Лиро эпос Эпос (грекше, eposn әңгімелу, тарихтап айту)



Дата27.11.2023
өлшемі10,43 Kb.
#129379
Байланысты:
Сөж(әдебиеттануға кіріспе) (1) (1)


Лиро эпос
Эпос (грекше, eposn - әңгімелу, тарихтап айту) – көркем әдебиеттің байырғы негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мол қамтып, кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі күрделі жанр. Эпостың туу, қалыптасу тарихы адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр. Қай халықтың болсын баяғы бабалар заманынан бері қарай ауыздан-ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып келе жатқан әдеби туындылардың дені-эпостық жырлар.Эпостық шығарманың арқауы – автор үшін ішкі субъективтік шындық емес, сыртқы объективтік шындық. Жекелеген адамдардың көңіл-күйі ғана емес, бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігі, тарихи тағдырлары мен ұлттық адам заңдылықтары.Лиро-эпос – лиро –эпикалық жанр, лирикалық әрі эпикалық тұрғыдан жасалған көркем әдеби шығарма. Лиро-эпостық шығарманың қаһармандары қарапайым, сүйіспеншілікке берілген нәзік сезімді, азаттық үшін күрескер жандар болып келеді.Лиро-эпостық поэмаларда ғашықтық, мұңды армандар, сүйіспеншілік, ынтызарлықтар жырланады. Бұл поэмаларда ерліктен гөрі мұңлық – зар басым болып келеді.Лиро-эпос та халық арасында көп замандар ауыздан-ауызға көшіп, біреуден – біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп, баспаға іліккен.Батырлар жыры сияқты лиро-эпостың да нұсқалары көп.Талай ғасырларды басынан кешіргендіктен, лиро-эпостардың да негізгі желісіне басқаша бір оқиғалар, эпизодтар қосылуы кейде бір нұсқада бар көріністер, екіншісінде болмауы кейде шығармаларда суреттелетін оқиғалардың шиеленісі, шарықтау шегі мүлдем өзгеше болуы да ықтимал.Батырлар жырымен салыстырған, сүйіспеншілік, махаббат тақырыбындағы жырларда халықтың тұрмыс-салты, әдет – ғұрпы, адамның ішкі сезімі молынан баяндалады. Бұлардың лиро-эпос деп аталуы да сондықтан.Қазақ лиро-эпостық шығармаларын үлкен-үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның біріншісі – қазақ халқының тума шығармалары. Олардың бір тобы халық арасына кең тарап баспа бетінде жарияланып үлгерсе («Қозы Көрпеш - Баян – сұлу», «Қыз Жібек», «Айман Шолпан»), тағы бір тобы қолжазба күйінде Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасында сақтаулы. Екінші топқа шығыстың классикалық әдебиетінің сюжетінің негізінде жасалынған «Ләйлі-Мәжнүн», «Тахир- Зухра», т.б. хикаялар жатады. Ә. Қоңыратбаев өзінің «Қазақ фольклорының тарихы» деген еңбегінде де осы пікірді қолдайды.
Лиро-эпостық жырлардың жариялану тарихында Қазан төңкерісіне дейін орыс ориентанистері В.В Радлов, И.Н.Березин, Г.Н. Потанин т.б. еңбек етті. Ал қазан төңкерісінен кейін бұл бағытта М.О. Әуезов, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев т.б. зерттеушілердің еңбегі бар.Лиро-эпос ескі әдет-ғұрып нормаларына негізделген күрделі жанр болып табылады. Мысалы, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында қазақ халқының өте ертедегі «еже-қабыл» салты (ата-аналары әлі өмірге келмеген сәбилерді атастырып, белқұда болып қояды), «Қыз Жібек» жырында қазақ халқының көшпелі өмірі мен әмеңгерлік, «Айман-Шолпан» жырында барымта салты көрініс тапқан.«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры – ел арасына ең көп тараған, қазақ лиро-эпостық жырлар арасындағы көне ғашықтық жыр. Жырда тұрмыс-салт жырларының үлгілері – жар-жар, қоштасу, естірту, жоқтау – сияқты түрлері кездеседі.
Мысалы, жырда Сарыбайдың өлімін Тазша өзінің түсі арқылы естіртеді. Жыр кейіпкерлері Ай мен Таңсық әкелері Қарабай көшкенде ел-жұртымен, ағайын-туыспен, атамекенімен жыр арқылы қоштасады. Тазша Сарыбайдың өлімін естірте келіп, жыр соңында Сарыбайдың бәйбішесіне өлеңмен көңіл айтады. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының оқиғасы екі топтың арасындағы тартысқа – жақсылық пен жамандықтың тартысына құрылған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет