Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет20/81
Дата16.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#68281
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   81
Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді:
Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді.
Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады.
Делдалдық кәсіпкерлік – бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



1.

Меншік дегеніміз экономикалық категория ретінде:




A

мүлікті иемдену және шаруашылықта пайдалану жөніндегі адамдар арасындағы нақты қатынастар




B

заңдық құқықтар негізінде меншікті иемденіп алу




C

қоғамдық өндірістік факторлардың айырықша реттелетін формасы ретінде көрінетін заттар




D

адам еңбегімен жасалатын және толығымен өзіне қалатын игіліктер




E

жеке адамның дербес пайдалануында болатын заттар




2.

“Жер” факторына жатады:




A

барлық табиғи ресурстар




B

жердің өсуі және пайдалы қазбалар




C

тек шабындық жерлер, астық әкелетін




D

игілік жасалынатын табиғи заттар




E

жерден алынатын барлық игіліктер




3.

Жекешелендіру дегеніміз – бұл:




A

өндіріс объектілерін жеке азаматтарға беру процесі




B

жеке меншікті қайта құруға бағытталған мемлекет саясаты




C

мемлекеттік меншікті жеке немесе ұжымдық етіп қайта құру процесі




D

ел азаматтарына тұрғын үйлерді сату жобаларын әзірлеу және жүзеге асыру




E

ірі және ұсақ кәсіпорындарды нарық бағасымен сату сатып алу процесі




4.

ҚР мемлекеттік меншікті жекешелендіруді жүргізген кезеңдер:




A

екі үлкен кезең бойынша: 1990-1991 және 1991-1992 ж.




B

төрт кезең бойынша: 1990-1991, 1991-1992, 1992-1993, 1993-1994 ж.




C

үш кезең бойынша: 1991-1993, 1993-1995, 1995-1997ж.




D

1990 жылдан қазірге дейін




E

1990 жылдан 1997 жыл аралығында жыл сайын




5.

Нарықтық инфрақұрылымына кірмейтін мекемелер мен институттар

A

тауарлы, қорлы және шикізатты биржалар

B

арнайы жарнамалық агенттіктер

C

іскер орта ассоциациялары

D

орта және жоғары техникалық білім беру жүйесі

E

жоғары және орта экономикалық білім беру жүйесі




1

4 апта
№ 4
дәріс

4-дәріс. Экономикалық жүйелердің негізгі типтері мен олардың даму заңдылықтары


1.Экономиканы жүйелі тұрғыда қарастыру қоғамның экономикалық және оның әлеуметтік-экономикалық дамуы кезеңдерінің негізгі заңдылықтары.
2.Өндірістің бес тәсілі.
3.Экономикалық жүйе және оның элементтері. Экономикалық жүйелерді жіктеп анықтау.
4.Өтпелі экономика және оның негізгі сипаттық белгілері.
5.Әкімшіл-әміршіл экономикалық жүйенің нарықтық экономика ретінде өзгеруі.
1.Экономиканы жүйелі тұрғыда қарастыру қоғамның экономикалық және оның әлеуметтік-экономикалық дамуы кезеңдерінің негізгі заңдылықтары.
Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады.
Экономикалық жүйе қоғамның ерекше құрылымы белгілі елдің нақты жағдайындағы шаруашылық практикасынан туындайды. Кез келген елдің экономикасы үлкен, дербес жүйе ретінде қызмет етеді, онда шаруашылық әдістері, салты, орын алған құндылықтары, өзіндік өмірді түсінулері бейнеленеді.
Меншіктің әр түрлі формалары мен түрлерінің мәңдік қасиетгері экономикалық жүйелерде байқалады. Экономикалық жүйе халықтың шаруашылық практикасының накты жағдайында пайда болатын, қоғамның ерекше құрылымын бейнелеп көрсетеді. Мұнда халықтың шаруашылық дағдысы, дәстүр-салты, рухани қал-жағдайы, оның құрметтеп бағалайтын жәйттары және өмірге, дүниеге деген ерекшелік көзқарастары қамтылады. Міне осындай жағдайлардың өзі жүйелердің біркелкі болуын мүмкін етпейді, олар қашан болмасын нақты болады, өздері бейнелейтін мәдениетке сай келеді.
Экономикалық жүйенің ерекше қасиеттері болады, экономиканы реформалағанда солармен есептесу керек. Бір жақтан, экономикалық жүйе сыртқы ортамен зат және қуат айырбастасып отыратын ашық жүйе болады, әлемдік тәжірибе айырбасына кедергі жасамайды, өзінің элементтерін жаңаландырып отырады, т.б. Екінші жақтан, нақты өркениеттің мәдени құбылысының бір көрінісі ретінде, экономикалық жүйе, алдымен өркениеттің осы типін ұдайы өндіріуге мақсатталады. Сондықтан ол қатал, түйық жүйе болып әрекет етеді: бір экономикалық жүйеде пайда болған үлгінің, басқа экономикалық жүйелерде қолданылу мүмкіндігі төмен, шектелген болады. Бұл экономикалық жүйенің этникалық байланыстарын және оның өркениеттік тұтастығын бұзбай сақтауға көмек береді. Табиғи шек қоюшы тетіктер рөлін, осы қоғамның тұрақтылығын және оның өзін-өзі ұдайы өндіру қабілетін сақтауға ат салысатын, экономикалық жүйенің әдет-ғұрыптары, салты т.б. атқарады.
Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.

  1. Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет