Байланысты: Дәріс тақырыбы Физика тарихы курсына кіріспе-emirsaba.org (1)
Дәріс тақырыбы: XVIII ғ. ғылыми төңкерістің аяқталуы
Дәріс жоспары:
1. XVIII ғ. ғылыми төңкерістің аяқталуы.
2. Ресейдегі ғылым. М. В. Ломоносов.
Тарихи ескертулер XVIII ғасырда тәжірибе жылулық және электрлік құбылыстарды зерттеуде кеңінен қолданыла бастады. Астрономия мен механикада математиканы қолдану аспан механикасын зерттеуде және Эйлер-Лагранждың аналитикалық механикасының пайда болуына септігін тигізіп, үлкен жетістіктерге әкелді.
Ғылыми прогресс әлеуметтік прогреспен тығыз байланыста болды. Ғылыми революцияның терең әлеуметтік себептері болды. Ғылыми революция тарихта феодализмнен капитализмге ауысу кезеңінде болды. Бұл тарихи құбылыс XVIII ғасырда дамыды. Англиядан соң Францияда дворяндар мен діни қызметкерлерінің арасындағы күрес болып жатты. Идеологиялық феодализмді қолдаған католикалық шіркеу үлкен сынға ұшырады.
Француздық ағартушылар мен философтардың қызметінде ерекше орынға ие болған ғылым еді. Ғылымның, ой-сананың заңдары теориялық концепцияның негізінде жатты. Вольтер өзінің «Философиялық хаттар», «Ньютон философиясының негізі» атты кітаптарында француздық оқырмандарды Ньютонның теориясымен таныстырды. Вольтердің қалауымен және оның тікелей әсерімен ғалым маркиза Эмилия дю Шатлэ Ньютонның «Бастамасын» француз тіліне аударды. Вольтер аудармаға «Тарихи алғысөз» жазды. 1759 жылы Шатлэнің қайтыс болғанына 10 жыл болғанда ғана аударма шықты.
Дидро мен Даламбердің редакциямен 1751 жылы атақты «Энциклопедия, немесе ғылымның, өнердің түсіндірме сөздігі» шықты. Француз революциясының идеологтарының әсері Франциядан да алыс жерлерге кетті. Олар адамның рухани дамуында үлкен рольді ойнады.
Бұл дәуірдегі феодолизмнен капитализмге көшуі үш ірі кезеңнен тұрады. Біріншіден, 1775-1783 жылдар аралығындағы американдық революция. Бұл революцияның нәтижесінде әлемнің саяси картасында жаңа тәуелсіз мемлекет - Америка Құрама Штаттары пайда болды.
Бұл тарихи оқиғадан соң 1789-1794 жылдар аралығындағы Ұлы француздық революциясы болды. Нәтижесінде буржуазия феодалдық дворяндарды жеңді.
XVIII ғасырда саяси революциямен бірге экономикалық өнеркәсіптік революция болды. Нәтижесінде фабрикалық-зауыттық өндіріс тәсілі алға қойылды. Осы дәуірде капиталистік индустриализация процесі басталды. Бұл процесс Англиядан бастау алғандықтан, «Англиядағы өндірістік төңкеріс» атауымен тарихта аталды. Өндірістік төңкеріс Джон Уайяттің бірінші прядильді машинаны ойлап табуымен қағаз мақта өнеркәсібінде басталды.
Ағылшын өнертапқышы Джемс Уатт әмбебап бу двигателін ойлап тапты. Бу машиналары көптеген Англияның фабрикалары мен зауыттарында қолданылды.
Осылайша XVIII ғасыр тарихта қоғамға феодолизмнің орнына капитализмнің келуімен және Европа мен Америкада өнеркәсіптік капитализм дәуіріне бастама болды.
2. Ресейдегі ғылым. М.В.Ломоносов Капитализмнің даму процесі әр елде өзіндік ерекшелігімен болды. Ресейде петрдің реформаларының нәтижесінде өнеркәсіптер құрылып, сыртқы және ішкі сауда дамыды.
Петр I мемлекеттің дамуы үшін ғылымның орны ерекше екенін түсінген. Ол шет елдерге іс-сапармен барғанда Лондон мен Париждегі ғылым ұйымдарымен танысты. Неміс ғылымының өкілі Лейбницпен жақсы қарым-қатынаста болып, Ресейде жоғары ғылым мекемесін ұйымдастыру мәселелерімен ақылдасты. Сол уақытта осы сияқты екі мекеме құрылды: Лондондағы Корольдік қоғамы мен Париждағы ғылым Академиясы. Лондондағы Корольдік қоғамы Корольдік қоғам болғанымен, ғылыми мекеменің керек-жарағына қаржы салған жеке тұлғаларда құрамына кірді. Ал Париж Академиясы корольдің ақшамен қаржыландырылды, академиктер зейнетақы алып, король қызметкерлерінің қатарында болды. Петр I париждіктердің нұсқасын таңдады. Бірақ ол академияның ұлттық ғылым кадрін дайындау мәселелерін шешкенін қалады. Оның үкімі академияның жанына гимназия мен университетті орналастыруды көздеді.
Алайда академиктер педагогикалық міндеттерді орындауды қаламады. Акдемиялық оқу орындары болғанымен, өзінің қызметін толық атқармады. Соңында білім беру академиямен байланысы жоқ, мамандандырылған орта және жоғарғы оқу орындарында қалыптасты. Осылайша, 1755 жылы Мәскеуде Ломоносовтың бастамасымен университет құрылды. Қазіргі кезде бұл университет өзінің негізін қалаушысының есімімен аталады.
Академияның алғашқы жылдарында ұлттық кадрді дайындау мәселесі шешілмеді. Осы кезде М.В.Ломоносов бұл жағдайды дұрыстау үшін бар күшін салды. Академияда көптеген жылдар бойы алдыңғы рольді неміс ғалымдары ойнады, сондықтан да орыс және шетел ғалымдарының арасындағы күрестің нәтижесінде ғылым Академиясының дамуы баяу болды. 1728 жылдың 28 қаңтарында ғылым Академия мекемесінің жарғысына Петр I қол қойды. Жарғының қол қойылуына бір жыл толғанда Петр I қайтыс болды. Бұл кезең академияның дамуына қолайсыз болды.
1725 жылы Петербургте жиналған ғалымдар мықты ғылыми ұжым құрды, оның ішінде ерекше танылған ғалымдар Д.Бернулли және Л.Эйлер болды. Даниил Бернулли 1738 жылы шыққан әйгілі «Гидродинамиканың» авторы болып танылады. Осыдан кезден бастап оқулықтарға «Бернулли теңдеуі» енді. Орыс тілінде «физика» деген сөзді алғаш енгізген ұлы ғалым М.В.Ломоносов болды. 1728 жылдан бастап ғылым Академиясы «Commentarii» ғылыми журналын шығара бастады. Бұл журналда мақалаларын жариялау шет елдік ғалымдарға үлкен құрмет еді. Бірақ қолайсыз саяси жағдай жас академияның жұмысына кедергі болып, академиктер, яғни Бернулли және Эйлер, Герман мен Крафт шетелдерге кетті. Осы кезде академияға болашақ бірінші академик М.В.Ломоносов келді.