды өңдеу керек. Ғылым тәжірибеге, практикаға негізделу керек. Ұзақ уақыт бойы физиканы, химияны, астрономияны – индуктивті ғылымдар деп, гуминатарлық ғылымдар мен таза математикаға қарсы қойды. Бэкон айтты: кез келген ғылымның теориясы, анализі болу керек деді. Индукция, анализ, салыстыру, бақылау, эксперимент – рационалды әдістің шарттары .Бэкон ғылымды қаражаттандыру (финансирование) керек екенін айтты.
Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа органон», «Жаңа атлантида» т.б. Бэконның ілімінше, адамның негізгі мақсаты - табиғат күштерін игеру. Табиғаттың сырын, заңдылықтарын білген адам оларды өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материяны қарастыру арқылы түсінуге болады. Материяның қасиеттері көп, солардың ішіндегі негізгісі - қозғалыс. Қозғалыс материяның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілмен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал жан, рух т.б.ғылыми тұрғыдан танып-білуге болмайтын болғандықтан - нақты шындыққа жатпайды. Табиғатты нақты танып-білу негізінде мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп - табынушылық , жалған эксперимент екендерін түсінулері керек. Ал танымның жалғыз ғана дұрыс тәсілі - индукция. Бэконның түсінігінше зерттелетін заттардың қасиеттері ешуақытта өзгермейді және олар бір- бірімен байланыста болмайды.
Рене Декарт (1596-1650) – француз дворянының отбасында туып, иезуиттердің Ла-Флеш коллегиясында физика, математика, арифметика, механика, музыканы тереңдетіп оқыды. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады. Саясат мәселелеріне қызықпаған Декарт (Картезий) алгебра, аналитикалық геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысты жарықтың сыну заңын ашты, қанның айналуын зерттеді психология мен космогонияны, және, әрине, философияны талдады. Белгілі еңбектері: «Бірінші философия туралы пайымдаулар». «Философияның алғашқы бастаулары», «Метод туралы ойлар» -философия ағаш секілді, оның тамыры – метафизика, діңгегі – физика, діңгектен тарайтын бұтақтары – үш басты ғылымның, медицина, механика және этиканың төңірегінде топталатын ғылымдар. Жемістерді тамырдан бастап жинамайтынынымыз секілді, философияның пайдалылығы да оны құрастыратын бөліктерге байланысты» деп. Декарт барлық ғылымдардың бірлігін, тұтастығын атап көрсетеді. Бэкон секілді, Декарт та шығармаларын қоғамның тандаулы топтарына ғана емес, қарапайым адамдарына да түсінікті тілде жазуға тырысты, оларға демократиялық сипат беруге ұмтылды. Екіншіден, өзінің ағылшын әріптесі сияқты, Декартта әлеуметтік реформаларды қолдамады, діни және қоғамдық тәртіпті өзгертуге қарсы болды. Ерекшеліктері:
Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді, Бэкон жекеден жалпыға қарай жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшелігі математикалық ойлау тәсілінен жақсы көрінеді. Өзінің математикалық ізденістерінің негізінде Р.Декарт жалпы ғылыми тәсіл ұсынды. Негізгі себеп -адамдар ғылым және өнер саласында ақиқат ұғымдарды емес, болжамды көбірек қолданады, сондықтан басқа тәсіл керек. Декарттың ойынша, мейлінше дәл ойларды ұсынуға тек математика қабілетті, сол себепті осы ғылымның тәсілдерін жаңа философиялық жүйе жасау ісінде қолдану керек. Декарт төрт ережені тұжырымдайды:
1) Ақиқат деп ақиқат екені күмәнсіз нәрсені ғана қабылдау қажет. Асығыстық пен нанымға орын болмауы тиіс, тек ақылға айқын, нақты тұжырымды ғана қабылдау керек. Картезиандық рационализмнің бұл принципін интуиция ұғымы білдіреді. Декарт бұл қасиетті табиғи, бірақ сезімдік емес, интеллектуальдық сәуле деп түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |