Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет45/72
Дата29.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#144810
түріҚұрамы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72
Ұғым және сөз.
Сөз – бір нәрсенің (заттың, құбылыстың, оның сынының, санының, қимыл-қозғалысының) атауы. Ол – тілдік бірлік. Әрбір атау (сөз) белгілі бір ұғымды, мағынаны білдіреді. Мысалы: жусан, жел, ақ, бес, жүгіру т.б.
Сөздің екі жағы болады: бірі – оның сыртқы тұлғасы (дыбыстық жағы), екіншісі – ішкі мағынасы (ұғымы). Бұл екеуі тығыз бірлікте. Яғни сөздің сыртқы тұлғасы бар жерде оның ішкі мағынасы болады, ішкі мағынасы бар жерде оның сыртқы тұлғасы болады. Мәселен, жусан дегенді «ащы дәмді, бозғылт түсті шөп» деп ұқсақ, мұндағы жусан сөздің сыртқы тұлғасы – ж, у, с, а, н дыбыстарының тіркестерінен құралып тұр. Ал «ащы дәмді, бозғылт түсті шөп» деген – оның ішкі мағынасы. Бұлар бірінсіз бірі болмайды, екеуі ылғи бірге жүреді.
Тілімізде үшін, және, дейін, соң деген сияқты шылаулар да кездеседі. Бұлар да сөздер. Шылаулардың жоғары сөздерден айырмашылықтары – бұларда атауыштық (бір нәрсені атағандық) мән болғанымен, бір нәрсе туралы ұғым жоқ. Олар бір сөзді екінші сөзбен байланыстырады. Мысалы: Оспан және Омар, оқу үшін келді т.б. Қазақ тіліндегі шылау, одағай, көмекші сөздер, модаль сөздер, белгілі дәрежеде есімдіктер ұғымды білдірмейді, себебі олар материалдық ақиқат өмірдегі зат, құбылыс ұғымдарымен тікелей байланысты емес.
Сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз грамматикалық амал-тәсілдер арқылы туатын, сөздің бірыңғай топтары мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән, жинақталған дерексіз мағына. Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасы негізінде туады, бұл екеуінің арасында тығыз байланыс бар. Лексикалық мағынамен қатар жарыса қолданылып, оны айқындап, саралап отырады. Әдетте, сөздің бірнеше грамматикалық мағынасы болады, бірақ ол грамматикалық мағыналардың бәрі де бір лексиалық мағынаның негізінде туады немесе өрбиді. Сөздің грамматикалық мағынасының пайда болу жолдары, түрлері грамматикада қарастырылады да, сөздердің лексикалық мағыналары, олардың типтері, белгілері лексикологияда қарастырылады.
Сөздердің лексикалық мағыналары мынадай төрт негізгі типке бөлінеді: а) сөздің атауыш (номинатив) мағынасы немесе тура мағынасы; ә) сөздің шығу тегіне байланысты туған лексикалық мағынасы. Бұған сөздің түпкі мағынасы мен, туынды мағынасы және омоним, синоним, антоним мағыналары жатады; б) сөздердің тіркесу сипатына байланысты туған лексикалық мағыналары. Оларға еркін және байлаулы (еркін емес) мағыналары немесе сөздің еркін мағынасы, фразеологиялық байлаулы мағыналары және синтаксистік шартты мағыасы; в) сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналары. Оларға сөздердің бейтарап және бейнелі мағыналары және терминдік мағыналар жатады.
Осы көрсетілген қазақ тіліндегі сөздердің лексикалық мағыналарының типтік топтары сөздердің шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарға қатыстылығы, сөздердің тарихи шығу тегі, сөздердің өзара тіркесімділігі, сөздердің стилистикалық қызметі сияқты төрт негізгі белгіге байланысты қалыптасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет