Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет32/72
Дата10.10.2022
өлшемі205,02 Kb.
#42209
түріҚұрамы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72
Байланысты:
лекция ТБК 1 семестр

Дыбыстың созылыңқылығы дірілдің санымен қоса дыбыстың созылу уақытына байланысты. Орыс тілінде екпінсіз буындағы дауысты дыбысқа қарағанда, екпін түскен буындағы дауысты дыбыс созылыңқы, ашығырақ айтылады. Көптеген тілдерде, мысалы, қырғыз, ойрат, түрікмен, хақас, тува, неміс, ағылшын, француз тілдерінде екпін созылыңқы дауыстыға да, қысқа айтылатын дауыстыға да түсе береді.
Дыбыс әуені туралы мәселе дыбыс түрлерімен байланысты. Дыбыс толқынын тудыратын дірілдің қозғалысы күрделі болады. Ол негізгі тон мен бірнеше көмекші тондардың қосындысынан жасалады. Көмекші тон парциалды тон немесе обертон деп аталады. Дыбыстың әуені осы аталған обертондардың санына және олардың дыбыс ырғағы, дыбыс күшіжағынан негізгі тонмен арақатысына байланысты болады.
Дірілдің өзі түрліше болады дедік Дірілдің ритмикалы және ритмикалы емес деп аталатын түрлері болады. Егер дірілдің саны уақыт единицасының бойында өзгермей тұрақты болып қалса, ондай діріл ритмикалы діріл (немесе біркелкі діріл) деп аталады. Ал, егер уақыт единицасының бойында дірілдің саны өзгеретін болса, ондай діріл ритмикалық емес діріл (немесе біркелкі емес діріл) деп аталады. Ритмикалық дірілдің нәтижесінде тон жасалып пайда болады. Бұған сөйлеу кезінде ауыз қуысы мен мұрын қуысын толтырып тұратын дауыс шымылдығы мен ауаның дірілі жатады. Ритмикалы емес дірілдің нәтижесінде салдыр пайда болады. Бұған еріннің, тілдің, кішкене тілдің дірілі және сөйлеу мүшелерінің біріне-бірінің жуықтасып немесе түйісіп тұруынан жасалған дыбыстар жатады. Егер діріл ритмикалы болса, ондай дыбыстық толқын музыкалы тонның пайда болуына әкеледі де, ритмикалы болмай, үзілмелі болса, салдырдық пайда болуына әкеледі.
Сөйлеу тілінде әуен (тембр) туралы ұғым, ең алдымен, дауысты дыбыстар туралы мәселемен байланысты. Есту мүшесі дауысты дыбыстарды бір-бірінен әуені (тембрі) жағынан ажыратады. Дауысты дыбыстарға тон тән болады да, дауыссыздарға, негізінен алғанда, салдыр тән болады.
Дыбыстардың жасалуы үшін резонанс айрықша қызмет атқарады. Резонанс жан-жағы тұйықталып бітелген ауа бар жерде пайда болады. Ауыз қуысында әртүрлі тәсілдер арқылы дауыстылардың әуені жасалады. Жұтқыншақ қуысы да белгілі дәрежеде резонаторлық қызмет атқарады, ауыз қуысымен бірге дауыстылардың әуенін жасауға қатысады. Мұнымен бірге, мұрын қуысының да резонаторлық қызметі бар.
Тіл дыбыстарын және олардың артикуляциялық жақтарын түсіну үшін, дыбыстау мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін жете білу қажет. Дыбыстау мүшелері мыналар: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, таңдай, тіс, ерін т.б. Дыбыстау мүшелерінің жиынтығы сөйлеу аппараты (речевой аппарат) деп аталады.
Тіл дыбыстары өкпедегі ауаның сыртқа шығуынан жасалады. Бірақ олар өкпедегі ауаның жай ғана шыға салуынан жасалмайды, ол үшін сөйлеу аппаратының қатысуы шарт. Анығырақ айтқанда, тіл дыбыстары өкпедегі ауаның сөйлеу аппаратының қатысуы арқылы сыртқа шығуынан жасалады. Дыбыстау мүшелері ауа жүретін каналдың бойына орналасқан. Өкпеден шыққан ауа тыныс алатын кеңірдектің өкпеге қосылатын тарамдарынан тамаққа, одан көмейге, көмейден жұтқыншақ қуысына келеді, одан әрі ауа не мұрын қуысы, не ауыз қуысы арқылы өтеді.
Дыбыстарды айтуда, әсіресе, дауыс шымылдығы мен тіл ерекше қызмет атқарады. Дауыс шымылдығы көмейде болады. Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болады да, үн шығады. Ал, егер дауыс шымылдығы жиырылып тұрса, онда діріл пайда болмайды, сондықтан да үн де шыға алмайды. Дауысты дыбыстар осы аталған дауыс шымылдығының дірілінен пайда болады.
Көмейдің үстіңгі жағында жұтқыншақ қуысы болады. Ол ауыз қуысы және мұрын қуысымен жалғасып жатады. Дыбыстардың айтылуында ауыз қуысы мен мұрын қуысы резонаторлық қызмет атқарады. Кейбір үнді дауыссыздар (м, н, ң) мұрын қуысы арқылы жасалады. Дыбыстардың басым көпшілігінің жасалуында, әсіресе, ауыз қуысы айрықша қызмет атқарады.
Ауыз қуысындағы мүшелердің ішінде ең басты қызмет атқаратын мүше – тіл болады. Тілдің бірде ілгері, бірде кейін жылжуынан, бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның артқы шені мен орта шенінің немесе ұшының қимылынан әртүрлі дыбыстар жасалады. Мысалы, тілдің ұшы жоғарғы тіске тиюінен тіс (немесе денталь) дыбыстары (т, д...), ал тілдің артқы шенінің артқы таңдайға тиюнен немесе жуықтауынан тіл арты (қ, ғ, к, г) жасалады.
Тіл дыбыстарының артикуляциясына айрықша қатысы бар дыбыстау мүшелерінің бірі – ерін. Еріннің дауысты дыбыстардың (о, ө, у, ұ…) жасалуына да, дауыссыз дыбыстардың (м, п, б..) жасалуына да қатысы бар . Еріннің сүйірленіп дөңгеленуінен еріндік дауыстылар (о, у, ө…) жасалса, екі еріннің өз ара жымдасуынан ерін дауыссыздары немесе билабиаль дыбыстар (м, б, п…) жасалады. Астыңғы еріннің үстіңгі тіске тиюінен немесе оған жуықтауынан лабиаль –денталь дыбыстар (ф, в) жасалады.
Сонымен, тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Дыбыстау мүшелерінің әрқайсысының белгілі бір қызметі болады. Бірақ олардың әрқайсысының қызметі өз алдына жеке дара болмай, бірінің қызметі екіншісіне бағынышты және өз ара тығыз байланысты болады.

Дәріс тақырыбы: Тіл дыбыстарын жіктеу принципі. Тіл дыбыстарының өзара қарым-қатынасы. Фонема ұғымы


Тілдердің барлығында да дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп екі топқа бөлу - ертеден келе жатқан дағды. Дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп топтастырудың тіл білімінде ұзақ тарихы болғанымен, бұлайша топтастыруға негіз болатын басты белгілер әлі де болса жете айқындалмай келеді. Бұл мәселе жайында жалпыға бірдей ортақ көзқарастың жоқтығы да осыдан болып отыр.
Дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп топтастырғанда, олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары да еске алынады. Олардың төмендегідей айырым белгілері бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет