Ислам дәуіріндегі әдебиет (X-XIIғғ)Әбу Наср әл-Фарабидің өмірімен шығармашылығы.Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмат»(«Ақыл кітабы») Жоспары: Х – ХІІ ғғ - дағы әдебиеттің дамуы.
Әбу Насыр әл Фарабидің әдебиетке қосқан үлесі.
Әл – Фарабидің трактаттары.
Әбу Наср әл-фараби –Қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым , ойшыл, философ, математик, әдебиет пен музыка зерттеушісі. Дүние жүзілік ғылым мен мәдениеттің Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ғалым. Әл-Фарабидің философия, этика, логика, тіл білімі, әдебиеттану, музыка, т.б. салалар бойынша жазған зерттеулері. Әбу-Насыр әл-Фараби- ақын. Ақынның поэзиялық мұрасы.
Әл-Фараби мұрасын зерттеуші қазақ ғалымдарының /А.Машанов, А. Қасымжанов, А.Көбесов, т.б./ еңбектері.
Философиялық трактаттары: «Данышпандықтың інжу маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не білу керек», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме» т.б.
Әл-Фарабидің қоғамдық, әлеуметтік және этикалық мәселелер жөніндегі зерттеулері: «Қайырымды қала тұрғандарының көзқарастары», «Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жайында» т.б.
Тест:
Әл-Фарабиді өлең табиғатын терең зерттеуші ғұлама –ғалым ретінде танытатын шығармаларының бірі
А. «Өлең кітабы»
В. «Өлең өнерінің қағидалары туралы тракат»
С. «Өлең өнері»
D. «Музыканың ұлы кітабы»
Е. «Өлең ырғағы туралы сөз»
2. Шейх Әбу Наср әл-Фарабидің аты Мұхаммед ибн Тархан болып,шыққан тегі Түркістанның Фараб деген жерінен екен деген пікірді айтқан орта ғасыр ғалымы
А. Захируддин әл-Байхакий
В. Жамолуддин ибн әл-Кифтий
С. Әбу Әли ибн Сина
D. Ибн Әби Усайба
Е. Ибн Халликон
3. Абайдың нешінші қара сөздерінде арнайы сөз болып, талқыланатын ақыл, қайрат, жүрек жайлы философиялық мағынадағы ойларының бастау алар көзі Фараби еңбектеріңде жатыр.
А. Бесінші,он екінші
В. Отыз екі,он үшінші
С. Он төртінші, Он жетінші
D. Қырық бірінші,жиырма алтыншы
Е. Жиырма сегізінші оныншы
4. Әбу Наср Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдадқа баруының сыры неде
А. сол кездегі Бағдад халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған.
В. Бағдад шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған.
С. Бағдадта “Баит әл-хакма” атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған.
D. Бағдад қаласында Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен
Е. Барлық жауабы дұрыс
5. Фарабидің алғашқы ұстаздары
А. Ислам дінін ұстанған мұсылмандар
В. Котолик дінін ұстанғандар
С. Иса пайғамбарды “құдайдың баласы” демей, “пайғамбар” деп таныған несториандық христиандар болған
D. «Құдайды жоқ»- деп есептеген атеисттер
Е. Будда дінін ұстанушылар
6. Әл Фарабидің «Китаб ашшеьер» (Өлең кітабы) қай университеттің кітапханасында сақталған
А. Америка
В. Лондон
С. Париж
D. Братислава
Е. Қырғыстан
7. «Трагедия дегеніміз-арнайы өлшем бар ,бәріне –тыңдаушыға һәм айтушыға да ләззат беретін поэзия түрі» деп анықтама берген ғалым
А. Н.Келімбетов
В. Әл – Фараби
С. А.Байтұрсынов
D. Сайф Сараи
Е. Баласағұн
8. Әл Фарабидің еңбегін көрсетіңіз
А. «Азаматтық саяхат»
В. «Өлең сөздің патшасы»
С. «Әсемпаз болма әрнеге»
D. «Өнер ғажап»
Е. «Өнер ғажап»
9. «Музыканың ұлы кітабы» атты еңбектің авторы
А. Әл Фараби
В. Баласағұн
С. Қорқыт
D. М.Әуезов
Е. Сайф Сараи
10. Әл Фараби қай жылы дүниеге келген
А. 870
В. 888
С. 890
D. 812
Е. 670
Сұрақтар:
1.Әл-Фарабидің әдеби мұрасы.
2.Әл-Фараби - әдебиетші, ақын.
3. Әбу Наср әл-Фарабидің философиялық трактаттары
4. Әбу Наср әл-Фараби әдебиет зерттеушісі.
5. Әбу Наср әл-Фарабидің өмірімен шығармашылығының қазіргі таңда алар орны.
6. Әбу Наср әл-Фараби әдебие мұрасының мәні.
«Диуани хикмет».
Қожа Ахмет Иассауи – сопылық әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, есімі ислам әлеміне мәшһүр болған ойшыл қайраткер. Ахмет Иассауи дүниетанымының жалпы желісін екіге бөліп қарастырған жөн. Біріншісі –моральдық-этикалық,ал екіншісі –сопылық хикметтер деп атауға болар еді.
«Диуани хикмат»(«Ақыл кітабы») - түркі халықтарының XII ғасырдан сақталған әдеби ескеткіші. «Даналық кітабы» зерттеуші М.Ф.Кепрюлю-заде, А.К. Боровков, А.Н.Самойлович, Е.Э. Бертельс, Э.Р.Рустамов, Н.М.Маллаев, Г.Ф. Благова, т.б.
«Диуани хикматтың» қазақ тіліне тәржімалануы: М.Жармұхамедұлы, С.Дәуітұлы,М.Шафиғи, Б. Сағындықов, т.б.
«Диуани хикмат» - исламның дін-шариғат жолдарын дидактикалық мазмұнда поэзия тілімен бейнелеген жыр жинағы. «Данадық кітабы» адамзатты туыстыққа, бауырмалдыққа, ізгілікке, имандылыққа шақырып, мұсылман дінінің қағида, шарттарын, Алланы танудың жолдарын баяндайды. Ахмет Иассауи «Ақыл кітабында» «Аллаға жақындай түсу үшін » әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі-шариғат.
«Шариғат –ислам діні қағидалары меншарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі –тариқат.«Тариқат»- дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады.Үшіншісі –маръифат. «Маръифат»-негізінен дін жолын танып білу,түсіну. Төртіншісі –хақиқат. «Хақиқат»- Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы. Сондықтан сопылық түсінік бойынша, шариғатсыз-тариқат, тариқатсыз –маърифат, маърифатсыз –хақиқат болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады.
«Диуани хикматтағы» сопылық ағымның философиялық ой-пікірлері: әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмірінің таза болуы, т.б.
Тест:
1. Қожа Ахмет Йассауи хикметтеріндегі «ғашықтық» сөзі кімге арналған
А. Аллаға
В. Жарына
С. Қызына
D. Отанға
Е. Анасына
2. Қожа Ахмет Йассауидың шығармасы
А. «Құтты білік»
В. «Ақиқат сыйы»
С. «Диуани хикмет»
D. «Диуани лұғат ат түрік»
Е. «Бақырғани кітабы»
3. Қожа Ахмет Йассауи ақынның анасы
А. Айна
В. Қарлыға
С. Қарашаш
D. Айша
Е. Балжан