Орта ғасыр философиясы: орта ғасыр христиан философиясының кезеңдері мен белгілері



бет1/8
Дата14.10.2023
өлшемі31,89 Kb.
#114065
  1   2   3   4   5   6   7   8

Орта ғасыр философиясы: орта ғасыр христиан философиясы

ОРТА ҒАСЫР ФИЛОСОФИЯСЫ:

ОРТА ҒАСЫР ХРИСТИАН ФИЛОСОФИЯСЫ

1. ОРТА ҒАСЫР ХРИСТИАН ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ


  • Орта ғасыр философиясы V-XV ғғ. арасындағы кезеңді қамтыды. Діни көңіл-күйдің өсуі, діни билік институттарының қалыптасуы – орта ғасырдың өзіндік ерекшелігі. Бұл уақытта пұтқа табынушы көп құдайлықтың (политеизм) орнына нақты бір құдайға (монотеизм) табынған дін – христиандық өмірге келді.

  • Христиан діні ортағасырлық Еуропада құдайдың өз мәнінде әлем орталығы болатынына назар аударған дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырды. Ол екі түрлі негізге: а) христиан философиясының болмыс (онтология) туралы ілімінің негізінде жатқан жарату идеясына; б) осы философияның негізін қалыптастыратын таным туралы ілім – ашылу идеясына сүйенді.
    • Теоцентристік (грекше theos – құдай деген сөз) барлық ғаламның бастауы мен себебі Құдайға таңылатын әлем түсінігі. Ол – ғаламның орталығы, оның белсенді, жасампаз негізі. Теоцентризм таным үдерісіне де әсерін тигізді, осыған байланысты ғылымның ең жоғарғы сатысына теология –



Бұл уақыттағы философияның барлық сұрақтары теоцентристік,

креационистік және провиденциалистік бағытта шешімдерін тапты.

Құдай туралы «ғылым» көтерілді; одан төмен теологияға қызметші болатын

философия; одан да төменіректе әр түрлі жеке қолданбалы ғылымдар орналасты.

1. ОРТА ҒАСЫР ХРИСТИАН ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ


  • КРЕАЦИОНИСТІК (латынша сrеаtіо – жарату деген сөз) Құдай жоқтан өткінші, ауыспалы, шіріген өлі және тірі табиғатты жаратты дегенге сәйкес келетін діни ұстаным.

  • ПРОВИДЕНЦИАЛИЗМ (латынша рrоvіdentіа – құдірет, құдіретті күш деген сөз) барлық оқиға, құбылыстарды соның ішінде тарих пен жеке адамның мінез-құлқын құдіретті күш басқарады дегенге сәйкес келетін ой-пікірлер жиынтығы (құдірет, құдіретті күш –діни түсінік бойынша Құдай, ең жоғарғы Дараның іс-әрекеті).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет