Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді: Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді.
Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады.
Делдалдық кәсіпкерлік – бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1.
Меншік дегеніміз экономикалық категория ретінде:
A
мүлікті иемдену және шаруашылықта пайдалану жөніндегі адамдар арасындағы нақты қатынастар
B
заңдық құқықтар негізінде меншікті иемденіп алу
C
қоғамдық өндірістік факторлардың айырықша реттелетін формасы ретінде көрінетін заттар
4-дәріс. Экономикалық жүйелердің негізгі типтері мен олардың даму заңдылықтары
1.Экономиканы жүйелі тұрғыда қарастыру қоғамның экономикалық және оның әлеуметтік-экономикалық дамуы кезеңдерінің негізгі заңдылықтары. 2.Өндірістің бес тәсілі. 3.Экономикалық жүйе және оның элементтері. Экономикалық жүйелерді жіктеп анықтау. 4.Өтпелі экономика және оның негізгі сипаттық белгілері. 5.Әкімшіл-әміршіл экономикалық жүйенің нарықтық экономика ретінде өзгеруі. 1.Экономиканы жүйелі тұрғыда қарастыру қоғамның экономикалық және оның әлеуметтік-экономикалық дамуы кезеңдерінің негізгі заңдылықтары. Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады.
Экономикалық жүйе қоғамның ерекше құрылымы белгілі елдің нақты жағдайындағы шаруашылық практикасынан туындайды. Кез келген елдің экономикасы үлкен, дербес жүйе ретінде қызмет етеді, онда шаруашылық әдістері, салты, орын алған құндылықтары, өзіндік өмірді түсінулері бейнеленеді.
Меншіктің әр түрлі формалары мен түрлерінің мәңдік қасиетгері экономикалық жүйелерде байқалады. Экономикалық жүйе халықтың шаруашылық практикасының накты жағдайында пайда болатын, қоғамның ерекше құрылымын бейнелеп көрсетеді. Мұнда халықтың шаруашылық дағдысы, дәстүр-салты, рухани қал-жағдайы, оның құрметтеп бағалайтын жәйттары және өмірге, дүниеге деген ерекшелік көзқарастары қамтылады. Міне осындай жағдайлардың өзі жүйелердің біркелкі болуын мүмкін етпейді, олар қашан болмасын нақты болады, өздері бейнелейтін мәдениетке сай келеді.
Экономикалық жүйенің ерекше қасиеттері болады, экономиканы реформалағанда солармен есептесу керек. Бір жақтан, экономикалық жүйе сыртқы ортамен зат және қуат айырбастасып отыратын ашық жүйе болады, әлемдік тәжірибе айырбасына кедергі жасамайды, өзінің элементтерін жаңаландырып отырады, т.б. Екінші жақтан, нақты өркениеттің мәдени құбылысының бір көрінісі ретінде, экономикалық жүйе, алдымен өркениеттің осы типін ұдайы өндіріуге мақсатталады. Сондықтан ол қатал, түйық жүйе болып әрекет етеді: бір экономикалық жүйеде пайда болған үлгінің, басқа экономикалық жүйелерде қолданылу мүмкіндігі төмен, шектелген болады. Бұл экономикалық жүйенің этникалық байланыстарын және оның өркениеттік тұтастығын бұзбай сақтауға көмек береді. Табиғи шек қоюшы тетіктер рөлін, осы қоғамның тұрақтылығын және оның өзін-өзі ұдайы өндіру қабілетін сақтауға ат салысатын, экономикалық жүйенің әдет-ғұрыптары, салты т.б. атқарады.
Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.
Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.