Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет7/81
Дата16.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#68281
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   81
Гипотеза (гр. негізгі, жорамал) — белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын және тәжірибе түрінде тексеруді және сенімді ғылыми теория болып қалыптасу үшін теориялық негізді талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал.
Әдетте гипотеза өзін құптайтын байқауларға (мысалдарға) негізделе жасалады, сондықтан рас болып көрінеді. Гипотезаны аяғында не дәлелдеп ақиқатқа айналдырады, немесе одан (қарсы мысал келтіру арқылы) бас тартып алдамшы тұжырымдамаға жатқызады. Ал, бас тартпаған және дәлелденбеген гипотезаны ашық мәселе (проблема) деп атайды.гипотезаның пайда болуы ежелгі дәуірдегі математиканың дамуымен тығыз байланысты. Көне заман математиктері гипотезаны матем. есептер шешімін дәлелдеу әдісі ретінде ұсынды және алғашқы жобаның дұрыстығын тексеру мақсатымен олардан қорытынды жасайтын дедуктивтік ойлау әдістерін кеңінен қолданды. Платон гипотезаны ой қорытудағы абс. ақиқат сипатты қамтамасыз ететін дәлелдеудің синтет. талдау әдісі ретінде қарастырды.
6.Экономикалық заңдар мен категориялар. Экономикалық теорияның зерттейтін құбылыстарының мәні экономикалық категориялар мен заңдарда көрсетіледі.
Экономикалық категориялар дегеніміз – қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық ұғымдар. Мысалы: ақша, тауар, сұраныс, ұсыныс, капитал, өндіріс, несие, қаржы, жалақы, құн, баға және т.б. Экономикалық категориялар тарихи сипатта болумен қатар, қоғамдық формацияның қалыптасу, даму үрдісін сипаттайды.
Экономикалық заңдар – бұл адамдардың іс-әрекет қызметінің себеп - салдарлы байланыстарын көрсететін заңдар. Олар адамдардың іс-қызметінің нәтижесінде туындап, осы үрдіс арқылы жүзеге асырылады. Экономикалық заңдар әрқашанда объективті сипатта болады, яғни адамның еркі мен санасынан тәуелсіз туындап, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады. Экономикалық заңдар ерекше және жалпы болып бөлінеді.
Ерекше экономикалық заңдар – шаруашылық жүргізудің нақты тарихи нысандарының даму заңдары. Жалпы экономикалық заңдар - барлық тарихи даму кезеңдеріне тән заңдар.
Экономикалық заңдар мәңгі емес олар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туындап өзгеріп немесе жойылып кетеді. Олардың көпшілігі белгілі бір тарихи кезеңде әрекет етеді де кейін жаңа экономикалық заңдарға орын береді. Сондықтан адамдар өз еркімен дербес шешімдер арқылы экономикалық заңды жоққа шығарып оның орнына жаңа заңдарды шығара алмайды. Экономикалық заңдардың күшінің жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз қоғамдағы объективті экономикалық үрдістердің өзгерісімен тікелей байланысты.
Алайда экономикалық заңдар өздігінен адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше олар тек адамдардың іс - әрекеттері негізінде ғана қалыптасып көрініс алады. Демек, экономикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен, олардың іс - әрекетінен тәуелсіз емес. Адамдар экономикалық заңдарды танып біліп олардың объективті талаптарына сай шешімдер қабылдайтын болса ғана заң жүзеге асады. Бұл талаптарға қайшы келетін кез – келген әрекет сөзсіз шаруашылық жүргізудегі қиындықтарға, орынсыз шығындарға соқтыратыны даусыз. Нарықтық қатынастарға өту мен оларды дамыту жолында айтылғандарды қатаң ескеру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет