Дәріс тақырыбы: Физика тарихы курсына кіріспе



бет3/54
Дата08.11.2022
өлшемі1,58 Mb.
#48508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Физика ғылымының даму кезеңдері
Физика ғылымының дамуын шартты түрде 3 үлкен кезеңге бөлуге болады:
I кезең – Физиканың пайда болуы (ежелден Ньютонға дейін).
Бұл кезеңде физиканың дамуының келесі негізгі кезеңдерін атап көрсетуге болады:

Ежелгі физика;


Орта ғасырдағы физика;
Гелиоцентрлік жүйе үшін күрес;
Тәжірибелік және математикалық әдістердің пайда болуы.
II кезең – Классикалық физиканың негізгі бағыттарының дамуы (XVIII-XIX ғ.ғ.)

XVIII ғасырдағы ғылыми революцияның аяқталуы;


XIX ғасырдағы физиканың негізгі бағыттарының дамуы.
III кезең – XX ғасырдағы физикадағы ғылыми революцияның негізгі бағыттары.

Электрондық теория және қозғалыстағы ортаның электродинамикасы;


Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы;
Атомдық және ядролық физиканың пайда болуы;
Физикадағы революцияның бірінші кезеңі;
Резерфорд – Бордың атомы;
Кеңестік физиканың қалыптасуы;
Кванттық механиканың пайда болуы;
Ядролық физиканың дамуы.


Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:
Ғалымның зерттеу жұмысы неден басталады?
Ғылым тарихы нені зерттейді?
Физика тарихы немен айналысады?
Физика тарихының пәні.
Физика тарихының мақсаты.
Физика тарихы қандай ғылымдармен тығыз байланысты?
Физика тарихын оқу барысында қарастырылатын негізгі сұрақтар.
Физика ғылымының даму кезеңдері.

II. Физиканың пайда болуы (ежелден Ньютонға дейін)


№3 дәріс Дәріс тақырыбы: Ежелгі физика


Дәріс жоспары


1. Ежелгі Физика.
2. Ғылыми білімнің пайда болуы.
Ғылыми білімнің пайда болуы.
Адамзат өзін қоршаған әлем жайлы білімдерді өмір сүру үшін қатал күресте алды. Қорғаныс пен тамақ табу үшін кездейсоқ сойыл мен тастарды пайдаланып, құралдар жасауға көшті. Адам баласының ұлы жетістіктерінің бірі отты алу және пайдалану болды. Адам табиғат туралы діни ұғымдармен қатар аспан жарқыраулары жайлы, өсімдіктер мен жануарлар жайлы, қозғалыстар мен күштер жайлы және метеорологиялық құбылыстар жайлы нақты білімдерін байытты. Жинақталған білімдер мен практикалық дағдылар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, болашақ ғылымның алғашқы фонын құрады.
Егіншіліктің пайда болуы қоғамда шешуші рөл ойнады. Бір жерден жылдан – жылға тұрақты егін алу үшін жағдай жасалған жерде қоныс – мекендер, қалалар, одан кейін мемлекеттер құрыла бастады. Мұндай жағдайлар Солтүстік Африкада Ніл аңғарында пайда болды, мұнда жыл сайынғы су тасқындары егін даласында құнарлы лай қалдырып отырды. Осылай Тигр және Ефрат өзендерінің арасында б.э.д. IV мыңжылдықта заманауи ғылымның бесігіне айналған ежелгі құлиеленуші мемелекеттер құрыла бастады.
Қоғамдық қажеттіліктер жазу әліппесінің (Египеттегі иероглиф, Вавилондағы сына жазулар), астрономиялық және математикалық білімдердің пайда болуына алып келді. Осы күнге дейін сақталған Египеттегі ұлы пирамидалар б.э.д. III мыңжылдықта мемелекет көп адамдарды ұйымдастырып, материалдар есебін, жұмсалған жұмыс күші мен еңбекті жүргізгендіктерінің дәлелі бола алады. Бұл мақсаттар үшін арнайы адамдар мен ақыл – ой еңбегінің жұмысшылары қажет болды.
Ніл өзенінің тасу уақытын анықтау үшін мұқият астрономиялық бақылаулар қажет болған. Египеттіктер 30 күннен тұратын 12 айлық күнтізбе жасап шығарды, күнтізбеде қосымша 1 жылға тағы 5 күн қосылды. Айлар үш он күндікке, тәулік 24 сағатқа бөлінді.
Вавилондық математика және астрономия жоғары дәрежеге жетті. Вавилондықтар Пифагор теоремасын білді, квадрат және квадрат түбірлерді, куб және кубтық түбірлерді есептеп шығарды, теңдеулер жүйесі мен квадрат теңдеулерді шығара алды. Тарихшылардың ойынша вавилондық математика египеттік математикаға қарағанда жоғары дәрежеде болған. Бірақ геометрия аумағында вавилондықтарға қарағанда египеттіктер өте жоғары дәрежеде болған.
Астрономия жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі алғашқы ғылым саласы болды. Астрономияның дамуы үшін математика қажет болған, ал құрылыс практикасы механиканың дамуына себепкер болды. Құрылыс жұмыстары кезінде қарапайым механизмдер құрамасы: рычагтар, катоктар (асфальт тегістейтін каток), көлбеу жазықтықтар қолданыс таба бастады. Яғни практикалық қажеттіліктер өмірге ғылыми білімнің: арифметика, геометрия, астрономия, механиканың және т.б. жаратылыстану ғылымдарының нышанын алып келді.
Ғылым тарихы және мәдениет ұғымдарының бастапқы кезеңдері аса жоғары екендігін атап өткен жөн. Тарихшылар египеттік және вавилондық математикаға кездейсоқ үлкен мән бермеген. Мұнда математиканың нышаны геометрияның негізі қаланған. Египет пен Вавилонда адамдар алғаш рет жұлдызды аспанды, Күн, Ай және аспан денелерінің қозғалысын, аспан жарқырауларын бақылауды үйреніп, уақыт өлшемінің негізін жасап, алфавиттік жазудың негізін қалаған.

Ежелгі заман физикасы. Ежелгі ғылымның бастапқы этабы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет