Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)


Дәріс тақырыбы: Тілдің лексика жүйесі мен құрамы. Сөздік құрамның стильдік қабаттары



бет43/72
Дата29.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#144810
түріҚұрамы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72

Дәріс тақырыбы: Тілдің лексика жүйесі мен құрамы. Сөздік құрамның стильдік қабаттары

Бір тілде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығын тіл ғылымында лексика (гректің lexiros – сөздік) немесе сөздік құрам, ал сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолданылу қабілеттілігін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, сан қилы стильдік мәні мен сипатын қарастыратын ғылымды лексикология (гректің lexiros - сөздік + logos - ілім (сөз туралы ілім)) деп атайды. Лексика – тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады.


Осы «лексика» деген терминнің ұғымына тілдің жергілікті ерекшелігі де, сол бір тілдің говорлары да, диалектілері де енеді. Лексикалық құрамына енген сөздерді қарастыратын - лексикология, мағыналарын қарастыратын - этимология, сөздік жасау, сөздерді жүйелі түрде жинау ісін қарастыратын - лексикография кіреді. Бұған фразеология да іргелесіп отырады. Тіл ғылымының этимология, лексикология, семасиология, лексикография деген тараулары лексиканы қарастырады. Сонымен қатар лексика грамматиканың негізгі базасы болып табылады.
Грамматикалық категорияларды сөздің грамматикалық өзгерістерін, түрленуін, бір сөз бен екінші сөздің байланысын - оның негізгі обьектісі болатын - сөзден бөліп қарауға болмайды. Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалық жүйедегі алатын орнын, шығу төркіне қолдану қабілеттігін күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, стильдік мәні мен сипатын қарастыратын лексикология.
Лексикология тілдегі барлық сөздердің жиынтығын, сөз байлығын зерттейді, тілдің негізгі сөздік құрамының келелі мәселелерін түгел қамтып, оны егжей-тегжей түсіндіруді мақсат етеді.
Тарихи лексикологияның бір саласы - этимология. Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы күшті. Этимологиялық зерттеулердің екі түрлі проблемаға қатысы бар. Оның бірі - тіл мен тарих проблемасы, екіншісі - тіл мен ойлау проблемасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет