Дәріс тезистері №апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс №1 дәріс (дәріс тақырыбы) Кіріспе. Су. Судың химиялық, физикалық қасиеттері. Су молекуласы



бет7/13
Дата06.03.2023
өлшемі135,76 Kb.
#72122
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
HOCl↔H++OCl
Озон өте күшті тотықтырғыш Озонның органикалық заттар мен қоспаларды ыдырату қабілеті жоғары:
H2S+O3↔S+O2+ Н2О
H2S+4O3↔3H2SO4
CN+O3↔CNO+O2
Активтелген көмірмен сорбциялау еріген және қалқымалы заттардан, органикалық заттардан тазартудың ең тиімді әдістерінің біріне жатады. Сорбцияның үш түрі қолданылады:
Адсорбция – қатты сорғыш заттың беткі қабатына заттың сіңірілуі.
Абсорбция – сорбенттің бойына сіңірілетін заттың диффузиялану ерқылы ерітінді түзе сінірілуі. Абсорбцияның сорғыш заты – сұйықтық болып табылады.
Хемосорбция – сіңірілетін заттың сорбентпен химиялық әрекеттесуімен өтетін адсорбция. Хемосорбция Mg, СО2, NН3 т.б. заттардан тазалауда қолданылады.
Коллоидтық және ірі дисперсті қосылыстардан тазалау мақсатында суды өңдеу жарықтандыру деп аталады. Суды коагуляциялау арқылы жарықтандырады.
Коагуляция дегеніміз- дисперсті бөлшектердің өзара әрекеттесіп, агрегатқа бірігуі. Коагулянттар гидролизге ұшырап, жоғары құрылысты адгезиялық қасиеттері бар қосылыстар түзеді. Коллоидтық бөлшектер бірігіп, едәуір ірі бөлшектер түзеді, олар біртіндеп тұнбаға түседі. Суды тазалау технологиясында қолданылатын коагулянттар ерігенде широлизденеді. Бұл тұздар судағы гидроксил иондарымен әрекеттесіп, электролиттік диссоциация әсерінен аз еритін негіздер түзеді. Суда Н+ иондары жиналып, ерітінді қышқылдық болады. Гидролиз жылдамдығы келесі теңдеумен сипатталады:
V=Kr[Men+]*[Н2О]
Мұндағы, Krгидролиз константасы; Men+-коагулянт ерітіндісіндегі катиондардың концентрациясы; Н2О-ерітіндідегі судың концентрациясы.
Теңдеу бойынша гидролиз жылдамдығы коагулянттың катионының концентрациясына тура пропорционал.
Ауыз суды және ағызынды суларды тазалау практикасында коагулянт ретінде алюминийдің және темірдің тұздары қолданылады. Мысалы, Al2(SO4)3*18Н2О, Fe2(SO4)3, FeSO4*7Н2О, FeCl2*6Н2О әртүрлі жағдайларда гидролизденіп, аз еритін негіздер Al(OH)3 немесе Fe(OH)3 түзеді.
Коагулянттар әлсіз негіз және күшті қышқылдан түзілген тұздар, сондықтан олар суда сатыланып, гидролизге ұшырайды. Мысалы, Al(OH)3 былайшы жүреді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет