Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Тірі организмдерді және олардың қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін ғылым. Биология жанды нәрселерде тіршіліктің барлық көріністерімен айналысады. Биология ғылымы тірі организмдердің құрылысын, функциясын, өсіп - жетілуін, шығу-тегін, эволюциясы мен Жер бетінде таралуын қарастырады. Бұл ғылым организмдердің классификациясын жасап оларды суреттейді, олардың функцияларына үңіледі, түрлердің қалай пайда болатынын сипаттаумен қатар организмдердің бір-бірімен қатынасын және табиғи ортасымен арақатынасын зерттейді.
Биология дегеніміз....
Пәннің мақсаты– тірі организмдер мен олар құрған қауымдастықтардың құрылысы мен функцияларын зерттеу, олардың шығу тегін, таралуын және дамуын зерттеу, тірі тіршілік түрлерінің бір-бірімен және жансыз табиғатпен байланысын сипаттау.
Пәннің мақсаты – тірі организмдер мен олар құрған қауымдастықтардың құрылысы мен функцияларын зерттеу, олардың шығу тегін, таралуын және дамуын зерттеу, тірі тіршілік түрлерінің бір-бірімен және жансыз табиғатпен байланысын сипаттау.