Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет21/72
Дата10.10.2022
өлшемі205,02 Kb.
#42209
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72
Байланысты:
лекция ТБК 1 семестр

Нигеро-конголез тілдері.


Одан кейінгі ірі тіл жанұясы тропикалық Африкаға тұтастай таралған. Бұларды нигеро-конголез тілдері деп атайды. Оның ішінде ірі тіл жанұялары бар:
1) банту (бенуэ-конго)
2) ква
3) адамуа
4) индиго тіл жанұялары бар. Осы тіл макро жанұясына ніл-сахара тіл макро жанұясының жақындығы бар. Бұған шари-ниль, сахар, судан тіл жанұялары кіреді. Бұл тілдердің екі жанұясы енді нострат тілдеріне жақындасады.
Сондықтан аталған жанұялардың таралуын төмендегідей сипаттауға болады. Нострат тілдері басқа тіл макрожанұяларының ішінде нигеро-конголез және ніл-сахара тілдеріне ең жақын келеді. Яғни бұл халықтардың айырмасы соңғы екеуі негртұрпатты нәсіліне жатады, яғни бұл халықтардың арғы тегі негртұрпатты нәсілінен болған, нострат тілі жанұясы кезінде европойд нәсіл қалыптасады, бұл кейін олар Еуразия құрлығына өткесін болған өзгерістер. Әдетте бұл екі нәсіл жақын деп есептеледі. Ал монғол нәсілділердің тілдері алғашқыда палеоазиат тілдерінен көрінеді. Олар Еуразия құрылығына ертерек барған одан бұрынғы миграцияның ұрпақтары. Алтай тілдерінің (бастапқыда европалық) кейбір өкілдері (монғолдар, жапондықтар, корейлер) олармен монғолтұрпатты тектермен көп араласқаны байқалады. Түркі халықтары бұлардың арасындағы тым аралас нәсілге жатады. Палеоазиат тілдері негізінен қазір Кавказда сақталған және Оңтүстік-шығыс Азияда шоғырланған. Енді бұларға жақын келетіні Австралиялық тілдер. Бұл тіл жанұясы аустронезия, тасмания тіл жанұяларынан құралады да аустралиялық нәсілге жатады. Бұлар Оңтүстік-шығыс шығыс Азиядан Индонезияға одан Автралияға және мұхиттық аралдарға қарай тарала көшкен алғашқы миграцияның ұрпақтары.
Енді басқа тіл макрожанұяларының ішінен Америкалық үндістердің тілдерін бір макрожанұяға топтастырады. Оған на-дене тілдері енбейді, олар соңынан барған. Яғни бұдан 10 мың жыл бұрын негізінен Беринг бұғазы арқылы Америкаға алғаш аяқ басқан тайпалардың ұрпақтары болып саналады. Негізгі нәсілі амер-индиялық болып табылады. Бұл америкалық үндістердің тілдері де өз кезегінде көптеген тіл жанұяларына бөлінеді.
Енді қалған үш тіл макрожанұясы туралы пікірлдер көп. Бірі Африкадағы койсан тілдері. Оларда алғашқы тілдің белгілері көп сақталған және ешбір тілге ұқсамайды. Сондықтан оларды ешқайда көшпей өз шыққан жерлерінде қалған тайпалардың ұрпақтары деп түсінуге болады. Келесісі - пауас тілдері (үнді-тынық мұхит жанұясы), және австротай (вьетнам, лаос, индонезия, май, яван т.б.) тілдері. Бұлар өз атамекенін (Африканы) ең алғаш тастап шыққан тайпалардың ұрпақтары болса керек деп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет